Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Әжелер көңілдің ажары

Ертеңгілік:

«Әжелер - көңілдің ажары»
Хор: Бала тілегі
Мейірімді әжелер, аяулы аналар, құрметті апайлар біздің кішкентай ару қыздарымыз! Бүгін біз көктемнің алғашқы күндерінде «8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне жиналып отырмыз».
Әкелетін отбасына береке ең
Әз аналар арамызда көп екен.
Жыл құсындай көктем сайын аралап,
Құтты болсын нұрға толы мерекең!
Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығыңмен, шуағымен күн - Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Б/б меңгерушісі Ғ. Б сөз береміз.
Бүгінгі көктемнің ерекше мерекесіне орай «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиеленушілері әжелерімен бірге «Әжелер көңілдің ажары» атты сайысқа түспекші.
Сайыс 6 шарттан тұрады.
Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін
1. Тегін білу тектілік - өзін таныстыру.
2. «Өнерлі өрге жүзер» - өнерін көрсету.
3. «Шебер қолдар» - тұс киіз жасау
4. «Жақсы сөз - жарым ырыс» - мерекеге байланысты құттықтау
5. «Қонақ жайлық - ата дәстүріміз»- үйден салат жасау
6. Папка дайындау.
Байқауға қатысатын үміткерлеріміздің өнерін сараптап бағалау үшін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Нұғманова Ержамал Ақайдаровна
2. Тлеубаева Күляш Аязбаевна
3. Тажгарина Нұрия Касымовна
Ендеше сайысқа қатысушы әжелерімізді ортаға шақырамыз.
1. Насырова Дария Нұрзада әжеймен
2. Еделова Анель Гүлімжан әжеймен
3. Байдеш Радмир Алима әжеймен
4. Жиенгалиева Ақбота Света әжеймен

Өнер қуып әжелер өтер деймін
Балдарымен мұратына жетер деймін
Бұл сайыста әжелер кезектесіп
өздерін таныстырып өтер деймін, ендеше сайыскерлерімізді бірінші шарты - таныстыруға кезекпен ортаға шақырамыз.

1. Насырова Дария Нұрзада әжеймен
2. Еделова Анель Гүлімжан әжеймен
3. Байдеш Радмир Алима әжеймен
4. Жиенгалиева Ақбота Света әжеймен

Би дегенің әдемілік жайнаған
Сұлулықпен сәнге толар айналаң
Би дегенің – сұлулықтың символы деп
санайды екен, балайды екен ойлы адам -, дей келе
Ортаға «Құлыншақ» тобының бүлдіршіні Аманғос Жүзімді «қазақ биімен» ортаға шақырамыз.

Шырқаған балапаны өз тілінде
Күнім шықты алдымнан сен күлімде
Бүгінгі күн ән айтып би билеген
Құштар болып, биікте сен өнерге -, дей отыра сайысымыздың ІІ шарты бойынша Өнерлерін көрсетуге ортаға шақырамыз.
1. Насырова Дария Нұрзада әжеймен
2. Еделова Анель Гүлімжан әжеймен
3. Байдеш Радмир Алима әжеймен
4. Жиенгалиева Ақбота Света әжеймен

Сайысымыздың ІІІ шарты бойынша «Шебер қолдар» - тұс киіз жасау сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз

Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер келіп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуді.
Ортаға Жұмабек Күмісайды «Қуыршақ» биімен қарсы аламыз.
1. Насырова Дария Нұрзада әжеймен
2. Еделова Анель Гүлімжан әжеймен
3. Байдеш Радмир Алима әжеймен
4. Жиенгалиева Ақбота Света әжеймен

Сайысымыздың IV шарты бойынша «Жақсы сөз - жарым ырыс»- мерекеге байланысты құттықтау сөз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
Көктемнің келіп әлемнің барша алабы
Жақсы күндер келді деп, ән салады
Аянадай мың бұралған үнді қызын
Көрермендер қол соғып қарсы алады
Ортаға үнді биімен Аянаны шақырамыз.

Анаға қарап қыз өсер
Маздаған шоқты кім көсер
Кезекте келіп қалыпты
Үй тапсырмасын көрсетер
Сайысымыздың V шарты «Қонақ жайлық - ата дәстүріміз» - үйден салат жасау. Сайыскерлерімізді үй тапсырмасымен ортаға шақырамыз.
Осымен «Әжелер өмірдің ажары» атты сайысымыз мәреге жетті, қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша бүлдіршіндерімізді ортаға биге шақырамыз.
Құрметті қонақтар, аналар өздеріңізбен бірге қызықтап өнерлерін тамашалаған «Әжелер өмірдің ажары»сайысы да аяқталды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші бүгінгі жарысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Мерекелеріңіз тағыда құтты болсын аналар! Келесі кездескенше аман - сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету