Сайтқа кіру Тіркелу

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
7 сынып.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға монғол мемлекетінің құрылуы, оның қоғамдық құрылысы, Шыңғыс ханның жаугершілік соғыстары, оның себеп – салдары және қазақ халқының этникалық құрамы мен әлеуметтік – экономикалық, мәдени дамуына тигізген зардаптары туралы жан – жақты түсіндіріп, жүйелі білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, саяси оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру. Алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды соғысты, шапқыншылықты жек көруге, елжандылыққа, елін, жерін қорғау сезіміне, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, танымдық – интеллектуалдық, сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, сәйкестендіру, тест, топтық және жеке жұмыс, семантикалық картаны пайдалану, ауызша баяндау
Сабақтың көрнекілігі: 1. Монғол дәуірінің картасы
2. Монғол ұлыстары территориясы бейнеленген карта
3. Шыңғыс ханның портреті
4. Монғол дәуірін бейнелейтін суреттер
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті
Пайдаланылған әдебиеттер: 7 сынып Қазақстан тарихы оқулығы, «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы, «Қазақ тарихы» ғылыми - әдістемелік журнал, «Ақ желкен» журналы т. б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
а. Үйге берілген тапсырма бойынша сынып үш топқа бөлінеді
ә. “Бұл қай кесене?” ( кесенені тапқан топқа 5 балл қосылады)
б. Тарихи блиц (әр топқа 7 сұрақтан қойылады)
в. “Кім тапқыр”(сәйкестендіру тесті )
І кезең:
І топ:
Бұл кесене көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км. жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Оның басына тұрғызылған кесене құлап қалған. Сол құлап қалған күмбезді Әмір Темір ХІҮ ғасырда қайта салғызыпты. Бұл кесене екі бөлмеден тұрады, ортасында дәлізі бар. ХІХ ғасырда бірнеше рет жөндеуден өткен. Кесенені ата? (Арыстан баб)
ІІ топ:
Бұл кесене Тараз қаласында орналасқан. Қазақтың Х – ХІІ ғғ үлкен сәулет өнерінің ескерткіші. Кесененің күмбезі құлаған. Қабырғаларының бұрыштары төрт ширектік бағандармен безендірілген, сыртқы қабырғалары түгелдей оюлы терракот кірпіштермен қапталған. Бұл қай кесене? (Айша бибі)
ІІІ топ:
Күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат. Төрт жағында қабырғаларының ішкі, сыртқы беттерінде сүйірлеу аркалы қуыстары бар. Есігі шығыс жағында. Кесене шатыры күмбезбен жабылған, Шамамен Х - ХІ ғасырларға жатады. Ол Жамбыл қаласының батыс жағында 18 шақырым жерде орналасқан. ( Бабаджа Хатун)
ІІ кезең:
І топ:
1. Исламға дейін Қазақстан жерінде қандай діни нанымдар болды?
2. Қолөнердің қай түрлерін білесіңдер?
3. Шыны ыдыстар қандай тәсілмен жасалған?
4. Алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштерді ата?
5. Белгілі адамның құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс?
6. Жүсіп Баласағұнидың қандай еңбегін білесің?
7. 870 - 950 жж аралығында өмір сүрген ғұлама?
ІІ топ:
1. Ортағасырлық дамыған қалаларды ата?
2. Зергерлер не жасаумен айналысты?
3. Арабтар 633 жылы қандай ұранмен көрші елдерді жаулай бастады?
4. Қазақстан аумағында дамыған ортағасырларда қанша қала болды?
5. “Терракота” деген не?
6. Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным түрі?
7. Махмуд Қашғаридің өмір сүрген жылдары?
ІІІ топ
1. Мешіт дегеніміз не?
2. Қалалардың сыртқы үшінші бөлігі қалай аталады?
3. Сүлеймен Арслан хан Жүсіп Баласағұниге сыйға берген еңбегі үшін қандай лауазымды атақ берді?
4. Ташнау деген не?
5. Макдисидің айтуы бойынша Таразда айырбас саудасы немен жүргізілген?
6. 709 жылы Бұхараны басып алған араб қолбасшысы?
7. Ахмет Йүгінеки қай жылы дүниеге келген?
ІІІ кезең:
Сәйкестендіру тесті:
Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді
1. Әбу Насыр әл - Фараби а.”Құтты Білік”
2. Әбу Райхан әл - Бируни ә.”Түркі тілдерінің сөздігі”
3. Махмут Қашғари б.“Қайырымды қала тұрғындары”
4. Жүсіп Баласағұни в. “Ақиқат сыйы”
5. Қожа Ахмет Яссауи г. “Асыл тастар”
6. Ахмет Йүгінеки д. “Даналық кітабы”
Қызығушылығын ояту.
Топтастыру: Мына сөзге сәйкес келетін сөздерді жазыңдар: Шыңғыс хан

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Монғол империясының құрылуы
2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы
3. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
4. Жаулап алу зардаптары
5. Ұлыстардың құрылуы
Монғол империясының құрылуы
ХІІІ ғасырда қазіргі Монғолия жерін мекендеген көшпелі тайпалар жерін мекендеген көшпелі тайпалар.

Керейт, Найман, Жалайыр, Меркіт, Қоңырат

1155 (1162) ж Темучиннің дүниеге келуі → 11714 ж Есугейдің қаза болуы → 1189 ж Темучин монғол тайпаларының билеушісі болды → 1189 - 1206 жж киіз туырлықты тайпаларды бағындыру жорықтары → 1206 ж монғол империясының құрылуы, Темучиннің Шыңғыс хан аталуы

Монғолдардың қоғамдық құрылысы
Хан - уәзір - түменбасы - мыңбасы - жүзбасы - онбасы
95 түмен әкімшілік - 10 мың әскер - түменбасы
Мыңдық - мың әскер
Жүздік - 100 әскер
Ондық - 10 әскер
Үш әскери әкімшілік аумақ: Барунгар - оң қанат
Жоңғар - сол қанат
Кул - оң қанат
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Жылдар ------------ Шыңғыс ханның жорықтары
1207 - 1208 жж -- Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алды
1207 - 1209 жж --- Таңғұттар мемлекетін, тұрфан кінәздіктерін, ұйғырларды бағындырды
1211 - 1215 жж --- Қытай жерін басып алып, олардың соғыс техникасын қолға түсірді
1217 жыл ---- Жебе ноянды Жетісудағы Күшілік иеліктерін басып алуға аттандырды
1218 жыл --- Монғолдар Жетісу жеріне енеді
1219 жыл --- 150 мыңдай қол Сырдария, Ертіске қарай қаптауы. Отырар опаты
1219 - 1220 жж --- Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы
1220 - 1224 жж --- Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды

БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы
Е. Ш. Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің
тарих пәні мұғалімі Рысқалиева Жангүлім Қанатқалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×