Тақырыбы: «Көру – моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту»
Сабақтың мақсаты: Көру арқылы баланың есте сақтау қабілетін дамыту
Сабақтың әдісі: Ойын жаттығулары, ертегі терапия элементін қолдану.
Сабақтың түрі: Жеке жұмыс, түзету - сабағы
Сабақтың өткізілу барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- баламен амандасу
- назарын сабаққа аудару
II. Жаңа сабақтың мазмұнымен таныстыру:
Көру – моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту үшін баланың үлгімен жұмыс істеуін ұйымдастыру қажет.
1. Алдымен бала тұрақты көру тірегімен үлгі ретінде жұмыс істейді, сосын үлгіге қарау уақыты 4 - 6 мин қазақ ертегісі «Қаңбақ шал» көрсетіледі. Осы уақытта бала видеороликтегі ертегідегі кейіпкерлерді, қолданылған заттарды есте сақтап қалуға тырысады. Содан соң оқушы есте сақталған бейнелерді пластилиннен мүсін жасау (лепка) арқылы орындайды.
Орындау барысында балаға көрсетілген ертегі арқылы сұрақтар қоя отырып, оның тек есте сақтау қабілетімен бірге логикалық ойлау қаблетін дамытуға болады.
Көру – моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту үшін сюжетті
ойындарды, материалдарды пайдаланып, жаттығулар ойлап табуға болады.
Вербалды - моторлы есте сақтау қабілетін дамыту – үшін көру - моторлы есте
сақтау қабілетін дамытуға арналған (жоғарыда айтылған) жаттығуларды көру
үлгісінің орнына ауызша суреттеме беру арқылы пайдалануға болады.
Мысалы: ауызша берілген суреттеме арқылы сурет салу.
Сергіту сәті
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да. (өзіне көрсетеді)
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да. (досына көрсетеді)
Шуақпен нұр төгіп (қолын жоғары көтереді)
Көңілді кетті көтеріп(шапалақтайды)
ІІІ. Рефлексия.
- Саған ұнаған кейіпкер кім?
- Несімен ұнады?
- Ұнаған кейіпкеріңнің үстіне мына алдыңда тұрған жүректің біреуін жабыстыр.
Көру – моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту
- indira789
- 10 ақпан 2017
- 4047
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Көру моторлы және көзбен есте сақтау қабілетін дамыту
Ұқсас жаңалықтар:
Түстер әлемі
Мақсаты: Балаларды негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру....Тіл кемістігі бар баланың тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы
Қызылорда қаласы «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар...Түрлі - түсті тақтайшалар
Атырау қалалық № 20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшаның Монтессори маманы. Ермекова Шаттық Нығыметқызы...Л дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту....Бейнелеу өнеріндегі ертегі кейіпкерлері
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің сызу және бейнелеу пәні мұғалімі Нұржан Ертореұлы Балов 4-сынып Сабақтың тақырыбы: бейнелеу өнеріндегі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.