Сайтқа кіру Тіркелу

Мәңгі жаса - Ұлы далам!

Мәңгі жаса - Ұлы далам!

«Ұрпаққа жол ашқан
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар» Н. Ә. Назарбаев.
Сан ғасырлар бойы ата - бабамыз армандап өткен, тәуелсіздік жолында талай батырлар мен өрімдей жас қыздарымыз, аналарымыз жанын қиып елін - жерін қорғап тәуелсіздікке тек ХХ ғасырдың 90 - шы жылдары ғана қол жеткіздік.

Жалпы қазақ халқы әлем халықтары ішінде Ұлы Дала елі болып әлемге танылып үлгерді. Себебі, сонау бағзы замандардан үйлері мен қораларына құлпы салмаған, түрме немесе абақты болмаған ұлы дала заңдарына мойын ұсынған, жау шапса атойлап, ал келген қонағына дастарқанын кеңінен жайған дархан халықпыз. Сонау 1931 - 1933 жылдары болған «Ұлы жұт» аталып кеткен қиын қыстау заманда, Ұлы Отан соғысы жылдарында күштеп жер аударылған өзге ұлтты өздерінде ішерге асқа жарымаса да, басқа халықты бауырына басқан Ұлы қазақ елі біз боламыз. Қазақ халқының ниеті мен пейілі, мейірімі қандай кең болса, соған орай жеріміз ұлан байтақ дархан даласы бар.

Алтайдан қарт Каспийге, Қызылжардан Шым қаласына дейін ұшса құс қанаты талатын, Еуропа мен Азияның жалғап жатқан көпірі іспеттес қасиетті жеріміз бар. Осы қасиетті жерімізді ата - бабамыз аманат етіп қалдырды. Солтүстігімізде аюдай ақырған Ресей, Шығысымызда айдаһардай алпауыт Қытай, екі ұлы державаның ортасында біз Қазақстан Ұлы Дала елі болып қалыптасудамыз.
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. 25 жылда атқарылған толағай табысымыздың бәрі Елбасының ерен еңбегінің арқасында. Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Елбасымыздың жүргізіп отырған парасатты саясатының нәтижесі.

Қазақстан - қазақ халқының ата - баба мекені. Бүгінгі бейбіт күндердің қадірін бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу - біздің ұрпағымыздың бағыты болуы тиіс. Еліміздің көркеюі мен дамуына Қазақстанның әр азаматы өз үлесін қосуы тиіс.

Жолдыбаева Дания Аймұханқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік деп соғады жүрегім...

Тәуелсіздік деп соғады жүрегім...

Тәуелсіздік – тарихтың мәңгіге берген еншісі емес, халықтардың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал. Нұрсұлтан...
Желтоқсан шеруі

Желтоқсан шеруі

Желтоқсан оқиғасын оқушыларға танытып білдіру; Тәуелсіздікке қалай қол жеткенімізді; Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін...
Бабалар салған сара жол

Бабалар салған сара жол

Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес. Тәуелсіздік дегенде ұлан - байтақ жерімізді анталаған...
Тәуелсіз елдің патриотымын!

Тәуелсіз елдің патриотымын!

Тәуелсіз елдің патриотымын! «Пай, пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер! Ғашықтар бір - бірін өпкен...
Бір халық- бір ел- бір тағдыр

Бір халық- бір ел- бір тағдыр

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылға арналған халыққа жолдауын талдай отырып, «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×