Сайтқа кіру Тіркелу

Жарқыра, жалындай түс, көгілдір от!

Мекен –жайы :Қызылорда обл., Қазалы ауд., Бекарыстан би ауылы,
№ 24қазақ орта мектебі орыс тілі және әдебиеті мұғалімі
Қазанбай Ғалия Тілектесқызы.
Авторлық жұмыс
Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, - ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.
Н.Назарбаев.
«Жарқыра жалындай түс, Көгілдір от!»
/11 сынып оқушыларына арналған мерекелік кеш /

Зал мерекеге сәйкес безендірілген. Ортада шырша жанында үлкен жана жылдық торт орналастырылған .Мұғалімдерге, қазылар алқасына қатысушы жұптарға және барлық 11сынып оқушыларына арнап жасалған мерекелік столдар.
Оқушылар жаңа жылдық ән айтып, шыршаны айналып, жүргізушілерді қоршап дөңгеленіп тұрады. Музыка фонында ортаға екі - екіден төрт жүргізуші шығады.
Айдос, Әсем
Ерқанат, Гүлбазар

Айдос: Қыс келді – ең керемет ғажап кезең,
Аппақ қар, мұз жамылып алды өзен
Айнала, пәк табиғат - неткен ғажап
Бұл кезде қуанышқа толы сезім
Әсем: Айдос, өзің нәзік жанды лирик ақын екенсің ғой, неткен керемет шабытқа толы сөздер !
Ерқанат: Таң қалатын несі бар, Әсем, бүгінгі мерекені сездіретін шабылу, әсем әуен, ғажап әрі әдемі қыздар, шыршаның иісімен араласқан әсем қыздардың әтір иісі кез келген жігіттің басын айналдырып, шабытын оятып, еріксіз ақын қылып жібереді.
Мысалы: оған дәлел мына тап жаңа ғана шығарған менің өлеңім:

Қар жауғанда –қыздарды қуған кезең,
Беттерін ұстап алып жуған кезең
Қап-қара қыздар еді кеше ғана
Аппақ болып кетіпсіңдер сендер неден?!

Гүлбазар:Тоқта Қолғанат, сонда сенің ойыңша сендер бізді қарға шомылдырмағанда біз қара қыз болып қала береді екенбіз ғой?
Әсем: Мүмкін біз жігіттерге рахмет айтуымыз керек шығар?
Сендер біздерді қарға жуындырмағанда біз бүгін әдемі болмас едік пе сонда?
Ерқанат: Ту, қыздар « қуған едік жуған едік »деп ұйқасқан өлеңім ғой солай шыққан

Әсем:Шығып кетке шабыттарың осы болса, біздің де ақындық өнеріміз ешкімнен кем емес!
Ең алғашқы Жасыл шырша есімде,
Біріншіні біздер оқып жүргенде.
«Жігіт» біткен қорқып қашып едіңдер,
Аяз –ата бізге кіріп келгенде.

Ерқанат: Кек алғандарыңа болайын, сонау бастауыш кезді әлі ұмытпаған екенсіңдер .Еске ала бастасақ ...
Айдос: Қыздар осы әңгіме неден басталып еді?
Менің қыс туралы толғауымнан ба? Айтпақшы, жарыссөзді тоқтатайық, қонақтардың барлығы жиналып болды ау деймін, бүгінгі мерекелік кешті бастайтын уақыт келді-ау деймін
Ерқанат: Ендеше іске сәт достар!

«Жарқыра жалындай түс, Көгілдір от!»
/11 сынып оқушыларына арналған мерекелік кеш/
Ерқанат: Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
Гүлбазар: Бармысыздар, бауырлар, шабытты шәкірттер
Әсем: Есен амансыздар ма қадірменді құрдастар, кластас достар!
Айдос: Ассалаумағалейкум дейміз біз барша жиылған тілектес дос-жаранға!

Гулбазар: Көк шыршаға шамнан алқа тағайын,
Қуанышқа толтырайын маңайын.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Әсем: Осы кеште жұлдыз болып жанайын
Қайраң қалып тамсанарсың талайың
Бар балаға нұр, қуаныш әкелген
Жаңа жылың құтты болсын ағайын

Айдос: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
Ерқанат: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
/Ортаға қолдау биі мен “Сырғалым” тобы/
Гүлбазар: Құрметті жамағат “Жақсы сөз - жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, №24 қазақ орта мектебінің директоры Өтепбергенов Ерлан ағайымызға береміз.
Әсем: Құрметті Ерлан ағай, Сіздің құрметіңізге сонау Ресейден Сиқыр әлемінің майталманы ұлы көзбояушы Нұрбол Демесінтегін шақырғанбыз!. Оның керемет фокустерін қабыл алыңыз!

Гүлбазар: Көп күттірдің сағынышты, Жаңа жылым!
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Қоян жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Айдос: Мерекелі кешіміздің қадірменді қонақтары! Бүгін сүйікті де қадірлі алғашқы ұстаздарымыз ыстық ықыласымен жүрекжарды тілегіменен біздің кешімізге ақ ниеттерін арқалап келіп отыр.
Шыдамсыздана Өздеріңіздің асыл әрі сағынышты сөздеріңізді есітуге асығудамыз, құрметті алғашқы ұстаздарымыз! Ранай апай, Шаһар апай сөз өздеріңізде.

Шаһар апайларына -
Сүйікті ең алғашқы ұстазымыз
Өзіңізбен өтті талай қыс жазымыз
Ең алғашқы әріпті танытқан жан
Шаһар апай шәкірттерге сөз бастаңыз

Ранай апайға -
Бала жанын баураған жан, берген білім,
Ең алғашқы өзіңізден алдық ілім
Ең сүйікті ұстазымыз Ранай апай
Ең алғашқы сепкен бізге білім нұрын

Ерқанат:Ыстық лебіздеріңізге көп-көп рахмет! Өздеріңіздің құрметтеріңізге Сүйікті алғашқы ұстаздар
«Ұстазым » әнін Әсемнің орындауында қабыл алыңыздар!

Айдос: Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
Әйгерімнің ” Қош келдің Жаңа жыл” атты әсем әнін есіткенде олар бізге қарай жолды адаспай тауып алады деп сенеміз!
Әсем: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
Сүйіншілеп маңайға жар салыңдар!
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./

Аяз ата: Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Ерқанат: Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата: Уағалейкумассалаум, балам!
Айдос: Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.!
Аяз ата: Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?
Гүлбазар:Бұл ата, сырдың БОЙЫН МЕКЕНДЕГЕН СЫРЛЫ ЖЕР.
Әнмен күйді әлдилеген жырлы жер
Батырлармен жер жаһанға танылған
Келгеніңіз Бекарыстан би деген жер .
Аяз ата: Бәрекелді, балам!

Әсем: Өздеріңіз алыс жерден шаршап келгендеріңіз білініп түр ата, ентігіңізді басып дастарханға отырып дем алып, дәмнен ауыз тиіп рахаттанып жас өрендердің мерекелік шарасын тамашалаңыздар!

Айдос:Құрметті 11-ші сынып оқушылары, Сіздер де мерекелік дастарханға жайғасып,
көтеріңкі көңіл күйменен Жаңа жылды қар салыңыздар!
Әсем: Жаңа жылды қалай қар салсаң жылды солай өткізесің деген қағида бар емес пе Ата ?
Аяз –ата. Дұрыс айтасың, балам! Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?

Әсем: - Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мың бұралған бишілеріміз дайын тұр.
Сіз рұқсат берсеңіз болды. /шығыс биі/ орындайтын Еркебұлан Чакраброрти мен Ақкенже Мандакини Сонау ыстық Үндістаннан Сізге деген ыстық ықыласын, білдіргелі тұр!
Аяз ата: Рұқсат шырақтарым, рұқсат Үндістанға бармасақ та оларды көрейік
I бөлім

Гүлбазар: Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата, Ақша қар! Осыдан тура бес жыл бұрын тура желтоқсан айының 24 –і күні бүткіл қазақ халқының мәңгі есінде қалатын, исі қазақты дүр сілкіндірген оқиға болды. Шетелде «Болашақ » бағдарламасымен оқып жатқан Болат есімді қазақ жігітімен Айнұр атты еліміздің ЖОО студенті - қос ғашық арманына жетіп отау құру мақсатында елге оралып келе жатқан шағында ұшақ апатына ұшырап кенеттен қаза болды.

Қос ғашық өмірінің ең соңғы сәттерін де бірге болайық деген ниетпен бір белбеуге байланып бірге көз жұмған екен. Қазақтың барлық жастары қос ғашықты мәңгі есте сақтау мақсатында желтоқсанның соғы күндерін атап өткелі жатыр. Бүгін біз Болатпен Айнұрды еске алу мақсатында мерекелік кешімізді пайдаланып қыздармен жігіттердің арасында Қос қыршынның символы болып табылатын «Кестелі орамал » үшін жарысты ұйымдастырғалы отырмыз. «Кестелі орамал » үшін күресуге бүгін ортаға бес жұп шығады:

Айдос: Сонымен бірінші жұп: Бердібай Қолғанат - Жәми Әйгерім Батыл жүректі нағыз қазақтың кең маңдай ұлы мен атына заты сай аруымызды қол соғып қошаметтеп ортаға шақырайық!
- Әйгерім, Саған христьян дінінен бастау алған Валентина күні ұнай ма әлде қазақ жастарының өзінің рухани символы болған дұрыс па?
Ерқанат:- Қолғанат, Сенің орныңда тұрғысы келетін жігіттер өте көп Сен өзіңді бақытты жан екеніңді білесің бе ?

Әсем: Келесі топ ең кербез әрі керім, сегіз қырлы бір сырлы жігітіміз Қарабек Бауыржанмен, сыйқырлы сымбатымен сырбаз әрі сылы Ақбота..Бақтыбай.
- Бауыржан,сен өзі сымбатты жігітсің, Саған досым деп жүрген адамың кестелі орамал ұсынса Сен бұл жағдайды қалай қабылдайсың?
- Ақбота,сен қалай ойлайсың,Ғашықтар күнін Жаңа жылмен ұштастырып қойғаны дұрыс па, әлде Валентина мерекесін тойлай бергеніміз дұрыс па ?
Ерқанат: Келесі жұлдызды жұп Ұшқыр ойлы, жайдарлы жан өнерлі жігіт Жұмағали Айбекпен
Сүйкімді де нәзік сымбатты да сұлу аруымыз Ізан Ақтотыны қол соғып ортаға шақырамыз.
- Айбек,осындай мереке күні жақын адамға қандай сыйлық берген дұрыс деп ойлайсың?
- Ақтоты, өзің сыйлайтын адамнан Жаңа жыл мерекесі күні қандай сыйлық алғың келеді Тек шыныңды айт!
Гүлбазар: Келесі шығатын жұп өте ерекше –біреуі Тілеуберген Дәулет - нар тұлғалы нұр жігіт Аудандық спорттық жарыстың медалін жеңіп алған батыр жанды жігіт болса, Өтеміс Самал ер мінезді ерке қыз,озық ойлы, ашық мінезді кең пейілді, оларды ортаға алайық.
- Самал, қасыңдағы жігіт мектебіміздің ең ер тұлғалы, нар жігіт екендігін білеміз, саған Дәулетті басқа жігітпен айырбаста деген ұсыныс түссе келісесің бе?
- Ал сен, Дәулет, сыңарың Самал болады деген хабар алғаныңда қандай сезімде болдың?

Айдос:Ортаға келесі өнерлі жұпты шақырайық Олар:ең сымбатты, күлкісі көз тартатын жігіт Наурызбек болса биязы да инабатты, сыпайы да салауатты Көшембай Гүлсая Қол соғып оларды қошаметтеп ортаға алайық!
- Гүлсая, Сен кестелі ора малды бір ай бойы күндіз түні тігіп тер төгіп әрең дегенде бітірдің мыс, сен ол орамалды қандай адамға сыйлар едің?
- Наурызбек,есіміңе орай Наурыз айы болмаса да желтоқсан айында Жаңа жылды қар салып жатқанымызға өкпелі емеспісің?

Әсем: Мінекей, құрметті көрермендер, ортаға батыл да белсенді жастар жиналып өз өнерлерін паш етіп, өзін көрсетіп,өзгелерді көріп дегендей барлық қатысушы жұптар шықты
Ал енді оларды жарыс барысымен таныстырайық:

Ерқанат: Бүгінгі салтанатты жаңа жылдық жарысқа қатысып отырған жұптардың өнерін әділ бағалау үшін және жеңімпаз жұпқа «Кестелі орамалды:»
сыйлау үшін ең тура әрі әділ сарапшы қазылар алқасын ортаға шақырайық
Олар: Байзақ А: Қитым Б, Балапан Ә: Ашықбай К
Қазылар бес балдық жүйемен бағалайды Әр тур бітісімен жұптардың өнеріне қарасты өз ойларын ашық та тура айтып отырады .Жалпы бағалауды толығымен ойын соңында жариялайды

Гүлбазар: Ал ен қатысушы жұптарды сынақ түрлерімен таныстыру :
1. Қызбен жігіт әні немесе биі ( Пародия) кез келген вариантта: өз дауысымен, минусовкамен фонограммамен ырғағын,сәйкестігін келтіріп шырқауы бағаланады/
Әсем:
2. Реклама /Әр жұп керемет әрі көңілді рекламалық үгіт жасауға тиісті.Әртістік қабілет бағаланады/
Айдос:

3. Би өнері-сынақ / Қара жорға, өзбек, үнді,испан орыс сыған грузин лезгинкасы/ (Әр жаңа би сайын нашар билеген жұп шығып қалады Жеңген жұп 5 бал қалғаны 1 балдан кеми береді).
Ерқанат: Жүптарымыз ентігін басып есін жиып аламын дегенше олардың белсенділігін арттырып қолдау мақсатында Мейрамкіл, Гүлбақыт,Өркен, Нұрболаттың «Кварта» тобының орындауында
«Сәулем» әнін қабыл алыңыздар
Ерқанат:

4. Жұптарға ситуациялық сұрақ /Барлық жұпқа ортақ үш сұрақ/
Мысалы:
А) Сіз құрбыңызды достарыңызбен таныстыру мақсатында кездесуге шақырдыңыз, ал ол
болса мұрнына үлкен шиқан шықса да кездесуге келіп тұр Сіз бұл жағдайдан қалай шығасыз? Болжам жауап: Қайтар жолда шам болмаған соң мұрнына әдейі жарық болсын деп фонарь тағып келген ғой, алдын алып өзі сондай пысық байқадыңдар ма?
Ә) Сіз құрбыңызбен түнгі уақытта әрең дегенде кездесіп көшеде әңгімелесіп келе жатырсыз. Кенеттен алдыңыздан мектебіміздің тәрбие меңгерушісі Даулыбай ағай шығып қалды да түнде неге жүрсіңдер деп сұрады. Не деп жауап бересіздер?
Б) Құрбыңызбен мерекелік кешке барып, досыңыздың туған күнін тойлап жатырсыздар, кенттен есік айқара ашылып Даулыбай ағай кіріп келді Не істейсіздер?
Әсем:

5. Әр жұп өзінің мерекелік сыйлығын ұсынуға тиісті /Сыйлық барынша сүйкімді әрі тапқырлықпен жасалған болу керек, мақсатын түсіндіруіне де қаралады/
Гүлбазар:

6. Газеттегі би ойыны / Газет жайылып жұптар әр газет үтіне белсенді түрде билей бастайды, кенеттен музыка тоқталып, газет бүктеледі, би газет әбден кішкене болып бүктелгенше жалғаса береді, қай топ тепе-теңдікті ұстаумен қатар жақсы билесе 5 ұпай алады шығып қалған жұптың балы кеми береді/.
Әсем: Мінекей, құрметті қонақтар жұлдызды жұптар өз өнерін көрсетіп қана қоймай бізді де таң-тамаша қылды
Ендігі кезек Сіздерде Құрметті қазылар алқасы Әділ шешімді тауып нағыз өнер көрсеткен өз үйлесімділігімен ауызбіршілігінің арқасында жеңіске жеткен жұпқа « Кестелі орамалды» тарту етесіздер Бұл жұп жаңа 2011 жылы барлығымызға нағыз үйлесімділіктің,достықтың, ауызбіршіліктің, еңбекқорлықтың, тапқырлықтың, ептіліктің үлгісі болады деп сенеміз достар !
Айдос: Ал әділ қазы ойласамын дегенше Салтанатты кеш биі /Бальный танец/ «Сырғалым» би тобының орындауында тамашалаңыздар

Нәзік әуен тербетеді еркелетіп
Алып ұшып кететіндей ентелетіп
Арулармен билегенде жігіттердің
Жүректері жүрмесін еріп кетіп !

Қазылар алқасы: Жеңімпаз болған Көзмаева Айжанмен Наурызбекке «Кестелі орамалды » табыс етеміз. Ал жалпы жарысқа қатысқан бес жұпқа келесі жыл табыс алып келсін деген ниетпен Жаңа жыл символы «Қоян көжегі» жұмсақ ойыншық табыс етеміз

Ерқанат:Құрметті достар,бүгінгі керемет өнерлеріңіздің арқасында біз бір серпіліп қалдық. Сондықтан «орамал тон болмайды жол болады», деген аталардан қалған сөзге орай Сіздерге керемет мерекелік сыйлықтарды ұсынуға рұқсат етіңіздер!

Әсем: Бүгінгі жеңімпаздарымыз жақсы ырым бастап өздерінің жеңімпаз жолы болғыш қолдарымен осы залда отырған баршамызға мерекелік тортты кесіп берсе Қалған жұптар Жақсы ниетке ортақтасып торттарды әр столға таратады деп сенеміз!

Гүлбазар: Жаңа жыл Сіздерге жетістік әкелсін! Аңсаған армандарыңызға жетіңіздер!
Әсем: Құрметті жарысқа қатысқан достар ! Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің «Сатира саңлақтары» тобы тамашалық қойылым ұсынып отыр, Қабыл алыңыздар Әрі өздеріңе дайындалған мерекелік дастарханнан орын алып жайғасыңыздар!

Айдос :Кешіміздің бірінші бөлімі аяқталып осы тамашалық қойылыммен кешіміздің келесі концерттік бөліміне көшуге рұқсат етіңіздер!

II бөлім
Ерқанат: Құрметті достар! Кеткелі жатырған Барыс жылы бізге, біздің елімізге көп жетістік әкелді,
Оған дәлел жақында ғана өткен ОБСЕ саммиті болса Келетін Қоян жылы да үлкен Қысқы олимпиада - Азиядадан басталғалы тұр. Күллі мұсылман елдерінің басын біріктіретін Ислам конференциясы да бар. Ләйім Жаңа жыл бар әлемге тек тыныштықпен бейбітшілік, молшылық әкелсін! Қоян жылын алып келген Аяз атамен Ақша қардың құрметіне мерекелік ән шырқап жіберейік).

Әсем:Кажауова Самалдың орындауында «Жаңа жыл» әнін тыңдап қосылып отырыңыздар!
Ақша қар: Құрметті достар, сіздерге қонаққа келіп тамаша жарыстың куәсі болдық. Жаңа жыл қарсы алдында қыршын кеткен қос ғашықты еске алып, қазақтың қазіргі заманының Қозы көрпеші мен Баян сұлуын дәріптеп оларды өз ұлтымыздың символына айналдыруға үлес қосқандарыңызға көп –көп рахмет. Олардың әруағы Сіздерді желеп жебеп жүрсін! Барлық бастамаларда жолдарың болсын! Жаңа жыл Сіздерге құтты болсын! ҰБТ- ға қатысып барлығың да ЖОО түсіңіздер! Ата, біздің баратын жеріміз өте көп, балалардан рұқсат сұрап,қош айтысайық Балаларға батаңызды беріңіз!

Аяз ата
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын»
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!

Ақша қар:Жаңа жылдарың құтты болсын! Қош сау болыңдар! Мерекелік кештерің жақсы жалғасын тапсын!
Айдос:Қандай жақсы біздің Аяз-атамыз
Қабыл болсын ақ ниетті батаңыз
Қош айтысып кетсеңіз де асығып
Кешімізді жалғастырып жатамыз
Ерқанат: Келесі жаңа жылы жүздескенше
Қош бол ару Ақшақар, кездескенше
Жыл сайын келдіңіздер Сіздер бізге
Әсеммен Өркеннің орындауында «Жаңа жыл » әні Сіздің құрметіңізге Аяулы Ата Сүйкімді Ақшақар!

Гүлбазар: Аяз –ата мен Ақшақардың әлемді шарлап басқа балаларға асығып кеткеніне еш көңілдерің түспесін, достар. Ал Сіздердің көңіл күйлеріңізді «Сатира Саңлақтары» тобы әзіл –сықақ қойылымымен көтереді,тамашалаңыздар!.............
Рахмет, Сіздерге достар!
Әсем: Достар Бастауы бар дың соңы болатыны ақиқат, Кеш соңына таяғанменен өмір өз жалғасын таба береді. Ең маңыздысы, Достығымыз еш қашан сарқылмай, ауызбіршілігіміз ұласа берсін Баршаңыздың Құрметтеріңізге «АБД» триосының орындауында « Құрдастар» әнін қабыл алыңыздар
Гүлбазар: Осы мерекелік кешімізге келген достарымыз өз ойларын түйіндеп әр бір столдан бір Жүрекжарды тілегін айтып Жаңа жылдық жылы лебізін білдірсе дейміз

Айдос: Қонақтардын столынан бізге тілегін білдіру үшін Мектебіміздің тәрбие үйінің меңгерушісі Қапаров Даулыбай Ағайымызға Жүрек жарды тілегін айту үшін сөз береміз Сөз өзіңізде Құрметті ағай!
Кешімізді ұйымдастыруға атсалысқан 11 сыныптар жетекшілері сүйікті апайларымызға сөз береміз:

Жан дүниесі мейірім нұрын шашатын
Гүлшат апай өмір сырын ашатын.
Білікті ұстаз бала жанын ұғатын,
Бар ма екен сізден адам асатын.
(Гүлшат апай)

Жетекшім Ғалия апай дара тұлға,
Бала жанын түсінуге жаратылған.
Әр шәкіртті қатарындай тұлға көрген,
Біздерге тәрбиемен білім берген.
(Ғалия апайға)
Ерқанат: Сіздің құрметіңізге ән, қабыл алыңыз!

III бөлім
Ал енді Салтанатты кешіміздің үшінші бөлімі Жеңімпаздармен барлық бүгінгі жаңа жылды қары алушыларға арналады!
Салтанатты би! ДИСКОТЕКА
Әсем, Гүлбазар, Айдос, Ерқанат: Хош сау болыңыздар,құрметті қонақтар! Келесі жылды студент болып қарсы алайық!
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×