Сайтқа кіру Тіркелу

Аталар жолымен, ағалар ізімен (кездесу кеші)

«Аталар жолымен, ағалар ізімен» кездесу кешінің бағдарламасы
Осы кезде баяу музыка ойнап тұрады
Кешіміздің мақсаты: Мектебіміздің құрылғанына 80 жыл толуына орай осы мектепті бітірген түлектер әр саланың мамандық иелері ретінде жеткен жетістіктері жайлы, оларды оқытқан ұстаздары туралы мектебіміздің жасөспірім оқушыларымен пікірлесіп, сұхбаттасу, болашақта мамандық таңдауға жол сілтеу, себепкер болу;
Жүргізушілер:..................................
Бітірген түлектер жүргізушінің жетегімен жоғары көтеріледі. ІІ қабаттағы көрмені аралайды. Залға шақырылады.

1 - жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп
Түлектерді қарсы алайық қол соға

2 - жүргізуші:
Тірлік осы атады жаңа таңдар
Жаңа таңдар алмасқан алақандар
Өмір деген биікке дара самғап
Азамат боп оралған аға - апалар

1 - жүргізуші:
Ұпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық
Мектептің 80 жылдық мерейтойына
Арнайы келген түлектерін
Құрметпен қол соғып қарсы алайық

2 - жүргізуші:
Қуаныш бүгін мереке
Шуағын шашып тұр әлем
Мектепке келген сағынып
Біздерден сізге мың сәлем

І жүргізуші Құрметті мектебіміздің түлектері, құрметті қонақтар сіздерге арналған ән шашуымызды қабыл алыңыздар.
Ән.

1 - жүргізуші
Құрдастар, сыныптастар, парталастар
Шәкірттер, бір кездегі балғын жастар
Қаншама жыл өтті мектеп бітіргелі
Бастарын қосқалы отыр бүгін достар

2 - жүргізуші:
Береке мен бірліктің басын құрап
Жүрген жандар жайқалған жасыл құрақ
Бітіргелі мектепті көп жыл өтті
Сағынысып кездесу – асыл - мұрат.
І жүргізуші Бүгін біздің ортамызда мектебімізді әр жылда бітірген мектеп түлектері мен арнаулы қонақтарымыз отыр. Құрметті қонақтарымызбен таныстырып өтейік.
-------------
Бүгінгі кездесу кешімізге келген түлектеріміздің ұстаздарымен, Сіздерді тағы да салтанатты түрде таныстыруға рұқсат етіңіздер.
-------------------------
2 - жүргізуші:
Салтанатты кездесу кешімізді ашып беру үшін мектеп директоры ------------- сөз кезегі беріледі.
1 - жүргізуші:
Мектеп, мектеп менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп ана болып көріндің
2 - жүргізуші
Бойларында жігер күші тасыған
Кездері жоқ қиындықтан жасыған
Түлектерім келіп отыр бой түзеп
Арналсыншы оларға бүгін сый - құрмет.
1 - жүргізуші
Ән. « Мектебім әні»
2 - жүргізуші:
Ақыл - білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім.
Сенде өсіп көктедім
Сенсің өмір мектебім
Ыстық мектеп партасы
Оқулығы, картасы
Мұнша қызық болғаны
Мұғалімнің арқасы
Алғыстарым көп менің
Асыл ана мектебім - дей келе салтанатты кешіміздің алғашқы сөз кезегі алтын мектебіміздің түлегі «Ынтымақ» ЖСШ – ның төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты ----------------- ағаларымызға сөз кезегін береміз.
Ән
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған
Жана берсін бақ артып бағыңыздан
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан - деп құттықтау сөз кезегін аудандық « Жаңақорған тынысы» газетінің бөлім меңгерушісі Қалдыбек Ерубай ағамызға және кент әкімі ---------------------- ағамызға сөз кезегі беріледі.
Ән
2 - жүргізуші
Ажырамай халықтан бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге
Түлектерге арналсын тілегіңіз
1 - жүр
Сөз кезегі аудандық «Әлшекей» атындағы өнер мектебінің директоры Қошқарбаев Қалдыбай ағай және кент мәдениет үйінің қызметкері ------------------------ апайларымызға беріледі.
Би………………………………………
2 - жүргізуші
Мектебімнің қиынына күйгені
Табыстарға мәз - мейрам боп жүргені
Сіздер үшін күйінгені - күлгені
Сөздер айтар бастайтындай ілгері – деп сөз кезегі аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары --------------------- және аудандық білім бөлімінің әдіскері ------------------- ағаларымызға беріледі.
Ән ———————
1 - жүргізуші
Ізгілік пен парасаттың жолдарын
Аралатқан ғалымдардың мол бағын
Көрген сайын жанарыңнан оқимын
Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн
2 - жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз ұстаздың еңбегін жоғары бағалаған. Расында да ұстаз өз шәкірттеріне аянбай білім беруден ешқашан жалықпаған. Ендеше, мерейтойда ұлағатты ұстаздарымызды неге атамасқа?! Мектебімізде шәкірттерінің сүйікті, аяулы ұстазы бола білген, ал мектеп ұжымында өте сыйлы, адамгершіліктері мол, ашық, жайдары мінездерімен қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысқан ардагер ұстаздарымызға қошемет көрсетіп қояйық!

Бүгінгі кешімізге келген түлектеріміздің ұстаздары
----------------------
Сөз кезегі өздеріңізде
І жүргізуші:
Өтті бізден балалық
Өтті бізден шалалық
Тезге салды ұстаздар
Текті мінез - даналық
Ұсынғалы адалдық
Үйреткені адамдық
Бар ұстазға тілейміз
Бақыт, табыс, амандық

ІІ жүргізуші ардагер ұстаздарымыздың құрметіне «Ұстазым» әні

І жүргізуші:
Балапандай бауыр басқан ұяда,
Бірге өскен мектебін жан қия ма?
Жолдама алып, болашаққа өзіңнен
Білім іздеп самғап ек әр қияға
Бірге жүрді, 10 жыл, бірге ойнады,
Бірге оқыды 10 жыл, бірге ойлады
Қас қаққанша неше жыл өтіпті,
Бүгін міне, түлектер кездесуді ойлады - дей келе мектебіміздің кейінгі буын түлектері аудандық әділет басқармасының бірінші орынбасары -------------------- ағайға сөз кезегін берейік.

ІІ жүргізуші
І жүргізуші
Қабыл етіп қонақтардың тілегін
Тілегіңді тұмар етіп жүремін
Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,
Өздеріңдей болса деймін түлегім,
ІІ жүргізуші
Мектебіміздің үздік түлегі --------------------------- беріледі.
Сенен ыстық алтын ұя таппадым
Өзінде өтті балғын бала шақтарым
Сағынышпен келіп тұрмыз біз бүгін,
Бетке алған соң балалықтың бақтарын
Мерекеде басты қостық бәріміз
Жарасады әніміз бен сәніміз
Әуенімен тербелейік вальстің
Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.

Ән орындалады.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Бірлік ауылы, №55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі Шокибаева Рима
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×