Сайтқа кіру Тіркелу

Үздік сынып жетекші-2014

Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектепте өткізілген "Үздік сынып жетекші - 2014" байқауы
Авторы: Еспенбетова Зағира Нағметуллақызы

«Үздік сынып жетекші – 2014» байқауы
Мерей мөлтек ауданындағы №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектепте сәуірдің 16 - жұлдызында «Үздік сынып жетекші - 2014» байқауы өтті. Сынып жетекшінің жаңашыл тәжірибесін анықтап, таратуды, жаңа бастамаларына қолдау көрсетуді мақсат тұтқан бұл байқауға 6 сынып жетекші қатысты. Байқаудың бірінші турында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл турдың қорытындысы бойынша 3 «В» сыныбында (Д. Омарова) өткізілген «Табиғат – тал бесігім» атты тәрбие сағаты ең үздік деп танылды. Екінші турда байқауға қатысушылар бала тәрбиесіне байланысты түрлі тақырыпта эссе жазды. Қазылар алқасы Омарова Динараның, Ботабаев Әзиздің жазған эсселерін ерекше атап өтті.
Байқаудың келесі туры сайыс түрінде өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
1 - кезең. «Мен сынып жетекшімін» қалаған формада өзін - өзі таныстыру, бейнефильм, мультимедиалық жоба.
2 - кезең. «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке». Педагогикалық жағдаяттарды талдау және оны шешу жолдары.
3 - кезең. «Мен және менің сыныбым» видеоролик көрсету.
4 - кезең. Өз өнері.
Байқауға қатысушылардың өзін - өзі таныстыруы бір - біріне ұқсамады. Құлтасова Назгүл, Маханбетова Ақгүл таныстыруды өлең жолдарымен өрнектесе, Шамаханова Гүлфира өзін шәкірттерінің орындауындағы өлең шумақтарымен таныстыруды жөн санапты. Ал Омарова Динара, Ботабаев Азиз, Тұңғышбаева Балдырған мультимедиа арқылы портфолиоларын презентациялады.
Екінші кезең бойынша да сынып жетекшілері мүмкіндіктерінше сынға түсті. Ең ұтымды жауапты және педагогикалық жағдаятты шешу жолдарын Омарова Динара, Тұңғышбаева Балдырған, Ботабаев Әзиз жеткізе білді.
Үшінші кезең бойынша дайындалған видеороликтердің мазмұны мен сапасы, жаңашылдығы бірінен - бірі асып түсіп жатты.
Төртінші кезеңде сынып жетекшілері аянып қалған жоқ. Бірі ән айтса, екіншісі мықты аспаз екенін дәлелдеп бақты. Үшіншісі қолөнерімен таң қалдырды. Омарова Динара шәкіртімен ән айтса, Тұңғышбаева Балдырған қызы Еңлікпен бірге ән шырқап, көрермен ықыласына бөленді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған сайыс өз мәресіне жетті. Сайыс нәтижесінде 3 «В» сынып жетекшісі Омарова Динара бас жүлдені, 1 - орынды Тұңғышбаева Балдырған, 2 - орынды Ботабаев Әзиз, 3 - орынды Шамаханова Гүлфира жеңіп алды. Құлтасова Назгүл мен Маханбетова Ақерке «Шығармашыл ұстаз» аталымына ие болды.
Жеңімпаздар грамоталармен және кәсіподақ ұйымының арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің Еспенбетова Зағира Нағметуллақызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Елбасымыз туралы кітаптар, өзін - өзі тану пәні муралы қанатты сөздер, өзін - өзі тануға арналған тренинг кітаптар мен журналдыр қойылды. Оқушылардың...
Парктер шеруі

Парктер шеруі

КММ «Ленин атындағы орта мектебі» «Парктер шеруі - 2014» үздік халықаралық табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы есебі. «Катонқарағай Мемлекеттік...
Шілдебаева Айзере Сұлтанқызының өлеңдері

Шілдебаева Айзере Сұлтанқызының өлеңдері

Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушысы Шілдебаева Айзере Сұлтанқызы Мұғалімі Еспенбетова Зағира...
Мектебіме арнаймын

Мектебіме арнаймын

Қызылорда қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушысы Берікбек Дәулет Асқарұлы "Мектебіме арнаймын" өлеңі Мұғалімі...
Жолдасбек Мақсаттың тырнақалды өлеңдер топтамасы

Жолдасбек Мақсаттың тырнақалды өлеңдер топтамасы

Қызылорда қаласы, № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 3 "В" сынып оқушысы Жолдасбек Мақсаттың тырнақалды өлеңдер топтамасы Мұғалімі Омарова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×