Сайтқа кіру Тіркелу

Ою ойғанның ойы ұшқыр

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақтың ою – өрнегімен, оның тарихымен, мағынасымен таныстыру.
Дамытушылық:Ою – өрнектің тілін түсіндіру, сырына терең мән беру арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Халқымыздың асыл мұрасын, салт – дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, кітап көрмесі, оюлы киімдер көрмесі, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2. Кіріспе бөлім.
- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз өте ерекше, келіп отырған қонақтарымыз бар. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын білу үшін мына сөзжұмбаққа назар аударайық.
3. Негізгі бөлім.
«Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық», – дейді халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы – ою – өрнектер.
Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан тұрмысқа қажеттібұйымдар өте көп.
Ғажайыпстанға Елдос пен Аяжанмен бірге саяхат жасайық. Балапан телеарнасынан хабар көру.
Экранға назар аудару.
Киімдер көрмесі:
Әдемі киімдер тігіп, оны өрнектеген шеберлер де аз емес. Қазақ халқы өз қолөнерінде ою - өрнектерді кеңінен пайдаланған. Айналамызға зер салып қараңдаршы, сол ою - өрнектер біздің залымыздың төрінен де орын алған жоқ па? Әдемі де, сәнді ойылған ою - өрнек қолөнеріміздің сәнін де, мәнін де беретіні бәрімізге белгілі.
Нұрасыл: Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Мысалы: төсеніш, ұлттық киім, үй мүліктері. Ою - өрнектерде халық дүниетанымы, оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген.
Қазақ ұлттық ою - өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы - қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады
2 слайд: Ою – түрлері:
1. Өсімдік тектес оюлар
2. Жануарларға байланысты
3. Аспан әлеміне байланысты
4. Геометриялық оюлар
Оқушылардың ойын ортаға салу.
- Ою - өрнек туралы сендер не білесіңдер?
1. Аружан: Ою - өрнек өте ежелгі өнер. Онын ұзақ та, қызық тарихы бар. Бұдан екі жүз жыл бұрын адамдар табиғатқа қазіргіден гөрі мүлдем ерекше көзбен қараған. Табиғат олардың анасы еді, ол адамдарды асырайтын, киіндіретін, емдейтін сонымен бірге, құрметтеп күтпегені үшін жазалап та алатын.
2. Аркен: Ай мен күн, теңіз бен шөп, жел мен жартас, жануарлар мен өсімдіктер ойнай біледі, сезеді, сөйлей алады, адамға көмек бере алады, олардан кек те қайтарады дегенге пенделер сенген.
3. Шахназар: Қазақтың ою және өрнек деген сөзі бірге келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Ою белгілі бір затты ою (тас, ағаш, темір, сүйек, тері, қағаз, мата). Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, желімдер жапсырып әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.
Ұлттық киім үлгілерінеде әр түрлі ою - өрнектермен заманына қарай әшекейлеп, әсемдейді.
Ендеше ұлттық киім үлгілеріне назар аударайық. Астана қаласында өткен озық үлгілер. Слайд.
Мұғалім: Ал, ою оюшыны кім дейді?
1. Нұрислам: Ою оюшыны шебер дейді. Оюшы шебер іскерлігімен қатар аталып құрметтелетін өнерде өзіндік орны бар адам. Ол өзіне дейінгі дәстүрді ою - өрнектің бүкіл сырын толық меңгеріп, оны одан ары дамытушы.
2. Амина: Қуанышын да, қайғысын да жан – жануар, аң - құс, ай мен күн, жұлдыз, тау, тасқа байланысты деп түсінген көшпелі қазақтардың сол сезімдері қолөнер туындыларында да қалыс қалмаған. Бертін келе осы өрнектердің кейбір ұқсастығына қарай атауларға ие болған.
Мұғалім: Ендеше оюлар қандай атауларға ие болған?
Ою өлең....
1. Құсмұрын деген ою бұл көрікті, осы оюды оймыштап кім көріпті?
2. Бұл өрнек деп аталған жарма мүйіз, ажарсыз оюланған бар ма киіз?
3. Санап көрші, бұл ою - алты сала,
Батыл болсаң сыза ғой қағаз ала.
4. Сегіз сала деп бұл ою аталған,
Он саусақтың көмегімен жасалған.
5. Бұл оюдың атауы үш бас деген,
Қарашы бір - біріне ұқсас келген.
6. Кел, балалар, қолға қалам алайық,
Үш түй деген оюды да салайық.
7. Жүрек деген бұл оюды құрайық,
Құрып алып үңіліп қайта қарайық.
8. Кең тараған оюдың бірі - бармақ,
Ал, осыны айнытпай кімдер салмақ?
9. Қазақтың өрнегі ғажап – сұлама,
Қолөнері ішіндегі ғұлама
10. Оюдың бұл түрі дөңгелек деп аталады. Бұл адам баласының космогоникалық ұғымынан туған, әлем кеңістігінен алынған ай, күн, жер негізі.
11. Ілгекке ұқсас бөлігі -«өмір жолы». Адам баласы дүниеге келгеннен кейін дөңге де шығады, ойға да түседі. Жүсіп Көпеев атамыз айтқандай: «Бұл дүние – бір күн мазар, бір күн базар».
12. Төрт құбыла - дүниенің қай бұрышында жүрсең де амандық тілеумен өткен.
13. Үшбұрыш (тұмарша). Жер үсті аспан болса, онда үшбұрышымыз аспан, жер, су белгісіне келетін сияқты. «Аспаның ашық болсын, суын таза болсын» деген тілеулер қазақта көп айтылады.
14. «Қошқармүйіз» ою - өрнегі байлық пен молшылықтың нышаны. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының көшпелі өмір салтымен байланысты туған.
15. «Киікмүйіз», бұл тікбұрыш жасап барып, кейін қайтуына байланысты аталған. Бұл ою құрақтың шетіне, алашаларға салынады.
Мұғалім: Анамыз қазақ оюдың да тілі бар, сыры бар, мұңы бар дейді екен. Бұған дәлел ретінде мен сіздерге мынадай аңыз айтып берейін.
Ерте заманда әріп, жазу, кітап жоқ кездерде тұрмысқа шыққан қыз, ауылына кетіп бара жатқан керуеннен кестелі орамал беріп жібереді. Оны көрген шешесі кестелі орамалдың шетінде гүлдерді көріп, е, қызымыз гүлдей жарқырап, күндей күліп жүр екен дейді.
- Ендігі кезекті осы аңызға ұқсас көрініске берейік.
Көрініс: «Сырмақ шерткен сыр»Оюлар түрлеріне қарап, әр оюдың атауын тауып орналастыр.
АРҚАРМҮЙІЗ МҮЙІЗ ҚОСМҮЙІЗ
ҚЫРЫҚМҮЙІЗ ҚОШҚАРМҮЙІЗ ТҮЙЕТАБАН
ӨРКЕШ ГҮЛ ШЫНЫГҮЛ
ШЫТЫРМАН АЛАША СУ ӨРНЕГІ БАЛДАҚ ҚАРМАҚ ТАРАҚ
- Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған екен.
4 слайд: Елімізде, әр қала, облыстарда ұлттық қолөнер туындыларынан көрмелер ұйымдастырылып өтілуде. Алматы қаласында өтілген көрмеге назар аударайық.
5 слайд: «Мақалдардың жалғасын табайық»
- Балалар, өздерінің қандай мақалдар білесіңдер?
1) Өнерді үйрен де жирен.
2) Шебер көп жерде өнер көп.
3) Үйренгенің өзіне, істегенің өзіне құт.
4) Шебердің саусағы алтын.
5) Оюды оя алмаған ойланбаған.
6) Еріншектің ертеңі бітпес.
7) Қолөнер – мал өнер.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
9) Өнер көзі халықта.
10) Шеберді шеге қағысынан байқа.
11) Қыз еркем, кестесімен көркем.
12) Ою ойғанның ойы ұшқыр.
13) Еңбексіз іс бітпейді,
Еріншектің қолы жетпейді.
Сонымен бүгінгі тәрбие сағатынан не үйрендік, қандай тәрбиелік маңызы болды?
«БӘЙТЕРЕК»ағашына үйренген; білгеніңді атап жапырақ, гүлдермен безендірейік.
Ремет Аделинаның орындауында ән: «Наурыз думан»
Бишілердің орындауында «Адай» би.
Қорытынды: Міне, балалар, оюдың адам баласына тигізер әсері көп екен. Ол адамның ойын бір жүйеге келтіреді, денсаулыққа пайдалы жағы да бар, аз емес. Ол жүйке қызметін ретке келтіруге, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді. Зейнеп Ахметованың Бауыржан Момышұлы жайында жазған естеліктерінде көптеген мысалдар келтірген. Атамыз шығармашылық жұмыс үстінде жазып отырған еңбегі өнімсіз болған кезде лезде қолына қағаз, қайшы алып ою оя бастайды екен. Сонда атамыздың шашыраған ойы жинақталып, жанына жігер бітіп шығармасын қайта алады екен.
Кері қайту
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, ою-өрнек
Ұқсас жаңалықтар:
Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық

Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық

Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілермен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули...
Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі

Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі

Мақсаты: 1. Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету; 2. Оқушыларды халқымыздың салт – дәстүріне, қолөнеріне терең...
Халқымның ұлттық өнері

Халқымның ұлттық өнері

Бабаларымыздан қалған асыл қазынамыздың бірі – ұлттық қолөнер. Ұлттық қолөнеріміздің өзі бірнеше түрге бөлінеді: киіз басу, тігін тігу, тоқыма өнері,...
Ұлттық ою - өрнек сыры

Ұлттық ою - өрнек сыры

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, № 2 К. Э. Циолковский атындағы мектеп мұғалімі Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы...
Қазақ ою - өрнегінің ұлттық киімде орналасуы

Қазақ ою - өрнегінің ұлттық киімде орналасуы

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебінің технология пән мұғалімі Аюбаев Жұмабай Қуанышбаевич...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×