Сайтқа кіру Тіркелу

"Шағын орталықпен қоштасу"ертеңгілік

« Шағын орталықпен қоштасу» ертеңгілігі.
Мақсаты: Бір жыл бойы бойларына сіңірген білім деңгейін ата-аналарға көрсету,бір-біріне деген сыйластық көзқарасында тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер,суреттер,аудио-видео
техника, қуыршақтар, бетперделер т.б.

Барысы:
І.Әнұран орындалады.
Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтып шығады.

ІІ. Тәрбиеші сөзі:
- Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! Бүгінгі «шағын орталықпен қоштасу» ертеңгілігін ашық деп жариялаймын. Ең қасиетті жеміс - білім. Енді біз де жыл бойы алған білімімізді, шағын концерттік нөмірлерімізді тамашалауға сіздерді шақырамыз.
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Ортақ болып ісіміз,
Еңбек десе тынбаймыз.

Үлкен сыйлап кішіміз,
Аға ақылын тыңдаймыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз!

- Ал енді балалар сіздерге өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып береді.
Хормен
Шағын орталық есігін,
Төртке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді орталық.

Айкерім
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен.
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен -
Тәрбиеші мұғалім.
Айым:
Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды.
Бойымызға сіңірген,
Көптің қамын ойлауды -
Тәрбиеші мұғалім.

Мұхамед
Шашымды да тарадым,
Айнаға да қарадым.
Ерте тұрдым ұйқымнан,
Мен мектепке барамын.

Ақбота
Таудай биік талабым,
Суретті де саламын.
Әзір менің дәптерім,
Қарындаш пен қаламым.

Ойрат
Көңілдіміз, күлеміз.
Ертегіні білеміз.
Шағын - біздің үйіміз,
Тату-тәтті жүреміз.

Нарина
Баулып апа,ағамыз,
Құстай қанат қағамыз.
Жақсы болып өсуге,
Біз тырысып бағамыз.

Айдина
Мектебім менің байтағым,
Күліп-ойнап қайтамын.
Ән саламын, би билеп,
Тақпақты да айтамын.

Алина
Бұл - құшағы тым ыстық,
Мектебіміз бастапқы!
Мұнда жақын туыстық,
Мұнда тұңғыш дос таптық.

Серікжан
Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз,
Біз - осы үйдің сәніміз.
Дильназ
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

Сертай
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем - сөздің анасы».

Нурали
Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен - бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

Чингизхан
Әжең - асыл ардағың,
Атаң - дана қорғаның.
Сен - бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

Жанель
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт – берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын Анаң қымбат.

Жансая
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс
Ұстазымыз алғашқы!

ІІІ. Айкерімнің орындауында «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.
ІҮ. «Ертегілер еліне саяхат жасайық.»

«Бауырсақ» ертегісі.
Автор - Айым
Ата-Серикжан
Апа -Жансая
Бауырсақ -Шыңғыс
Қоян - Алина
Қасқыр - Ойрат
Аю - Азамат
Түлкі - Дильназ

«Шалқан» ертегісі.
Шалқан-Серижан
Ата-Азамат
Апа-Ақбота
Қыз-Нарина
Ит-Сертай
Мысық-Айдина
Тышқан-Айкерім

Ү.Тәрбиеші:
Агөлек-ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп,- демекші біздің үйренген биімізді тамашалаңыздар
«Қара жорға биі»
Тәрбиеші:
Ән –көңілдің ажары,-демекші енді әнге кезек берейік, Айымның орындауында «Алтыным»әні.
ҮІ.«Шағын орталықпен қоштасу биі» Вальс тамашалаңыздар.

Чингизхан - Айым
Азамат - Дильназ
Алишер - Жанель

ҮІІ.
«Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтау.
Құттықтау сөздер: ата-аналар, директор, завуч,мұғалім.Диплом,алғыс хатпен марапаттау.
-Осымен бүгінгі «Шағын орталықпен қоштасу»ертеңгілігіміз аяқталды,барлықтарыңызға көп-көп рахмет!
Кері қайту
Ілмек сөздер: тәрбие, сағаты
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×