Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ынтымақты отбасы

Ынтымақты отбасы
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау.
Отбасы - отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа, мейірімділікке ата аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: Ата – аналар мен балалармен сайыс түрлері өтеді.
Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал - мәтелдер жазылған плакаттар. «Менің отбасым» тақырыбындағы шығармалар көрмесі және слайдтар таныстырылады.

Барысы:
«Қарт пен бала әңгімесі» (аңыз әңгімеден қойылым)
Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып:-
Ата, мені де ала кетесіз бе?- дейді.
Қарт:- Балам, мен 47 мектепте болғалы жатқан «Ынтымақты отбасы» атты тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың, — дей бергенде:
Бала:— Ата маған сұрақ қойыңызшы, — деді бала.
Қарт:-- Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Бала:- Ата, үйдің алтын қазығы – бала.
Қарт:- Жоқ балам, үйдің алтын қазығы – АНА. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғанышың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа.
Бала: Ата, әке сонда кім?
Қарт: «Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ»деген. Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Перзент жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата - анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.

Ынтымақты отбасы. жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету