Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Жастар туралы ұлағатты сөздер

Жастар армандайды. Кәрі адамдар еске алады.
Луи Арагон

Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді
Цицерон

Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.
Нұрсұлтан Назарбаев

Біз дүние жүзі жастарының алдыңғы қатарындамыз... Біз жастар, тағдырымыз сендермен байланысты екенін білеміз.
Баубек Бұлқышев

Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.
Ілияс Жансүгіров

Ендігі жастардың барлық уақыты әңгімеге, жұмысқа, елдің тағдырына кетеді. Әрине ол өте дұрыс. Бірақ айтыңыздаршы, сол көңілді ме?
Агата Кристи

Жастардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Жастар бүгін сөзден іске көшетін заман. Білімсіз істің реті болмайды. Сондықтан, жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек.
Ғани Мұратбаев

Ақыр түбінде қара бұлт ашылып, қазақ жастарының да әлеуметтік теңдікке жететініне, өз елін бақытқа бастар азамат боларына, бүкіл қазақ қауымының қапастан құтыларына сенімім бар.
Сұлтанмахмұт Торайғыров

Ақыр соңында, шешімді бәрібір ересектер қабылдайды, жастар емес. Алайда сол жастар ертеңгі күні ересекке айналып, оларға да шешім шығаратын күн туады да, олар әлгі шешімдерге назар аударады. Міне сол кезде олар алдыңғы ересек ұрпақты дұрыс шешім қабылдағаны үшін мақтан тұтатындай болуы тиіс.
Ли Куан Ю

Жастар оңай бой ұрып кетер жамандық — желбастылық.
Демокрит

Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер!»- дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады.
Ғабит Мүсірепов

Бүгінгі жастарды ең болмаса қазақ халқының "тура биде туған жоқ" деген даналығының рухында тәрбиелейік.
Ғабит Мүсірепов

Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ.
Назым Хикмет Ран

Жастардың оқу - тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
Ахмет Байтұрсынұлы

Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
Серке Қожамқұлов

Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!
Мұхтар Әуезов

Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.
Ахмет Жұбанов
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету