Сайтқа кіру Тіркелу

Қош келдің, Әз - Наурыз!

«Қош келдің, әз – Наурыз!»
О, жарандар, жарандар
Бәрің мұнда қараңдар
Наурыз тойы басталды,
Текке қарап тұрмаңдар
Әуелесін армандар
Үміті от боп жанғандар
Бақ дарып, Қызыр қарасын
Мерекеден қалмаңдар
Жүргізуші: Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен,
Жолықсын қариялар жас күнімен.
Үлгі алсын жас ұрпақтар, той бастайық,
Ежелгі ата - баба дәстүрімен
2 - жүргізуші: Ақынның шарықтасын асқақ әні,
Көтеріп жұрт көңілін тастағалы.
Ағайын жолыменен бұрынғының,
Отырмыз осы тойды бастағалы.
1 - жүргізуші: Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінің Нау – жаңа, рыз – күн деген сөздерінен шыққан, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал, қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден наурыз айы, үшіншіден – ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күні» деп атаған.
(Ардақты ағайын! Қадірменді қауым! Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз тойын ашу үшін сөз Сапақкөл орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Оразғалиева Индираға беріледі.)
1 - жүргізуші: Құрманғазы күйінің күмбірлеген
Төгіледі әуені сізге деген
Толқиды домбырадан шыққан күй
Жырлайды қазағымның сырын шертіп
Назды әуен, сырлы сезім сиқырлы күй.
(Эстетика пән бірлестігі: күй орындайды).....
2 - жүргізуші: Көргенде қуанасың таза әуені
Құлаққа естілгендей жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызың құтты болсын – Қазақ елі!
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу - маржан шашайық!
Жиналған жұрт таң қалсын
Өнерден шашу шашайық!
Ән:......
1 - жүргізуші: Наурыз – жаңа жылды қарсы алудың қазағымның ең бірінші салты, таң сәулесі қылаң бере шырақ жағып, үй ішін аластаудан басталады.
Ұлыстың ұлы Күн - Ана дүниеге өзінің сәулесін, нұрын, құтын құяды. Ол нұр, құтын көкжиектен көтерілген бастапқы алғашқы екі сағат мерзімде ерекше қасиетті мол ырыста болады деп есетеледі. Сондықтан Ұлыстың ұлы күні атқан таңды, шыққан күнді маңдайын тосып қарсы алған екен Ақ жаулықты аналарымыз, ендеше ағайын әжелерді ортаға шақырайық

2 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық.
(Бастауыш бірлестігі: әжелер шығып шашуларын шашады)
1 - жүргізуші: Ал, халайық тұрмайық
Әндетейік жырлайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би - билеп
Інжу маржан шашайық.
Ән: «Сәукеле» Гүлханым
2 - жүргізуші: - Баба, халқымыздың салтында кез - келген той - томалақтың, ойын - күлкісіз думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын - күлкінің көркі сәні болған Алдаркөсе, Қожанасыр, Тазша балаларды ұмытпаған боларсыз. Бүгінгі тойымызға сол кісілер келіп отыр. Соларды ортаға шақырып қызықтарын тамашаласақ қайтеді?
1 - жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өркендерге тамсанайық,
Аңыз бен ертегіден бізге жеткен
Құрметті қонақтарды қарсы алайық.
Тіл бірлестігі «Алдар көсе»
2 - жүргізуші: Наурызым! Байлық – берекем!
Өзіңмен ғана ел екем!
Бар болғаны, ол сен жоқта,
Қол жетпейтін жер екен.
Ән...
Ұлы күнде халайық,
Қалай қарап қалайық,
Сәйгүліктей ағайық,
Жасын болып жанайық
Ортамызға шақырып,
Бабамыздың Қыдырдай
Ақ батасын алайық
Қыдыр ата сөйлейді
Наурыз болып бізге сын,
Кержалқаулар торықсын
Талапты мен іскерге
Қыдыр келіп жолықсын!
Ән......
Наурыз тойын тойлайық міне ағайын
Амандықпен туа берсін күн сайын
Бақыт тілеп, бақ тілеп халқымызға
Мерекені бүгінгімен жабайын
Молшылық пен тыныштық боп жерімізде
Бейбітшілік нық болсын елімізде
Достықпенен жайнай берсін отанымыз
Желбіресін қазақ туы көгімізде.
Жиналған құрметті қауым! Келесі наурызда да төрт көзіміз түгел, уайым - қайғысыз амандықпен кездесейік. Бас аман, бауыр бүтін болсын!

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Сапақкөл орта мектебі
директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Қисымбетова Саржан Каримжанқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қош келдін, Наурыз!

Қош келдін, Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;...
Наурыз күні қандай мағына береді?

Наурыз күні қандай мағына береді?

«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі....
Армысың, әз Наурыз!

Армысың, әз Наурыз!

Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды...
22 наурызға арналған тәрбие сағаты. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!

22 наурызға арналған тәрбие сағаты. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!

Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның...
Қош келдің, Әз Наурыз

Қош келдің, Әз Наурыз

Жүргізуші: Армысыздар, халайық! Бармысыздар, халайық! Наурыз тойын жұп жазбай, Жылда қарсы алайық!-...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×