Сайтқа кіру Тіркелу

Сұлтанмахмұт Торайғыров

 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қай жылы, қай жерде туғаны жөнінде әр түрлі пікір айтылып жүр. Бұл айрықша зерттеуді қажет ететін жәйт, сондықтан біз баспасөз бетінде көп жылдар бойы басылып келген мәліметтерге сүйендік.

С. Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.

Спандияр Көбеев

Спандияр Көбеев

Спандияр Көбеев (1878-1956жж.)

Спандияр Көбеев 1878 жылы 1-октябрьде бұрынғы Торғай облысы Обаған болысында туған. Ол алғаш ауылдық мектепте, кейін Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің шәкірті, әрі жолын қуушы Спандияр ұстазының дәстүрлерін бекем ұстанды. Ол революцияға дейінгі кезеңде әрі педагогтік, әрі жазушылық қызметпен шұғылданады.

Мұхаметжан Сералин

 

М. Сералин бұрынғы Қостанай облысы, Қарабалық ауданында 1872 жылы туып, 57 жасында сол өзінің туған жерінде 1929 жылы қайтыс болған. М. Сералин көп жылдар бойы баспасөз майданында істеп, тұңғыш рет қазақ тілінде шыққан «Айқап» журналының әрі ұйымдастырушысы, әрі редакторы болды. Сондықтан да М. Сералиннің журналистік еңбегі қазақ мәдениеті тарихынан көрнекті орын алады.

«Айқап» журналы кейбір мәселелерді шешуде қате түсінікте бола тұрса да, негізінде прогресшілдік бағыт ұстап, сол кездегі қазақ қоғамының өзекті проблемалары жөнінде журнал бетінде бірсыпыра дұрыс  қорытындылар да жасай білді. Мәселен, ағарту, жер шаруашылығы, әйел теңдігі мәселелері, т.б.

Жаяу-Мұса Байжанұлы

 

Жаяу-Мұса туып өскен жері қазіргі Павлодар облысы, Баян ауданы. Әкесі Байжан кедей шаруа адам болған. Жаяу-Мұса жасынан өнерпаз, талапкер болып өседі. Дарынды баласының оқуға талпынған талабын әкесі қостамаса да, Мұса өз бетімен оқиды. Бұдан кейін Мұса Омбы қаласына барып орысша оқуға түседі. Сол қалада оқып жүрген кезінде – жаз айларында еліне келіп-кетіп жүріп, шонжар Шорман тұқымдарының парақорлығын, бұқараға көрсеткен зорлық-зомбылығын әшкерелеп газетке жазады.

Ахмет Байтұрсынұлы

 

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (Қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).

 

Артқа 1 2 3 4 Алға
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×