Сайтқа кіру Тіркелу

«Тіл дамыту» курсы

Түсінік хат
Бұл бағдарлама «Қазақ тілін оқытудың тұжырымдамасы» мен «Қазақ тілінің мемлекеттік стандарты» (2012 ж) сай түзетілген негізгі бағдарлама көлемінде алатын білімдерін бір жүйеге түсіре отырып, әрі қарай тездетуді көздейді.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатын болып шығуына мүмкіндік беретіндей деңгейде болуы тиіс. Оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсініп, өздері қазақ тілінде көрген білгенін, ойын айтып, оқып, жаза алатын болуы керек. Бұл үшін олар тұрмыста жиі қолданылатын сөздерді игеріп, қазақ тіліне тән дыбыстардың емлесін біліп, дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануға тиіс.
Қоғамның ертеңі болашағы жас жеткіншектерді тіл мәдениетіне баулу – бүгінгі күннің басты талабы. Қазақ тілін үйрену мен үйретудің маңыздылығын бүгінгі таңда өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болғандықтан, орыс тілді сыныптарда қазақ тілін оқытуға көп көңіл бөлінуі керек.
Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру, тәсілдерін меңгерту.
Тіл дамытудың негізі - оқушылардың сөздік қорын байыту және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Оқушылар сөзді неғұрлым көп білсе, жұмыстың басқа салалары соғұрлым жедел жүреді.

Бағдарламаның мақсаты:
Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру тәсілдерін меңгерту.
Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын ескере отырып, әр сабақта сол сөздермен сөйлем құрату, жаңа сөз үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарды айыра білу, сауатты жазуға үйрету, жеңіл, қысқа мәтіндерді оқытуға машықтандыру, түсінгенің айта білуге дағдыландыру, бір - бірімен сөйлесе білуге үйрету, әр түрлі жазба жұмыстарын ұйымдастыру, өз ойын жүйелі түрде айтып беруге, қазақша сөйлеуге жаттықтыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл дамыту бағдарлама

Тіл дамыту бағдарлама

Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту. Балалардың тыңдау зейінін қалыптастырып, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру...
We are happy

We are happy

Балалардың ұлттық дүниетанымдық ұғымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үш тілде айтып үйрету, тілді білуге...
Сөздікпен жұмыс

Сөздікпен жұмыс

Орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөйлеген сөзін,...
Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыт ...

Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамыт ...

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базилова Перизат...
Мемлекеттік тілді білу – парыз

Мемлекеттік тілді білу – парыз

Астана қаласы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы Деңгей: Бастауыш деңгей. Сабақтың тақырыбы:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×