Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...

Оқушылар құрметпен тұрып әнді бастайды.
Хор. «Ұстазым», сөзі: Қ. Мырзағалиев, әні: Ә. Молдағайынов.
Тәрбиеші: Өмірде әр адам баласының ұзақ тарихында рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен тәжірибесі осының бәрі «көрегендік» қасиетпен ұрпақтан ұрпаққа ұстаздық - шәкірттік үрдіс арқылы беріліп, жалғасын тауып жатыр.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп, Абай атамыз да жырлаған. Баланың тұңғыш ұстазы мектеп табалдырығын алғаш аттағанда алдынан күтіп алып, әріп танытып, жазу жаздырып үйреткен мұғалім.
Қымбатты мұғалімдер Сіздерді төл мерекелеріңізбен, Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...» Ұстаздық жолындағы еңбектеріңіз жансын.
1 - жүргізуші: Ұстаз. Ұстаз сөзінің ұғымы кең.
2 - жүргізуші: Ұстаз. Иә, оның негізгі мәні жақстылықта, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуді үйретуге тәрбиелейді. Ұстаздық ұғымының астары адамгершілікпен, әдеп - инабаттылықпен, ізет - құрметпен, білім - парасатпен байланысып жатыр.
1 - жүргізуші: Демек, кең мағынада нәрестенің дүниеге келіп, толысқанша өнер, білім, әдеп, тәрбие, кәсіп үйренген адамы ұстазы болады да, сол үшін, меніңше, шәкірт ұстаз алдында қия өтпей, өмір бойы өзін қарыздармын деп, саналы ұстаздың өзін, сөзін ардақтап өтуге тиіс.
2 - жүргізуші: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық, мұғалім - мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтсам.
1 - жүргізуші: Ал, ұстаз сөзі – дәстүрлі мағынасында алғанда, оқу орнында арнайы сабақ беріп, дәріс беретін адамға қатысты қолданылады.
1 оқушы: «Ұстазды жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының бойына шынайы білім - білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылым негіздерін тоқыта алған, бүлдіршінді майталман бағбандай мәпелеп баулып, үйренген нәрселерін өмірде іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған, сөйлеген сөзі, парасат пайымы, инабаты үлгі болған адам – ұстаз.
2 - оқушы: Асыл ұстаз – мектеп жүрегі,
Шуақ шашар реңі.
Ұстаз деген – ұлы тұлғалар есімді,
Біз үшін өмір сүреді.
Терең зерттеу ісімен,
Жүреді ұстаз үнемі.
Ұшқыр білім үшін өмір сүреді,
Терең терең мейірімді ісімен.
Қырдағыны бірден байқап үнемі,
Ұлы тұлға болса егер,
Шәкірттерге арналады жүрегі.
Білім, өнер жолыменен ақылды,
Үйретуді парасатпен береді.
Ән: «Мектебім». Сөзі: М. Мақатаевтікі.
3 - оқушы: «Шәкірт ұстаздан озса игі» деген сөз тегін айтылмаған.
Көтеріп жүктің салмағын,
Жолыңда өмір талмадың.
Мейірің қандай шуақты,
Ұстазым - асыл арманым!
Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым.
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
1 - жүргізуші: Ойын «Ең, ең» (ортаға ең ұзын шашты, ең ұзын бойлы, ең ұзақ еңбек өткен ұстаздарды шақырып құрмет көрсетеді).
4 - оқушы: Абай «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деу арқылы ұстаздардың шәкірт ұғымын бірінің екіншісіне үйретуі, екіншісінің ынта қойып, білім алатын яғни ғылымның іліміне ие болатынын мұрагер ғана емес, ілгері жалғастырып дамушы ретінде анықталған.
5 - оқушы: Ұстаз, шәкірт сөздері - біздің халқымызға өте қадірменді, қастерлі ұғым. Олар білімділік, әдептілік, көрегендік, имандылық, кішіпейілділік, даналық, парасаттылық мағынасында түсіндіріліп, қабылданып келген. Ежелгі грек философы, данышпан ойшыл Аристотельдің «Бірінші ұстаз», өзіміздің арғы бабамыз Фарабтан (Отырардан) шыққан кемеңгер, ойшыл, әмбебап ғұлама Әбу Насыр әл - Фарабиді «Екінші ұстаз» атануынан халқымызға қаншалықты баға берілгенін көреміз.
2 - жүргізуші: «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаздық атаққа азапты еңбек, шынайы шеберлік арқылы қол жеткізуге болады. Ұстаз жолындағы еңбектеріңізге қажымас қайрат, асқан шеберлік тілеймін.
1 - жүргізуші: Өткен заманның ғалымдарының бірі айтқандай, «Жақсы мұғалім жақсы шәкірт жасайды». Демек, сонда ғана ол шын ұстаз бола алады.
2 - жүргізуші: Ал біздің ата - аналарымыз сол ұстаздың қалтқысыз көмекшілеріне айналып, балалардың ұстазға деген сүйіспеншілігінің артуына, оның берген білімі мен тәрбиесін ынтамен қабылдауына жәрдем беруі тиіс.
6 - оқушы:
Есімде мәңгі қалдың да,
Жүректе ән боп жаңдың ба?
Есейіп бүгін кетсемде,
Шәкіртпін ұстаз алдында!
Білім - ойдың сұлуын,
Жүрегіннің жылуын,
Шашу еткен – Ұстазым!
«Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті»,- деп К. Д. Ушинский айтқан. Осы жер жүзіне сәуле шашқан күндей Сіздерді біздің құдіретті сәулеміздей болуларыңызға тілектеспіз. Еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Ұстазым менің ұстазым!

Ұстазым менің ұстазым!

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін балалардың бойына дамыту, әрі...
Мұғалімдер арасында

Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
Жырлаймын ұстаз өзіңді (ұстаздар күніне арналған сценарий)

Жырлаймын ұстаз өзіңді (ұстаздар күніне арналған сценарий)

Мақсаты: оқушылардың бойында ұстаз деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай...
«Ұстаздық ұлы қызмет» мерекелік ардагер – ұстаздармен кездесу.

«Ұстаздық ұлы қызмет» мерекелік ардагер – ұстаздармен кездесу.

Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, Ж. Қалдығараев орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Наренбаева Акнұр Жауғаштықызы...
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым. Ұланың бүгі тойыңда, Арнайды саған бұл әнін....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету