Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қазақша презентация (слайд): Тоғызыншы 9 Мамыр - Жеңіс күні

Қазақша презентация (слайд):
Тоғызыншы 9 Мамыр - Жеңіс күні

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.

Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры

1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8 - гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі танкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30 - қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.

Презентациясын жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлы даланың батыр қыздары

Ұлы даланың батыр қыздары

Кеңес Одағының батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің биік тұлғасын суреттеу арқылы - ұлтын сүйетін, еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды...
Тарихта мәңгі қалатын күн

Тарихта мәңгі қалатын күн

Мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән - маңызы туралы мағлұмат беру. 3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі...
Қазақстан 1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында

Қазақстан 1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында

БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жумагалиева Жайнагул Сагынкожиевна...
Соғысты ұмытпайтын себебім...

Соғысты ұмытпайтын себебім...

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектебінің 2 “ ә” сынып оқушысы Белмұрат Санжар Жетекшісі: Сауытбаева Гульмира...
Ұлы жеңіс - жасасын!

Ұлы жеңіс - жасасын!

Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету