Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тәуелсіздік таңы

Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы
Мақсаты:
 Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
 Оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
 Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеу, шыншыл болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
- Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Отан дейміз - от жаққан жерімізді,
Отан дейміз – өсірген елімізді.
Отан дейміз – туған жер, атамекен,
Биік тау, орман тоғай көлімізді.
Отаным менің кең байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін Қазақстан?!
Оқушылар, бұл өлеңде не туралы айтылған?
Отан дегенді қалай түсінесіздер? (оқушылар жауаптары)
1. Отан деген не?
2. Қазақстанның рәміздерін ата?
3. Қазақстан Республикасының Президентін ата.
Ту – Шәкен Ниязбеков
Елтаңба - Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
Әнұран - Ш. Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев

Мұғалім сөзі: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтар мен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат – мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
- Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
(Боран, дауысы).
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Мұғалім сөзі
1986жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

1 - оқушы Бақдәулет
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.

2 - оқушы Марал
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата - баба аруағына сыйынып.

3 - оқушы. Ләйлә
«Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.

Қызылорда қаласы,
№39 «Қызылөзек» орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Есетова Айдана Аманбайқызы

Тәуелсіздік таңы. жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат -...
Қазақстан - менің Отаным

Қазақстан - менің Отаным

Тақырыбы: Қазақстан - менің Отаным Мақсат: Оқушыларды 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтау. Елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу Тәуелсіз ел...
Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Сабақтың мақсаты:: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын...
Бар береке Қазақстан жерінде

Бар береке Қазақстан жерінде

Қызылорда обл, Қармақшы ауд, Алдашбай-ахун ауылы № 10 Балабақша тәрбиешісі Қияс Ардақ...
«Қазақ елім- Отаным»

«Қазақ елім- Отаным»

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету