Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Сабақтың мақсаты:
- Қазақстандағы 1986 жылы желтоқсан оқиғаларының себептері, салалары туралы түсінік беру;
- Желтоқсан құрбандарының ерлігіне баға беру;
- Отансүйгіштікке, тәуелсіздікті қастерлеуге, өз елінің белсенді азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ - жауап, хабарлама жасау.
Сабақтың көрнекілігі:
1) Дәйек сөз: «Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Оны қастерлеуге үйрету, дағдыландыру адам бойындағы басты қасиетке айналдыру – әрқайсысымыздың парызымыз».
2) Буклет: «Тәуелсіз Қазақстан», «Қайсар рухты қазақ».
3) Рефераттар: «ҚР Тәуелсіздігіне – «, жыл», «Желтоқсан құрбандары», «Желтоқсан жұлдыздары».
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Негізгі ой – түрткі.
- М. С. Горбачев Кеңес қоғамы дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасады. Сталинизмнің жан түршігерлік қылмысты әрекеттері жайында ашық айтылды.
- Алайда КОКП - ның басшылығы қайта құруды баянды ете алмады, демократиялық үрдістерді байыппен жүргізе алмады.
- 1986ж. Желтоқсанына дейінгі бір жыл сегіз ай ішінде Республиканың қоғамдық - саяси даму бағыттарын тереңнен қозғаған реформалар бола қойған жоқ.
- Мұндай жағдай КОКП ОК Қазақстандағы басшылықты ескі тәсілмен бір - ақ күнде ауыстыра салу әрекетіне дейін жалғасты.

2. Оқушылардың тақырыптық, білімділік хабарламалары:
1) «Желтоқсан оқиғаларының себептері»
2) «Желтоқсан оқиғаларының барысы»
3) «Желтоқсаншыларды қудалау, жазалау».

3. Түсіну кезеңі. Ассосация
«Желтоқсан» ұғымының мазмұнын ашатын түйін сөздерді топтастыр.

4. Желтоқсан оқиғасының мазмұнын сатымен көрсет. Неден бастаймыз? І хатшы Д. А. Қонаевтың орнынан алынуы. Немен аяқтаймыз?
Желтоқсаншыларды қудалау, жазалау.
Қудалау, жазалау
Ұлт нышанының аяққа тапталуы
Студенттер талабы
Жастар наразылығы
Халыққа хабардың жетуі
І хатшының алынуы

Осы сатының бірінші және соңғы сатысы туралы не айтуға болады.
2012ж. 12 қаңтарда 100 - ге толды.
І топ. Д. А. Қонаевтың қызметіне баға берілді. Биыл 100 жыл.
Қырық жылдан астам Қазақстан өкілетінің, Республика партия ұйымының басшылығында болған. Д. Қонаев КОКП ОК саяси бюро мүшелігіне дейін көтерілді. Кеңес одағының ішкі және сыртқы саясатына араласты. Биязы, барынша зиялы, партиялық директива аясының ауытқып шыға қоймаған, «Коммунистік идеяға шын берілген». Ол Брежневтің сенімді серіктерінің бірі болды. Д. А. Қонаев басқарған онжылдықтарда Қазақстан әлеуметтік - экономикалық салаларда айтарлықтай жетістіктерге жетті.
- Табиғи байлықтарды кең ауқымда жүргізілді, ауыр өнеркәсіп белгілі деңгейде өсу үстінде болды, ұлт зиялы қауымы жаңа сапалық деңгейге көтерілді.
Неге Д. Қонаевты қызметінен түсіру деп ойлайсыңдар.
- Орталықтың айтқанынан шыға алмады.
- Ескі саяси биліктің адамы болды.
- Өз қызметінде жаңашылдыққа, демократиялық өзгерістерді енгізуге талпыныс жасалады.
- Жасы зейнеткерлікке жіберуге мүмкіндік берді.
ІІ топ. Колбиннің қызметіне баға беріледі.
ІІІ топ. Желтоқсан оқиғалары немен аяқталды?
Жеңіліспен, қудалаумен, жазалаумен.
5. Оқулықпен жұмыс. 103 бет, 3, 4 абзац.
Тақырыпқа байланысты мәтіннен 4 негізгі фактіні анықта:
- 1987ж. Шілдеде КОКП ОК «Қазақ республикасының партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары жайлы» қаулы қабылданды.
- Желтоқсан оқиғаларын « Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Тек көпшіліктің табандылық пен талап етуінен кейін қазақ ұлтшылдығы деген кінәлау қате деп мойындады.
- Қазақ КСРО ЖК төралқасының Алматыдағы 1986жылы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М. Шахановтың Швеция мен Англияның бірқатар университеттерінде оқыған дәрістерінен|: толық емес мәліметтер бойынша 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады.
- 11 м жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 жоғары оқу орнынан ректорлары орнынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды, 99 адам соттады., 2 өлім жазасына кесілді деп хабарлады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Сабақтың мақсаты:: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын...
Тәуелсіздік хабаршысы – Желтоқсан

Тәуелсіздік хабаршысы – Желтоқсан

Жамбыл облысы, Тамабек ауылы, Амангелді атындағы орта мектебінің математика - информатика пәнінің мұғалімі Оспанова Эльмира Саламатқызы...
1986 жылғы желтоқсан көтерілісі

1986 жылғы желтоқсан көтерілісі

Астана қаласы, №63 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Серикбаева Индира Аманкелдиевна...
1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

Мақсаты: оқушыларға
тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны...
Ол ақын болар ма еді?

Ол ақын болар ма еді?

Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту, желтоқсан оқиғасы жайлы түсінік беру. Қ. Рысқұлбековтың ерлігімен таныстыру. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету