Сайтқа кіру Тіркелу

IХғ-ХІІІғ басындағы Қазақстан мәдениеті

Сабақтың тақырыбы: IХғ - ХІІІғ басындағы Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: а) Оқушыларды өткен тақырыптарды қайталата отырып, қалай меңгергендерін жан жақты сұрап, тексере, түсіндіре отырып, тиянақтап қорыту;
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Отанымыздың тарихын зерттеп - зерделеуге үлес қосуға, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау. 5 минут
1. Футбол ойыны.
2. Ұлы Жібек жолындағы қалаларды атаңдар.
Сабақтың жоспары:
1. Ежелгі Қазақстан қалаларына саяхат.
2. Діни наным – сенімдер.
3. Х - ХІІ ғасырлардағы кесенелер.
4. Тұлғаны танып – біл.
Ежелгі Қазақстан қалалары:
Иасы – Түркістан Испиджаб – Сайрам Сунақ – Сығанақ
Фараб – Отырар Талас – Тараз
Археологиялық зерттеулер нәтижесінде:
Оңтүстік Қазақстанда 30 қала, кейін 37 қалаға жеткен.
Оңтүстік Батыс Жетісуда 36 қала
Солтүстік Шығыс Жетісуда 70 қала жұрты ашылған.
Қалалар көлемі бойынша бөлінуі: (тақтаға жазу)
30гектардан асатын “Испиджаб, Отырар, Сауран”
10г – 30г дейінгі қалалар “Бурух, Хурлуг, т. б”
10г жетпейтін қалалар “Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан”
Х - ХІІғғ қалалардағы басты жаңалықтар (тақтаға жазу)
1Мешіт. 2. Шығыс моншасы (Тараз, Отырар)
Берілген қате сөйлемдердің дұрыс жауабын табыңдар?
Діни наным – сенімдер ежелгі дәуірден басталып, бүгінгі таңда да кездесетін:
Ұмай анаға табыну, Отқа табыну, Ата - баба аруағына табыну
Күнге табыну, Жер - суға табыну.
Миға шабуыл: 1. Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни нанымдар болды?
2. Ислам діні қай кезде қабылданды, оны мемлекеттік дін деп кім жариялады?
3. Фран деген қандай мағына береді?
4. Отбасында қандай дінді ұстанасыңдар?
Берілген ұғымның мағынасын табу:
Зороастризм - ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні.
Тотем - адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру негізінде қалыптасқан сенім.
Ұмай ана - ежелгі түрік тайпасының құты (тотемі)
Ислам - дүние жүзіне кең тараған діни сенімдердің бірі.
Құран - мұсылман қауымының ең басы, қасиетті кітабы.
Х - ХІІ ғасырлардағы кесенелерді ата?
1. Орта ғасырлық сәулет өнерінде құдықтың үстіне салынған күмбезді ескерткіштер кездеседі. Бұл құрылыс қалай аталады? Сардоба
2. Бұл кесене көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Қожа Ахмет Йасауйдің рухани ұстазы болған адамның басына тұрғызылған кесене. Бұл қандай кесене? Арыстан баб кесенесі
3. Бұл кесене Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан. Кесенені ата Алаша хан
4. Сығанақ қаласының маңындағы Төменарық кентінің солтүстік - батысында 8км жерде орналасқан бір күмбезді кесене қалай аталған? Көккесене
5. Бабаджа - қатын кесенесі Х - ХІ ғасырларда салынған кесенелерге жатқызылады. Бұл кесененің тұрғызылғанына қанша жыл болды? 1000 - 1100жыл болған.
6. Бұл кесененің өзіндік бір ерекшелігі – далалық сәулет өнерінің үлгісінде салынуы. Кіре беріс маңдай алды киіз үйдің қос қанатты сықырлайық есігі тәрізді. Күмбездің екі жақтауы мен маңдайшасы өрнекті кірпіштермен қос сызықша етіп қоса өрілген. Құрылыс жүйесіндегі өрнек үлгілері Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Бұл қандай кесене? Айша бибі кесенесі.
Тұлғаны танып – біл.

Қ. А. Йасауи. М. Қашғари. Ж. Баласағұни. Ә. Н. әл - Фараби. А. Иүгнеки. Ә. Р. әл - Бируни

Жұлдызды сәт:
1. Әбу Насыр әл - Фараби қай жерлерде білім алған?
2. Әбу Райхан әл - Бируни аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?
3. Махмуд Қашқаридың еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?
4. Қожа Ахмет Йасауидің әулелігі неде?
5. Қожа Ахмет Йасауиден қалған ұлы мұра?
6. Отырар қаласында туған шығыстың аса көрнекті ғалымы?
«Сиқырлы сандықша»:
• Мұсылман дінінің әдет – ғұрып, салт – дәстүрлері орнатылатын қасиетті ғимарат қалай аталады? Мешіт
• Алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштерді ата? Бабаджа – қатын, Айша - бибі
• Айша – бибі кесенесі қай жерде орналасқан? Жамбыл қаласының батыс жағында, 18 км жерде
• Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы болған кім? Арыстан баб (әулие)
• Археологиялық қазба жұмыстары барысында көптеген қалалардан қандай орындар табылды? Шығыс моншалары
• Түркістан қаласындағы Шығыс моншасы қай жылы, қай ғасырға дейін жұмыс істеген? ХХғ. 60 – жыл
• Х – ХІІ ғ – да қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды? Діни кешендер
• Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады? Кесене
• Ұлы Жібек жолы қай жерден бастау алды? Қытайдан
Термин сөздер:
• Қоржын үйлер – бір - бірімен байланысты үйлер
• Ташнау – канализацияның қарапайым түрі
• Сардоба – су сақтау әрі белгі мақсатымен тұрғызылған күмбезді құдық
Тест сұрақтары деңгейлер бойынша:
І деңгей
1. Қалалар көлемі бойынша нешеге бөлінеді?
а) 3 в) 4 с) 6
2. Оңтүстік - батыс Жетісу жерінен неше қала жұрты табылды?
а) 45 в) 70 с) 36
3. Х - ХІІ ғ. ғ. қалаларындағы басты бір жаңалықтардың бірі?
а) ташнау в) мешіт салыну с) сардобалар
4. Ташнау деген не?
а) мал қора в) тандыр с) канализацияның қарапайым түрі
5. Төрт бұрышты ошақтың ауданы?
а) 40x40 в) 30x30 с) 50x30
ІІ деңгей
6. 70 қала жұрты ашылған аймақ?
а) Сырдария бойы в) Жетісудың шығысы с) солтүстік - шығыс Жетісу
7. Қаланың үшінші сыртқы бөлігі қалай аталған?
а) рабат в) цитадель с) шахристан
8. «Қоржын үйлер» қай қалада табылған?
а) Отырар в) Йасы с) Құйрықтөбе
9. Лавар, Алмалық қалалардың қай тобына жатады?
а) 1 в) 2 с) 3
10. Сырдарияға құяр жеріндегі қалалар орталығы?
а) Фараб в) Сығанақ с) Отырар
ІІІ деңгей
11. Көлемі 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалаларды ата?
12. Ұлытау етегіндегі Басқамыр, Аяққамыр және Кеңгір өзенінің бойындағы қалаларды ата?
13. Х - ХІІ ғ. ғ. қалалардың ең басты жаңалықтарын атап жаз.
14. Нешінші ғасырда бөлмелер саны көбейе бастаған?
15. Жетісу қалаларының ортаңғы ашық алаңында не болған?

Сөзжұмбақты шешу:
Х - ХІІғ қалалардың басты жаңалығы?
1. Түркістан қаласында ХХғ 60ж дейін жұмыс істеген, сәнділігі ерекше көзге түскен құрылыс?
2. Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?
3. Жуынды су ағатын құдық. Оны жер астынан қыш құбырмен қала сыртына да шығаратын болған.
4. Махмуд Қашғари қандай тілді зерттеген?
5. Әбу Наср әл - Фараби қай қалада дүниеге келді?

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.
“Ежелгі Қазақстан қалалары” тақырыбы бойынша баяндама.
Қорытындылау:
Бағалау:
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Монғол мемлекетінің құрылуы, оның қоғамдық құрылысы, Шыңғыс ханның жаугершілік соғыстары, оның себеп – салдары және қазақ халқының этникалық құрамы...
Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері

Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері

Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...
Орта ғасырлардағы сәулет өнері

Орта ғасырлардағы сәулет өнері

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек арнайы негізгі орта мектебінің тарих - география пәнінің мұғалімі Жолдасова Эльвира Берлесқызы...
Қазақстанның XIV - XV                                                       ...

Қазақстанның XIV - XV ...

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Шораева Перизада Еренқызы...
Қазақстанның ХIV – XV  ғасырлардағы сәулет өнері

Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері

А.С.Пушкин атындағы №20 орта мектеп Каленова А.Х....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×