Сайтқа кіру Тіркелу

Ринолалия балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Ринолалия балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар дегеніміз - белгілі бір қамқорлықты қажет ететін немесе өз бетінше өмір сүруден қабілетсіз, дегенмен оларға арнайы жағдай жасалған кезде жартылай еңбекке қабілетті болып келетін және әлеуметтік бейімделе алатын жандар.

Ринолалия – грек тілінен аударғанда «мұрын», «тіл» - немесе маңқа сөйлеу аппаратының анатомиялық - физиологиялық ақаулығының бұзылыстары болып табылады. Осының салдарынан артикуляция, фонация және дауыс механизмдерінде елеулі ақаулықтары болады және дауыс әуезділігі мен дыбыстардың айтылуы бұзылады.

Таңдай мен жұтқыншақтың қабысуындағы қызметтерінің бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады: ашық, жабық, аралас. Ал этиологиясына байланысты органикалық және функционалды деп бөлінеді.

Ашық ринолалияда барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы кезінде ауа жұмсақ және қатты таңдай жарықшағының салдарынан тек қана ауыз арқылы емес, сонымен қатар мұрын қуысы арқылы өтеді. Соның салдарынан дыбыстардың айтылуы бұзылады. Ашық ринолалия органикалық және функционалды болып бөлінеді.

Органикалық ринолалия іштен туа біткен және сыртқы соққылар салдарынан пайда болған деп бөлінеді. Органикалық ашық ринолалия туа біткен түрлеріне жұмсақ және қатты таңдайдың жарылуы жатады. Сыртқы соққылардың салдарынан пайда болатын органикалық ашық ринолалияның түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдары және жұмсақ таңдайдың сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады. Туа біткен ерін және таңдай жарықшаларының салдарынан болған ринолалия медицина және логопедия үшін маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Кемістіктің пайда болуына ұрықтың дамуының ерте кезінде генетикалық факторлардың ықпалы және экзогендік зияндылық, биологиялық факторлар (әйелдің жүктілік кезіндегі қызамық, вирусты гепатит, гриптің күрделі түрі), химиялық факторлардың ықпалы (улы химикаттар, қышқылдар, анасының жүктілік кезіндегі қабылдаған у және емдік дәрі – дәрмек әсері), психогендік факторлар: шошу, әйелдің жүктілік кезіндегі стресстік күйі, ықпал етеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қолқа демікпесі (астма)

Қолқа демікпесі (астма)

Грекше «астма» — ауыр тыныс, тұншығу дегенді білдіреді. Созылмалы қабыну қайталанып отыратын ысқырықты сырыл, ентігу, әсіресе түнде және таң ата...
Логопедиялық түзете – дамыту жұмыстарында жаңа технологияларды қолдану ерек ...

Логопедиялық түзете – дамыту жұмыстарында жаңа технологияларды қолдану ерек ...

Сөйлеу тілі бұзылыстарының бірнеше түрлері бар. Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің түзете қалыптастыру аспектісі балабақшаның арнайы...
Ұрықтану. Жүктілік. Ұрықтың жатыр ішінде дамуы

Ұрықтану. Жүктілік. Ұрықтың жатыр ішінде дамуы

Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі...
Ұлттық ойын терапиясы

Ұлттық ойын терапиясы

Тіл кемістігі дегеніміз сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден...
Ринолалик баламен жүргізілетін түзету жұмыстары

Ринолалик баламен жүргізілетін түзету жұмыстары

Л. С. Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар екенін айтты, оның бірі - бала психикасының даму шамасына орай...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×