Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалана отырып тілдік қорын дамыту
«Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе»
М. Жұмабаев
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Балалардың ойлауын, қиялын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.
Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Сонымен қатар сабақ үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып, отырған сабағына қызығушылығын арттырады, түсінуге мүмкіндік туғызады.
Қай елдің болсын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Себебі қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан сол мемлекеттің стандартқа сай, жан - жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір - бірімен астасып жатыр. Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу – тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез - келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.
Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізу керек. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі.
Қай сабақ болмасын, оқушыларды ізденіске шығармашылыққа баулуы керек. Бүгінгі күн талабы да мұғалімдерден осыны талап етуде. Оны жүзеге асырудың бірден - біржолы – сабақ процесінде ойын технологиясын тиімді пайдалану, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар олардың талабын ұштатастырып, ой - өрісін кеңейтуге, іздену қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді. Ойын технологиясын бір жүйеде оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізген дұрыс. «Ойын» технологиясының мақсаты – оқушыларға жаңа білім - білік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау.
Қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Себебі ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, қана қоймай ойлау қабілетін арттырады. Сөздік қорларын да молайтып, сауатты жазуға да баулиды және өтілген тақырыптарды меңгеруге үлкен әсер етеді.
Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу - жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру және тілдік қорын дамыту. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші роль атқаратын жұмыстың бірі – сөздік жұмысы. Осы сөздік жұмысты жүргізуде, бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше. Бала ойнай отырып, тілдік материалды меңгеру мақсатында сөздерді жаттайды. Сабақ баланың ақыл – ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі. Балалардың логикалық ақыл – ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөлінуі қажет. Бұл – сабақтың тартымды, қызықты болуының шарты, әрі балалар ондай сабақты зейін қоя тез ұғып алады. Ойындар грамматикалық, фонетикалық, лексикалық, орфографиялық болады. Олардың барлығы тілдік дағдының қалыптасуына әсер етеді.
Сабақта грамматикалық ойын түрлерін, дыбыстарды меңгерту мақсатында жиі қолдануға болады. Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Қазақ тілінің фонетика саласын оқытқанда әрбір жаңа тақырыпты өткізу барысында тақырыпқа сай әр түрлі әдіс – тәсілдермен шеберлікпен грамматикалық ойындарды ойнатуға болады. Фонетика саласы бойынша жүргізуге болатын ойын түрлері өте көп. Мысалы:
а). «Адасқан әріптер» ойыны
1. р, ш, а (шар)
2. е, т, е, р, к (терек)
3. м, қ, а, л, а (қалам)
4. ө, з, к (көз)
5. м, і, л, і, б (білім)
6. о, қ, л (қол)
7. қ, с, а, б, а (сабақ)
ә). «Кім шапшаң?» ойыны
1. А әрпінен басталатын қала аттарын ойла. /Мысалы: Ақтау, Астанат. б/
2. Б әрпінен басталатын тағам атаулары. /Мысалы: бауырсақ, бөлке, балмұздақ т. б./
б). «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылар дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дыбыс түрлерін ажыратуға дағдыланады.
в). «Ойлан тап» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушы буындар арқылы сөзді қатесіз, анық айтуға дағдыланады.
г). «Сөзді тап» ойыны. Ойынның мақсаты, оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
К К
К К
К К
(Жауабы; қызық, қазақ, қалақ, қырық, кесек, кезек,, кебек)
«Буын» тақырыбына мынадай ойын түрін қолдануға болады:
«Ойлан, тап»
1. Бір буынды, тұйық буынға мысал келтір.(ет, жап, шөп, хат)
2. «ла» буынына аяқталатын екі буынды сөз ойла. (айла, ойла)
3. «А» әрпінен басталып, «А» әрпінен аяқталатын бір буынды сөз ойла. (ала, ана)
4. «Т» әрпінен басталып, «Т» әрпінен аяқталатын бір буынды бітеу буынға мысал келтір.(торт, тат, төрт)
Лексика саласы бойынша:
1. «Кім тапқыр?» ойыны ішінде антоним сөздері бар мақал - мәтелдерді тауып жазу.
1. Үйдің......-..... қыс түскенде білерсің.(ыстық - суығын)
Кімнің..... -...... іс түскенде білерсің. (дос - қасын)
2. Ашу -......, ақыл -.....(дұшпан, дос)
2. «Жұбыңды тап» ойыны
(мақал - мәтел тақырыбында қолданылады)
Әртүрлі қағаздарда мақалдар беріледі. Мақалдың сыңарлары екі қағазда болады. Ойыншы сол мақалдарды белгілі уақыт ішінде жұптастыру керек немесе аралас сөздерден мақал құрастыру керек. Дәл сол сияқты тұрақты тіркес пен оның мағынасын жұптастыруға болады. Дәл, нақты, дұрыс жауап берген ойыншы жеңімпаз атанады.
Сонымен қатар, сабақта түрлі кестелерді пайдалануға да болады. Кестелер арқылы «Кім жүйрік?» ойынын жүргізуге болады. Оқушылар септіктер мен танысқан кезде, сұрақтарын, жалғауларын еске сақтап, мысалдар келтіріп қалай меңгергендігін көрсете алады.
Орфографиялық ойындар:
Қазақ алфавитіндегі әріптердің дұрыс, анықталуына оқушыны жаттықтыру үшін баланың ауыз қуысындағы тіл, ерін, тіс, жақтарына жаттықтыру өз бетінше жұмысын жүргізген дұрыс. Осы талаптарды орындауға және артикуляциялық, жаттығуларды жүргізуге төмендегідей кестелерді пайдалануға болады:
І кесте
әл, ал, ол, он, күл.
ел, іл, ет, ес, от.
ІІ кесте
ұйыр, үйір, жиыр, сүйір.
Тас, тос, төс, бас, бос.
ІІІ кесте
Үшкір, тұмсық, сұр, шымшық.
Сордан, ұшты құрт, шымшық т. б.
Бұл таблица бойынша оқығанда әуелі баяу, кейін жылдамырақ оқуды талап ету нәтижелі болады. Оқушылар мұндай жаттығуларды бар ықыласымен беріле орындайды, әрі мәнерлеп оқуға жаттығады. Нәтижеде тіл дамыту жұмысы іске асып отырады.
1. Сөздің әрбір әріпінен сөз тудыру ойыны. Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты меңгеруде өте көп пайдасы тиеді. Оқушылар өз бетінше жұмыс орындайды. Мысалы:
Әсем қандай қыз?
Ә – әдемі, әдепті.
С – сұлу, сүйкімді.
Е – еңбекқор, елгезек, епті.
М – мейірімді, мәдениетті.
Осы жұмысты оқушы тақтадағы сұраққа қарап отырып өз бетінше құрастыру. Сонымен мұғалім оқушыларға Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін тауып жаздыру арқылы сын есім туралы түсінігінің дұрыс қалыптаса бастағанын байқап, осы жұмыс нәтижесінен мәтін құратуды да өз бетінше орындауға болады. Мысалы: оқушылар“Әсем”деп ат қойып мәтінді құрастырады.
“Әсем”
Әсем әдемі, әрі әдепті қыз. Әсемнің жаны да, өзі де сұлу. Оның сүйкімді, қылықтары өте көп. Айтар болсам ол епті, елгезек. Ол үлкенге де, кішіге де мейірімді. Ол мәдениетті қыз. Әсемнің мінезі жайдары. Әсемнен мықты дос шығады.
Осы жұмыстан кейін оқушыларға тағы да өз бетінше мәтіннің ішінен сын есімдерді тауып, астын сызу, сұрақ қою т. б. жұмыстарды беруге болады.
Оқушының тақырыпты түсінігін бағалау мақсатында әдеби формада жүргізілетін шығармашылық рефлексия. Синквейн француздың “5”деген сөзінен шыққан. Бұл тақпақ ереже бойынша 5 жолдан тұрады:
1 жол – тақырып не пән (зат есім);
2 жол – тақырып не пәнді суреттеу (2 сын есім);
3 жол – іс - әрекетті суреттеу (үш етістік);
4 жол – тақырыпқа не пәнге байланысты фраза; /4 сөзден тұратын сөйлем/
5 жол – тақырыпты не пәнді кеңейтетін, әсерлейтін синоним, 1 сөз.
Оқушылардың қарапайым түрде орындай алмаған тапсырманы ойын түрінде 60 пайыздан астамы орындайды.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Жалпы мектепте балалар сабақта аса зор ынтамен ойнайды, олар ешқашан шаршамайды, тіпті уақыттың қалай өткенін де байқамай қалады. Ойын оқушының жеке ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді, мысалы, өзара көмек, бірін - бірі қолдау, жолдастық сезім, сондай - ақ бірқатар психикалық үдерістердің: есте сақтау, ойлау, көңіл бөлу, сөйлеу, пайымдау т. б. дамуына әсер етеді. Ойын төменгі сынып оқушыларының топта жұмыс істеу арқылы ұжымдасуына көп көмегін тигізеді. Егер ойын сабақтың басында өткізілсе, балалар қалған уақытта тамаша жұмыс істейді, нашар оқушылар жеткілікті дәрежеде белсенділік танытады, сабақтың ортасында да, соңында да сабаққа қызығушылығы артып, назар аударуы жоғарлайды.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдалана отырып тілдік қорын дамыту
- kaldigul71
- 4 мам 2015
- 9300
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ойын бала әрекетінің негізгі бір түрі, ойын элементтері
Ұқсас жаңалықтар:
Сабақта ойын технологиясын қолданудың берер нәтижесі
Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтарды жүзеге асыруда ойын технологиясын қолданудың мәні зор. Ойын - баланың...Ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың шет тіліне қызығушылығын арт ...
Ағылшын тілін үйренуде рольдік ойындардың пайдасы зор. Ролдік ойындарда барлық балаларға роль беріледі де, бір – бірімен міндетті түрде қарым –...Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы
№ 25 гимназия Екібастұз қаласы Шаланова Гульмира Тлектесовна...Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін қолдана білу
«Айғыз жалпы білім беретін орта мектеп»КММ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрғалиева А. К....Оқушының ой-белсенділігін дамыту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ыбырай Алтынсарин атындағы № 204 орта мектеп Есназарова Жанат «Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.