Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Саз әлемі

«Саз әлемі» жобасы
Мақсаты:Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау. Өнерге біртабан жақындату.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым!
2-жүргізуші: Қадірменді «көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Саз әлемі» жобасына қош келдіңіздер демекпін.
1-жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті- әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.
2-жүргізуші: «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұңған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз.

1-жүргізуші:Әдетте әнші атанып жүргендердің екі тобы бар. Біріншісі нағыз әнші болып туылғандар. Олар санасы мен бүкіл жан дүниесі шамырқанып, асып-тасып, яғни шабыт арғымағы атойлап ән шырқағанда, көрерменді селт еткізіп, жетегіне алып жүре береді.
2-жүргізуші: Ал екіншілері, өзінің даусы жоқ бола тұра, әнге , өнерге деген құштарлығымен өзін бас-көзге қарамай қамшылап жүргендер.

1-жүргізуші: «Болар адам - бала шағынан». Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол- сахна. №182 мектепте 8-11 сыныптар аралығында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Саз әлемі» жобасы оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп отыр.

2-жүргізуші: Шараның мақсаты - Әнсүйер аға буын мен талантты жас әншілер арасындағы сабақтастықты нығайту, жас әншілерді таныстыру, жалпы ән әлеміне саяхат жасау.
1-жүргізуші: Сонымен бүгінгі кешімізді ашу үшін сөз кезегін мектебіміздің
Директоры Сейсенов Ғалымбек ағайға сөз береміз.
2-жүргізуші: Құрметті жиналған қауым бүгінгі «Саз әлемі» жобасының қатысушыларымен таныстырып өтсем.

11-сынып оқушысы Сілтеу Ислам
10-сынып оқушысы Сейділдә Жұлдыз
10-сынып оқушысы Ақмырза Асем


1-жүргізуші: Қатысушыларымызды сахна сыртына шығарып салайық!
2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін, әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтсем:
Тәрбие ісінің меңгерушісі Баспаев Алып ағай
Бастауыш бірлестік жетекшісі Мырзатаева Жаңыл апай
Ән-әуез пәнінің мұғалімі Ағыбаева Индира апай

1-жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Саз әлемі» жобасының сарапшыларымен таныстырып өтсем:
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сүйінтай Сұлушаш апай
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Баймағанбетова Жанар апай
10-сынып оқушысы Сәду Айдана
11-сынып оқушысы Әбиболла Азамат
2-жүргізуші:
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәрінізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,-дей келе сахнаға номері 1-ші талапкеріміз
Сілтеу Исламды шақырамыз.
1-жүргізуші: Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:Өнерпаздар жарысып сан-саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі Саз әлемі сайысында,
Әуелеген әсем ән жолданады-сахнада 2-ші номерлі талапкеріміз
Сейділда Жұлдызды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың .
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әнші жастың-дей келе 3-ші номерлі әнші қызымыз
Ақмырза Асемді қарсы алайық.
2-жүргізуші: Айтса әні алыс шыңға жететін,
Шақырайық Мақсатты ән мен жырды шертетін.Сахнада 4-ші номерлі әншіміз Алмас Мақсатты қарсы алайық.
1-жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен- деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі талапкеріміз 5-ші номерлі Жүсіпова Назымды ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі 6-шы номерлі талапкерімізді Құрманәлі Жеңісбекті ортаға шақырамыз. Қошемет.
1-жүргізуші: Музыка-ырғақ,нәзік әуен,асқақ үн.
Музыка-өзен,дала,аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне,әншілер,бас әуенге,қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.-деп жеткізеді ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын. Сонымен 7-ші номерлі әншіміз Пірәлі Раушанды қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Қазылар алқасының пікірін тыңдап көрелік.
2-жүргізуші: : Біздерде ән кешіміз жалғасады,
Тамаша күй тартылып,ән салады.
Қошеметтеп,қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға келесі 8-номерлі әншіміз Жұматай Тұрсынайды Ортаға шақырамыз.
Қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Сөз кезегі қазыларда.
1-жүргізуші: Шық аруым жарысқа,
Бір-бірінен қалыспа.
Өнерінді байқасын,
Мына отырған халықта - демекші бүгінгі сайысымыздың 9- номерлі әншісі Жеткербай Гүлзатты қарсы алайық.Қошемет.
1-жүргізуші: Қазылар алқасымен сарапшыларымызға кезек берелік.
2-жүргізуші: : Құлақтан кіріп,бойды алар
Жақсы әнмен, тәтті күй.
Көнілге түрткі ой салар,
Әнді сүйсең,менше сүй – дей келе енді сайысымыздың соңғы номерлі талапкерін Жұбайдолла Жарболды ортаға шақырайық. Қол соғып қошеметтеп отырайық.
1-жүргізуші: Сөз кезегін қазылар алқасына берелік.
2-жүргізуші: Қазылар алқасы қорытынды шығарам дегенше тамаша әнге кезек берейік.
1-жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берсек.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Саз, әлемі, жоба
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету