Сайтқа кіру Тіркелу

Жетістік туралы ұлағатты сөздер

Жетістіктің кез - келген түріне қайсарлықтан басқа маңызды қасиет бар деп ойламаймын.
Джон Дэвисон Рокфеллер

Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету.
Уильям Шекспир

Басқалар байқамағанды көре білу жетістікке жетудің негізгі кілті.
Роберт Кийосаки

Егер табысқа жеткіңіз келсе, мына алты кеселден бойыңызды аулақ ұстаңыз: маубастық, жалқаулық, қорқақтық, ашушаңдық, уақытты босқа өткізу және жасқаншақтық.
Джеки Чан

Салың суға кетпесін. Салың ешқашан суға кетпесін. Менің үлкен жетістікке жетуімнің құпиясы ешқашан рухани күйремеу. Біреудің көзінше ешқашан рухани құлама.
Эрнест Хемингуэй

Жетістікке жету үшін ғаламның 98 пайыз тұрғынынан арылуыңыз керек.
Дональд Трамп

Ұлыңызды еркелетіп, қолына қалаған сомасын беруге асықпаңыз. Бұл оны көр етіп, жетістікке жетудің маңызы еңбекте екенін ұмытуына алып келеді.
Дональд Трамп

Жетістік – ол энтузиазмды жоғалтпай, сәтсіздіктен сәтсіздікке дейін қимылдай білу.
Уинстон Черчилль

Адамның ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару.
Нельсон Мандела

Мені жетістігіме бола құрметтемеңдер, құлаған жерімнен қайта тұра алғаным үшін бағалаңдар.
Нельсон Мандела

Елестете білу - адамзатты жетістікке жетелеген үлкен қасиет.
Карл Маркс

Бастау үшін ұлы болудың қажеті жоқ, бірақ ұлы болу үшін бастау қажет.
Зиг Зиглар

Жетістіктің құпиясы ойдағы істі бастап кетуде
Марк Твен

… Бір рет те құламай, сәби жүруді үйренбейді, себебі біз жүруді құлай - құлай үйренеміз. Бизнестің жолы да солай. Неліктен қоғамның көп бөлігі ауқатты адамдардан тұрмайды, себебі олар жеңілуден қорқады. Ал жеңіс тұғырынан көрінгендер жеңілістің дәмін де татқандар. Сәтсіздік ол жетістікке жетудің бір бөлігі. Сәтсіздікке жолағысы келмеген адамдар жетістікке де жете алмайды.
Роберт Кийосаки

Егер сіз тезірек жетістікке жеткіңіз келсе, онда сәтсіздіктер жиілігін еселеуіңіз қажет. Сәттілік сәтсіздіктің арғы бетінде.
Томас Уотсон

Дұрыс сөйлей білу - өмірде жетістікке жетудің ең қысқа жолы.
Дейл Карнеги

Ағысқа қарсы жүзгенде ғана ең биік жетістікке жетесіз.
Дональд Трамп

Адамгершілігі барлар, басқаларға тірек болады, осыны өздері де қалайды, басқаларға жетістікке жетуге көмектеседі, өзі де сол жетістікке жетуді қалайды.
Конфуций

Жетістікке жетудің үш құпиясы: басқалардан көп білу, өзгелерден көп жұмыс істеу, басқаларға қарағанда аз нәрсе күту.
Уильям Шекспир

Өз кемшіліктерімізді көре білейік. Жетістікке жетудің басты жолы осы.
Дейл Карнеги

Ең үлкен қателік тез берілетіндігімізде. Қалағаныңа қол жеткізу үшін тағы бір көруге болады ғой.
Томас Эдисон

Ақымақтарға алғыс айтайық. Олар болмағанда, басқаларға жетістікке жету қиын болар еді.
Марк Твен

Данышпан болу өнерің сыры – нені назарға алмау керегін білу.
Уильям Джеймс
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Демалыс туралы ұлағатты сөздер

Демалыс туралы ұлағатты сөздер

Егер сіз жұмыс уақытыңызды келесі демалысқа қанша сағат және минут қалды деп есептеумен өткізсеңіз, онда сіз ешқашан миллиардер бола алмайсыз....
Ақымақ, ақымақтық туралы ұлағатты сөздер

Ақымақ, ақымақтық туралы ұлағатты сөздер

Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады. Бауыржан Момышұлы Біреудің ақымақтығы бізді ақылды етпейді....
Баға, бағалау туралы ұлағатты сөздер

Баға, бағалау туралы ұлағатты сөздер

Ел силарлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме. Әзілхан Нұршайықов...
«Табыс жетістікке жеткізеді» тәрбиешілерге арналған тренинг

«Табыс жетістікке жеткізеді» тәрбиешілерге арналған тренинг

Мақсаты: Тәрбиешілердің табысқа, жетістікке қол жеткізуін, мақсат қою дағдысын қалыптастыру...
Кулинарлық өнімдерді безендіру. Жарнама

Кулинарлық өнімдерді безендіру. Жарнама

Жарнама – бұл жетістікке жетудің негізі. тұтынушылардың тауарға, фирма қызметіне деген қызығушылығын арттыру мақсатындағы оларға арналған үндеу. Ал...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×