Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Әжелер мен немере

Тақырыбы: «Әжелер - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары»

Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақтың салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарын бойға сіңіру. Өнерлерін ортаға салу.

1 - жүргізуші: Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Әже мен немере тойы басталмақшы,
Қызықтан тыс қалмаңыздар!

2 - жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз, мерекеміз,
Қалайша мұны біз бекер дейміз.
Ұстаздар құтты болсын, ару тойы!
Әжелер, аналар құтты болсын мерекеңіз!
1 - жүргізуші: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

2 - жүргізуші: Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.

1 - жүргізуші: Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі - әжем.
2 - жүргізуші: Қадірменді қонақтар, ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі «Әжелер - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Әженің тәлім - тәрбиесін көріп, үйренбеген немере болмас! Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық.
2 «А» класс оқушысы Максутова Әйгерім мен Қансұлу әже
2 «Ә» класс оқушысы Жеткізген Арайлым мен Айжан әже
2 «Б» класс оқушысы Бауыржан Толқын мен Бақыт әже
3 «А» класс оқушысы Әлібекова Бақытгүл мен Мария әже
3 «Ә» класс оқушысы Сафина Жібек пен Мейрамгүл әже
3 «Б» класс оқушысы Қалжанова Күнсұлу мен Әнипа әже

Мерекелік думанның беташар сөзін мектеп директоры Айсұлу Берікқызына береміз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру.
2. «Өнер - ағып жатқан бұлақ»
Өз өнерлерін көрсетеді.
3. «Білгенге маржан»
Әжелерге – салт - дәстүрлерге байланысты сұрақтар, немересіне – мақал - мәтелдер жалғастыру
4. «Шебердің қолы ортақ»
Әжелер де, немерелері де қол шеберліктерін ортаға салады.
2 - жүргізуші: Әділдікпен баға берер ортада,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Нағыз Әже таңдап бүгін алуға.
Әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар. Жақсыбаева Айсұлу Берікқызы - мектеп директоры Кустубаева Айнұр – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утегенов Рүстем - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нағашыбаева Алтын - ата - ана
1 - жүргізуші: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
2 - жүргізуші: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ортаға 4 «Ә»класс оқушысы Наурызбаев Қуандықты шақырамыз. Бүгінгі мейрамды «Ана» әнімен ашып берсін.
1 - жүргізуші: Кішкентай арулар мен әжелер де келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға. Енді сайыскерлермен танысудың уақыты да жеткен секілді. Сөз кезегі өздеріңізде.
2 - жүргізуші: Асыл сөздің атасы,
Ақын болар ұрпақпыз,
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз.
«Өнер - өнерліге ғана оңай»- деп атамыз қазақ айтқандай, сайысымыздың «Өнер - ағып жатқан бұлақ» кезеңіне кезек те келіп жеттік. Әр кластан келген немере мен әже өз өнерлерін ортаға салады.
2 - жүргізуші: Әже маған үлгі сөзіңіз
Өнегесіз өзіңіз
Жақсылыққа талпынар,
Біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене
Жаман деген немене,
Осындайда, әжетай
Айтыңызшы өнеге.
1 - жүргізуші: Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.
Үлкенді сыйлау ұққанға соның бірі,
Зерделі ой зейінді қызды сынар
«Білгенге - маржан» кезеңінде әжелер қазақтың салт - дәстүрлерін ортаға салса, кішкентай қыздар мақал - мәтелдер сайысына түседі. Сайысқа қатысушылар дайын болғанша ортаға 4 «Ә» класының көңілді би тобын шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
Әжелерге берілетін сұрақтар:
1 - сұрақ. Ерулік беру - қазақтың салт - дәстүрінің бірі. Мағынасын түсіндіріңіз. 2 - сұрақ. Қазақтың әдет-ғұрпының бірі - қалау немесе қалап алу. Мағынасын түсіндіріп беріңіз. 3 - сұрақ. Сарқыт деген әдет - ғұрыптың мағынасын түсіндіріңіз. 4 - сұрақ. Сәлемдеме беру деген әдет - ғұрып бар. Мағынасын ашыңыз. 5 - сұрақ. Базарлық деген не? 6 - сұрақ. Асар деген салт - дәстүрдің мағынасын түсіндіріңіз.
Қыздарға берілетін мақал - мәтелдер:
Карға баласын “аппағым” дейді.
Кірпі баласын “жұмсағым” дейді.
Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай - күнім — анам" дейді.
Ақ жаулығы ананың —
Ақ көрпесі баланың.
2 - жүргізуші: Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан.
Бұл сайыс кезеңінде әжелер әр түрлі қол өнерден сынға түссе, немере қыздар түрлі - түсті қағаздармен жұмыс жасайды. Қатысушыларға сәттілік тілейміз.
1 - жүргізуші: Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін. 3 «Ә» класс оқушысы Төлегенова Сымбаттың орындауында «Асыл әжем» әні. Қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: Менің әжем, бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем.
Менің әжем, нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем.
Менің әжем, жыр әжем
Шуағы мол, нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп
Аман – есен жүр, әжем!
1 - жүргізуші: Данышпан Әжем менің жаның таза,
Мейріммен сөзін айтқан күн шуақта.
Білімді, қайдан жидың парасатты,
Өзіңдей ақыл айтқан Сократ та.
Құрметті қонақтар, әжелер мен кішкентай бүлдіршіндер! «Әжелер - көңілдің ажары, Немере - өмірдің базары» атты сайыс өз мәресіне де жақындады. Сөз кезегін әділ қазылар алқасына берелік.
2 - жүргізуші: Осымен бұл қызықты тамамдасақ, Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ. Үйрендік білмегенді осы жолы, Тағы да үйренеміз аман болсақ.
1 - жүргізуші: Сайысқа қатысушыларға ақ ниетімізден алғыс айта отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар.
Кері қайту
Ілмек сөздер: әже, немере, тәрбие сағаты
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету