Сайтқа кіру Тіркелу

Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі

Орал қаласы, Тасқала ауданы,
Тасқала аудандық психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті
ІІ санатты ерте түзеу педагогы
Кушанов Дамир Зайдуллович

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі»
Мақсаты:
1. Ойын арқылы балалардың қарапайым математикалық ұғымын қалыптастыру.
2. М. Монтессори әдісі бойынша қол, саусақ моторикасын дамыту. Балалардың геометриялық пішіндер туралы түсінігін кеңейту
3. Балаларды ұйымшылдыққа, зеректікке баулу, ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: математикалық ұғымдар туралы әңгімелеу.
Түрі:
Әдіс - тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, түсіндіру.
Қажетті көрнекі құралдар: перне тақта, үлестірмелі материалдар, дидактикалық ойындар, Сеген тақтасы, М. Монтессори құралдары.
І. Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбер.
Қане, қане күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйіп не керек,
Ойнап күліп жүрейік!
Үлкенге де "Сіз"
Кішіге де "Сіз"
Баршаңызға құрметпен бас иеміз біз! –
ІІ. Ғажайып сәт. Ғажайып геометриялық пішіндер әлеміне саяхатқа бару.
Жарайсыңдар, балалар, ал сендер саяхатқа барғыларың келе ме?
- Ендеше балалар бүгін менімен бірге геометриялық пішіндер еліне саяхатқа шығасыңдар ма?
- Олай болса мен сендерді ортаға шақырып, сиқырлаймын келісесіңдер ме?
Балаларды ортаға шақырып, отырғызып сиқырлау.
- «Сим - салабим», «Сим - салабим»
- Ой, балалар қараңдаршы біздер қайда тап болдық?
- Бұл недеген ғажайып әлем!
- Мінекей қараңдаршы біздер ғажайып пішіндер әлеміне тап болдық.
- Бұнда сендерге ұнайды ма, ал ендеше бәріміз жақсылап жайғасып алайық.

(Есік қағылып, үшбұрыш кіреді)
– Бұл кім екен?
Үшбұрыш: – Мен үшбұрышпын, менің үш бұрышым, үш қабырғам, үш төбем бар
– Балалар, олай болса менің тапсырмамды орындауға келісесіңдер ме?
– Қане, қандай тапсырма бар екенін көрейін.
Мұнда ойын беріліпті.
ІІІ. Ойын: «Бір түсті пішіндерді топтастыр»
Мақсаты: балалардың бір түсті пішіндерді ажыратып, топтай білуге үйрету.
Балалар ойын шартына сай бір түсті пішіндерді топтастырады.
(Есік қағылып, топқа төртбұрыш келеді).
– Бұл кім екен?
Төртбұрыш: – Мен төртбұрышпын, төрт бұрышым бар.
– Өте жақсы, олай болса, балалар төртбұрышпен бірге тапсырманы орындайық.
– Міне, балалар, қызыл түсті төртбұрыштың тапсырмасы мұнда саусақ және тұзды бояу жаттығуларын орындау керек екен.
IV. Саусақ жаттығуы.
Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды).
Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары - төмен қозғайды)
Қанттай сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)
Қаймақ құйып сәндейміз (қолды жұдырыққа түйген күйі (қаймақ құйған сияқты) қол білегін жоғары - төмен қозғайды).
Міне, дайын нәр тағам - (екі қолын алдына жайып көрсетеді).
Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді).
V. Құммен сурет салу. Геометриялық пішіндер.
Мақсаты: Ұсақ моторикасын, ойлау қабілетін дамыту.
VІ. Сергіту сәті:
Ал балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарап үшбұрыш,
Солға қарап төртбұрыш
Ауада сызып алайық.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
– Бұл тағы кім болды екен?
– Мен дөңгелекпін, менің бұрышым жоқ.
– Олай болса, жасыл түсті дөңгелектің тапсырмасын орындайық.
– Балалар, мына үлгідегідей пішіндерге мұқият қарап, сызықтарды біріктірейік.
VІІ. Қарындашпен және қыстырғышпен жұмыс.
- Ал енді мына алдымыздағы таза ақ парақшаларға өзіміз өз бетімізбен дөңгелектерді салып шығайық жарай ма.
– Балалар, міне қараңдаршы, мынау шеңбер, түсі қандай екен?
- Күнге ұқсай ма екен?
- Ендеше балалар, сары түсті қыстырғышты алып, күннің сәулелерін құрайық
Міне, қараңдаршы, біз күн бейнесін құрадық, қыстырғышпен сәулелерін құрадық, Олай болса, балалар осы күндей жайнап, жадырап жүре беріңдер деп мен сендерге осы күнді сыйламақшымын.
VIII. Қорытынды.
- Ал балалар, пішіндермен қоштасып тобымызға қайта оралайық.
- Ол үшін мен сендерді тағыда ортаға шақырып сиқырламақшымын
- Мінекей тобымызға да келіп жеттік жарадыңдар.
- Балалар, біздер қайда саяхатқа шықтық?
– Қандай геометриялық пішіндермен таныстық?
- Қандай ойындар ойнадық?
- Сендер сабақ ұнады ма? Онда қонақтарға да, қош сау бол деп айтайық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×