Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

"Бірлігіміз жарасқан" 1 мамырға арналған ертеңгілік сценарий

Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»
Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан!»

Мақсаты: Бірлік мерекесінің – қазақстандықтар үшін татулық пен ынтымақ мейрамы екенін түсіндіру. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, салт - дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Мерекелік көңіл - күй сыйлау. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, адал ниеті мен мақсат - мүдде ортақтығының символына айналған ынтымақтастық мерекені ұмытпауға баулу. «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.
Міндеттері:
- Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
- өзара жағымды қарым - қатынасты дамыту.
- өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, глобус (жер шары), жүрекше, бейбітшілік құсы, күн, әртүрлі гүлдер суреттері.
Әдіс - тәсілдері: «Шаттық шеңбері», «әңгімелеу», «Дәйек сөз», «шығармашылық жұмыс», «сергіту сәті».
Қолданылатын көрнекіліктер: шарлар, плакат, суреттер, көрнекіліктер, әуен.

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Орындықта денені тік, түзу, ұстап, ертеңгілікке жақсы көңіл - күймен отырады.

Тәрбиеші: «Ынтымақ - достық кепілі»,«бірлік бар жерде бақыт бар». Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған - туысқанымыз, дос - жаранымыз бен тұратын еліміз. Мынау жер шары суретінің кішкентай түрі - глобус. Мұнда әр біздің Отанымыз - Қазақстан бар. Бізде 132 - ден астам ұлт өкілдері тұрады, олармен тату - тәтті ынтымақта өмір сүреміз. Біздің ұлтымыз - қазақ, және де әзірбайжан, қытай, орыс, белорус, өзбек, кәріс, башқұрт, т. б. өзге ұлт өкілдерімен де доспыз. Қазірде 142 мемлекет тойлайды. ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мейрамда қатарынан бес күн демалады. Ал Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан және Өзбекстанда 1 мамыр – жұмыс күні. Бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды. Көп ұлтты Қазақстан елі – бірлігі жарасқан бақытты ел.
Балалар, Біз бүгін Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуге жиналып отырмыз, мерекеміз құтты болсын!

Құттықтауымызды бастайық:

Қайсар:
Әрі сұлу, әрі игі
Келші, мамыр шуақты
Он бір ұлы бар үйдің
Жалғыз қызы сияқты

Иса:
Кәне, мамыр, даламның
Гүлі болып шыға ғой
Сені көрген адамның
Құлпырмауы кінә ғой!

М. Нұрлыбек:
Көгілдір аспан да
Көк зеңгір тастар да,
Құлпырып жайнайды
Мамыр гүлін ашқанда

Жансая:
Ақ, қара деп бөлмейміз
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз, татумыз
Биіктерге өрлейміз.
Ән: «Айгөлек - ау, айгөлек!» 3 оқушы орындайды.

Қайрат:
Сары, ақпыз, қарамыз
Бәріміз де баламыз,
Бір ауылда тұрамыз
Бір мектепке барамыз.

Ақерке:
Сусынымыз қанады
Өнер білім нәрінен,
Әлемдегі баланың
Дос болайық бәрімен

Аружан:
Жақсылыққа бақытқа
Талпынған әр уақытта,
Бала біткен дос бауыр
Болмасын еш тосқауыл.

Шарқат:
Ортақ жұпар ауамыз
Ортақ жарық күніміз
Достық - туған анамыз
Жердің қызы, ұлымыз.

Қызықты дидактикалық ойын: «Ұлттық бас киімді табуға көмектес!»

- Қарлығаш - адамның досы, жанашыры, қамқор, адал құс. Қазақ баласы қарлығаштың ұясын бұзбайды.(балалардың ертегі қойылымы)

Қарлығаш пен дәуіт(ертегі)
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапандар шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр - шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкке барады.
Қарлығаш: - Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!- дейді.
- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, - дейді көкек.
Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.
– Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып.
Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:-«Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма!»- дейді маңғазданып.
Қарлығаш амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Қарлығашқа дәуіт – Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады. Олай болса, мені тезірек жеткіз, - дейді дәуіт. Екеуі ұяға жетеді. Қарлығаш қанатын тосады. Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі. Екеуі осылайша дос болып кетіпті. Содан бері екі дос бір ұяда тұрып, өмір сүретін болған.

Тәрбиеші: Балалар, көктем келіп, айналаның бәрі құлпырып, тіршіліктің бәрі оянады. Балалар, бізге қарай біреу келе жатыр.
(ақ көгершін ұшып келеді, қолында шарлар)
Көгершін: Мен ақ көгершінмін!
Бейбіт өмірдің белгісімін
Мерекемен құттықтаймын
Сізге шарлар сыйлаймын.
(шарларды үлестіреді)
Тәрбиеші: Рахмет, ақ көгершін! Ал, балалар, ақ көгершінге ән айтып берейік.

Ән: «Ақ көгершін, көгершін» (барлық оқушы хормен орындайды)
ө. Н. Баймұхамедов
ә. А. Жұбанов

Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан.
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.
Ел тілегін алып ұш
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш
Мұхиттың арғы жағына.

Сенен көзін алмайды
Ақ ниетті бар адам.
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған.
Тыныш - бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап..

Қанатыңда жазылған
Жалғыз ауыз ұран бар.
Не құдірет құралдан
Ең күштісі сол құрал.
«Бейбітшілік» делінген.

Тәрбиеші: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Қазақстан атты ортақ үйімізде тек қана бақыт, татулық, достық болсын!
Сау болыңыздар!

Қорытынды. Бекіту. Мадақтау.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің
даярлық сынып мұғалімі,
Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету