Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ана - өмірдің гүлі. 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Қазақша Тәрбие сағат: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Бастауыш сынып | Ана - өмірдің гүлі)

1. 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
Барысы:
«Қара жорға» биімен басталады
Жүргізуші:
- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана - өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
1. Оқушы: Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп, еркелеттің, аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
2. Оқушы: Қош келіпсіз, құрметті ата - аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытгы балалар!
3. Оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би - биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Ән: «Аналар алтын»

Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық. Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында өтетін сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші: олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік
Сайыс шарттары.
1. Таныстыру
2. Мақалды жалғастыр
3. Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік.
4. «Шешеге қарап - қыз өсер». - қолөнер сайысы

Жүргізуші:
Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалықпай,
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасын,
Сайлап алсақ жөн болар. –
Әділқазылар:
1.
2.
3.
4. Оқушы: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
5. Оқушы: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
6. Оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан - алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты ар - намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам.
Жүргізуші:
Енді сайысымызды бастайық.
Өнер қуып аналар өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен аналар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін, — деп кезекті таныстыруға берейік.
1.
2.
3.
1 - ші жүргізуші:
Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал - мәтел жарысында.
Мақалдарды жалғастырыңдар.
1. Ауылдан асқан байлық,
________ қымбат қазына жоқ. /кітап/
2. Талапсыз жас,
Қанатсыз_________. /құс/
3. ________ қылығымен көркем. /қыз/
1. Білім - теңіз,_______ кеме. /мектеп/
2. _______ көңілі балада. /ананың/
3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/
1) Жақсы сөз. /жарым ырыс/
2) Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/
3) Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, ________/ жұртқа жақ /
1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле./
2. Жолдасы жоқ жігіттің / Олжасы жоқ. /
3. Тұр - тұрдан хабар келсе, / Ұйқыдан маза кетеді. /
1. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Қызы /
2. Екі аяқтыда бажа тату,. / төрт аяқтыда бота тату./
3. Бас жарылса, бөрік ішінде, /Қол сынса, жең ішінде./
1. Өле жегенше, /бөле же./
2. Туа жаман жоқ, /Жүре жаман бар./
3. Ағаш тамырымен мықты, /Адам досымен мықты.
Жүргізуші: - Біз мәңгілік сіздерге, аналар борыштармыз дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен.
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы.
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен - деп «Алатау» әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: келесі сайыс түрі Әр түрлі жағдайаттардан шешім таба білу
(аналар мен балаларға екі бөлек сандардың артында жасырылған сұрақтар бар, солардың ішінен таңдап жауап береді.)
Аналарға арналған:
1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп әртүрлі сұрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, әлде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?
2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармағаныңызды қалай түсіндіресіз?
3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?
Қыздарға арналған
1. Құрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінәлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?
2. Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?
3. Ата - аналар жиналысы болатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата - анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?
7 оқушы: Анам менің аялап, әлдилеген
Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген
Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы
Қалайша ұмытамын бал татыған
Анашым алдыңызда қарыздармын
Өтеуден оны ешқашан қарыздармын
Ананың баласына махаббаты
Мәңгілік алаулаған шам - шырағы
Жүргізуші:
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір - бірінен кем түсер, — дей отырып, аналарымыз бен қыздарымыз қолөнер сайысында ою ойып, онымен таныстырулары керек
8. Оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.
8. Оқушы:
Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай
8. Оқушы: Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.
Аяулы Ұстаз - ана, ісіңнің бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды қайталаймын.
Еске алғандай таң сайын ән ұранды.
8. Оқушы: Рая апай басшылардың бірі ғой,
Басшылардың ішіндегі гүлі ғой
Мектебімнің жақсы атанып жүргені
Осы апайдың арқасында біліп қой
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Әділ қазы алқасы,
Әділден берсін бағасын.
Жеңіске жеткен қыздардың
Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік.
Номинациялар:
1. Биязы ана
2. Мейірімді ана
3. Парасатты ана
Жүргізуші: Ана - адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
12. оқушы: Ана деген адамға Атамекен.
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен
Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз
13 оқушы: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету