Сайтқа кіру Тіркелу

Мен, Қазақстанның патриотымын!

Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
ІІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалім: Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу. Бүгін сендермен «Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің?» – тақырыбында пікір сайыс өткізбекпіз. Ол үшін, екі топқа бөлінейік: ( қиылған открытканы құрастыру арқылы, «Ұшқын», «Жалын»
Енді сіздерді екі топпен, топ жетекшілерімен таныстырып өтейін.
І - топ - Ұшқын. « Ұшқыннан жалын лаулайды».
Топ жетекшісі -------------------------------.
ІІ - топ – Жалын. « Мен жанбасам жалын боп, сен жанбасаң жалын боп, кім жанады жалындап». Топ жетекшісі -----------------------------
Мұғалім: Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын - жыраулардың барлығының мақсат - мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым - білім, өнерді үйретуді армандады. Осы туралы ойларыңыз?
І - топ -------------: Ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді дәріптегенін және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады.
ІІ - топ ---------------: Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Т. Рысқұлов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.
А. Байтұрсынов: - Қазағым елім! Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның Аш көзіңді оянып...- десе,
М. Дулатов: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді.
Ал, С. Торайғыров: Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың кегіне, Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер - білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады. Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді - енді ғана жетіп жатыр.
І – топ ------------------: А. Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар - ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның « Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен, тек тату - тәтті өмір сүруге шақырады.
Мұғалім: Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?
І - топ ------------------: Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс батыр тұлғалары, ақын - жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең - жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор.
ІІ - топ ---------------: Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш - жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш - жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.
І - топ ---------------: Б. Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман - саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну. қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан - жақты анықтама берген.
ІІ - топ -------------------: Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс.
І - топ: -------------------: Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.
ІІ - топ --------------------: Патриот сондай - ақ туған жерге, ата - бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.
Мұғалім: Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесіңдер?
(әр топтан оқушылар өз ойларын ортаға салады)
Мұғалім: Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма? Бар болса қандай әндер? (әр топтан оқушылар ортаға шығып өз ойларын айтады
Мұғалім: Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз? (әр топтан оқушылар ортаға шығып өз ойларын айтады)
ІV. Қорытынды.
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.
• Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
• Туған жерге деген ыстық сезім;
• Ата - баба өсиетіне адал болу;
• Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
• Бойындағы күш - қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
• Ана тіліне деген құрмет;
• Өз халқының әдет - ғұрпын және салт - дәстүрін құрметтеу;
• Елдің тарихын құрметтеу;
• Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
• Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
• Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
• Заңға бағыну;
• Үкіметті сыйлау;
• Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
• Туған жерге, ата - бабасы жатқан жерге құштарлық;
• Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тынбай нығайту;
• Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;
• Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек. Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз
1оқушы:
Менің ұғымындағы патриоттыққа келер болсақ, біріншіден, мен өзімді патриотпын деп есептеймін. Менің бұған дәлелім, кез келген жерде кез келген уақытта тек қазақ тілінде сөйлеймін. Егер маған қазақ тілінде ақпарат бере алмайтын орта болса, ана тілімізде жауап қатуды талап етемін. Менің бұл өз тіліме деген үлкен құрметім. Патриоттық ұғымымызда еліне, туған жеріне деген ғана сүйіспеншілікпен ғана шектеліп қоймайды, ол қазақ халқына тән барлық құндылықтарды құрметтеу болып табылады.
2оқушы:
Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан от басынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата - анам мені мектепке бермей тұрып - ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып - білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін.
3 - оқушы:
Мен әрине, өзімді патриотпын деп санаймын. біздің дәстүрімізге, мәдениетімізге үлкен қызығушылар танытатындар өте көп. Бұл мен үшін мақтаныш. Өзімді қазақ екенімді, қазақ болып туғанымды мақтан етемін. Патриоттық, меніңше, білгелі бір уақытқа, кезеңге бөлінбейді. Ол әрқашанда өзінің ұлтына деген ыстық сезімнен тұрады.
4оқушы:
Өзімді патриотпын деп ойлаймын. Әрбір қазаққа қатысты дүние болса, оған бей - жай қала алмаймын. Қолымнан келгенше көмегімде ұсынуға дайын тұрамын. Бұл ұлтыма деген ыстық ықыласымнан деп білемін. Өз бойымдағы патриоттық сезімді сөзбен жеткізіп айту қиын, әрине. Биылғы Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің әрбір спортшысына жанкүйер болдым. Әсіресе спортшыларымыз алтыннан алқа тағып, көк туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз шырқалып жатқан уақытта көзіме еріксіз жас келді. Бұл бір қазақ ұлтына деген ұлы махаббаттан деп айта алар едім. Қазіргі уақытта патриоттыққа келер болсақ... Мен сізге мынандай бір мысал келтірейін, қалада бірде таңертең үйден шығып аялдамаға қарай бара жатсам, жасы 3 - 4 шамасындағы түріктің баласы қолын жүрек тұсына қойып, айқайлап қазақтың әнұраның айтып келе жатыр. Әнұран біткен соң екінші қайтара тағы айтты. Қасында жетектеп келе жатқан әкесіне сен де бірге қосылып айт деп қолқа салып қояды. Байқап келе жатқан мен, оған қызыға, таңдана қарадым. Міне, Отанды сүю отбасынан басталады деген осы. Күнде таңертең сол жолмен кетіп бара жатқанда қаншама қазақтың кішкентай баласын көремін. Бірі мектепке, бірі балабақшаға асығып бара жатқан. Бірақ ешқайсының осылай әнұран айтып кетіп бара жатқанын осы уақытқа дейін байқамаппын. Айтпағым қазақтың әрбір баласын кішкентайынан осындай тәрбиеге баули білсек, шынымен еліне, ұлтына жаны ашитын ұрпақтың саны көп болар еді.

5 - оқушы:
Әрине, патриотпын деп айта аламын. Оған толық негіз бар. Өткенде білесіз, Шахтер мен Селтик арасындағы ойынды. Қаншама қазақ жанкүйер болды. Соның ішінде мен де бармын. Менің футболға аса қызығушылығым жоқ. Алайда өз елімнің командасы ойнап жатқанда, бей - жай отыра алмадым. Шын жанкүйер болдым. Ойынды дәл стадионға барып көрмесек те, достарымызбен жиналып үйде қарадық. Көк туымыз қолымызда, голдар соғылып жатқандағы қуанышты сәтті айтып жеткізу мүмкін емес. Осының барлығы елге деген сүйіспеншіліктен. Егер патриот болмасақ, мұндай қуанышты сәтте жүзімізге қуаныш та күлкі де ұяламас еді. Керісінше, ой, қойшы бұлар бәрібір ұтылып қалады, ойнай алмайды деп қолды бір сілтеуге де болар еді. Қазіргі уақытта патриоттық деген, меніңше, бірінші орында елге, сосын тілге құрметтен басталды. Патриотпын деген жастар ең бірінші сол – ана тілімізге деген құрметтен бастаса екен.

ШҚО. Көкпекті ауданы, Тассай ауылы,
«Әуезов атындағы орта мектебі»КММ
Смагулова Бақытгуль Акытовна
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сүйіспеншілік туралы ұлағатты сөздер

Сүйіспеншілік туралы ұлағатты сөздер

Тамаққа деген сүйіспеншіліктен шынайырақ сүйіспеншілік жоқ шығар. Бернард Шоу...
Мен - Қазақстанның патриотымын

Мен - Қазақстанның патриотымын

ПАТРИОТ - өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам екенін атап өту маңызды. ПАТРИОТИЗМ ген арқылы қаланбайды, бұл - жеке тұлға,...
Болашақ ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру жолдары

Болашақ ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру жолдары

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани – патриоттық тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру...
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің басты бағыты

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің басты бағыты

Ақтөбе қаласы №41 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Cәрсенова Нәписа Ысқаққызы...
Жастардың бойында патриоттық сезiм

Жастардың бойында патриоттық сезiм

Бүгінгі күні балалар мен жастардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен берілгендік сезімін қалыптастыру, азаматтық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×