Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

"Алғыр алтау" оқушылар арасында сайыс

Оқушылар арасында сайыс. Тақырыбы: «Алғыр алтау»

Тақырыбы: «Алғыр алтау» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, математикалық білім қабілеттерін арттыру. Қызықты ойындар, сұрақтар арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушылардың өз ойларын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ойната отырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуге және ұжымдасып жұмыс істеуге жұмылдыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі
- Өтілу орнын дайындау.
- Қатысатын оқушыларды дайындау.
- Қажетті құралдармен қамтамасыз ету.
ІІ. Негізгі бөлім
- Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі өтетін «Алғыр алтау» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық,
Мұнда қызық табылар.
Жұмбақ, есеп бәрі бар,
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп
бүгінгі сайыс сағатында сынға алты оқушыларымды ортаға шақырайын.(жұптарымен оқушылар ортаға шығады)

Динара: Оқушылар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды көрсетуге.
Тыңдаңыздар, халайық, балалардың,
Өздерінің таныстыру кезеңдерін.
Сайысымызды бастайық.
Кезеңдермен таныстыру.
(әр оқушы өзін таныстырады)
Динара: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім - тәрбие алар ма?
Бұл сайыс ойдың белгісі,
Қатысушыларға жұмбақ шештіру.
1 - жұмбақ
Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
2 - жұмбақ
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Он екі дәптер, он бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бәрі? (26)
3 - жұмбақ
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )

І. «Ойлап тап!» кезеңі (дұрысын белгілейді)
1) А∙3=27 А=? (9)
2) Екі таңбалы жұп санды тап (20)
3) Ең кіші үш таңбалы сан (100)
4) В: 4=200 в=? (800)
5) Ең кіші тақ сан (1)
6) 6 жүзд. 0 онд. 6 бірл. тұратын сан (606)
7) Ең үлкен екі таңбалы сан (99 )
8) 90 минут неше сағат, неше минут?
9) 7 Ондық 5 бірліктен тұратын санды ата.
10) Мектептегі 45 минут?
11) Оқу жылының соңғы айы қандай?
12) Азайту амалының компоненттерін ата?
13) 4 мысық пен 5 тауықтың аяғы нешеу?
14) 4 мысық пен 5 тауықтың аяғы неше?
15) 8 машина мен 4 велосипед дөңгелектері нешеу.
ІІ. "Асу» кезеңі
1) Басты байлық не?
2) Есту мүшесі не?
3) Үш арсызды ата?
4) Жыл басы не?
5) л, а, қ, б, ы (балық)
6) ғ, а, а, ш (ағаш)
7) а, ғ, а, з, қ (қағаз)
8) і, і, м, л, б (білім)
9) б, а, а, қ, с (сабақ)
10) қ, а, а, б (бақа)
11) Жазу үшін саған..., қажет саған (қалам)
12) Дауысына құлақ түр, жер жыртып жүр...(трактор)
13) Қарды қояр күреп, керек жалпақ...(күрек)
14) Өзінше ноян, қорқақ кім? (қоян)
15) Бата алмас түлкі, үсті тікен...(кірпі)
16) Айбат шегер алыстан, аң патшасы...(арыстан)
17) Алмастан тыным, шабады...(құлын)
ІІІ. Викториналық сұрақтар:

1. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
2. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
3. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
5. Отбасында 3 ағайынды бала бар. Әр бала бір - бірінен 3 жасқа кіші. Ал барлығының жастарының қосындысы 15 жыл. Әрқайсысының жасы қаншада? (үлкені 8 жаста, ортаншысы 5 жаста, кішісі 2 жаста)
6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?
( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы - 6адам)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
8. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

ІҮ. «Қызықты логика»
1. Түзудің бойынан 6 нүкте ал. Сонда қанша кесінді пайда болады? (3)
2. Егер алты 7 цифрын пайдалана отырып 2 амалдан тұратын өрнек құрастырсақ, мәні 100 - ге тең болады. Өрнекті құрастырып көріңдер:
(777 - 77): 7=100
3. Сағат түнгі 10 - да қар жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)

4. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

5. Әлия Молдағұлова көшесінде 1 - ден 100 - ге дейін сандар бойынша үйлер нөмірленген. Осы үйлердің ішінде 5 саны неше рет кездеседі? (10 рет)
Ү. Айырмашылығын тап


ҮІ. Жартылай финал «Жалғасын тап»
(Бұл сайысқа ең көп ұпай жинаған екі сайыскер өтеді)
Мақалдың жалғасын табу:
1. Күлме досқа, келер басқа.
2. 100 теңгең болғанша, 100 досың болсын.
3. Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
4. Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
5. Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.
6. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенін.

ҮІІ. Қорытындылау
Жеңімпаздарды марапаттау, барлық оқушыларға сыйлықтар беру.
Динара: Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәрімізде біргеміз.
Жеңістермен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес жеткіземе мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,
Қатысуда бір жеңіс,
Жан болсаң сен ұғатын.

2. Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз, неге дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа еге дейміз.
Қош дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

«Қайрат орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сайыс сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету