Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынының жоспары

«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынының жоспары.

Тақырыбы: Мұғалім, оқушы, әдептілік ұғымдарына байланысты.
Мақсаты: Оқушылардың өздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оларды білім деңгейі
Мен ой - өрісін жан жақтылығына тәрбиелеу, педагогтардың іскерліктеріне баулу.
Ойынның барысы:
Жүргізуші:
Армысыздар ұстаздар, оқушылар мен жанкүйерлер!
Біле бер, қанша білсең тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле - біле,- дей келе бүгінгі 3а және 3ә сыныптары арасында өтетін «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты ойын - сайыстарымызды ашық деп жариялаймыз және баршаңызға қош келдіңіздер демекпін.
Ойынымыз жарыс түрінде өтетіндіктен, оның шарты мен қатысушылары болады. Бұл ойынға 2 сыныптан үш - үш оқушыдан шығады. (сөйтіп жарысқа қатысатын оқушыларды жеке - жеке таныстырамын).
Ендігі кезек ойын шарттарымен таныстыру. Ойын 3 айналымнан тұрады.
І - айналымда 3 оқушы шығады. Мен оларға мақал - мәтел айтамын, мақал - мәтелдің басын бастап беремін, ал ойыншылар оны жалғастырып айтып беруі тиіс. Егер кімде - кім санды бірінші болып көрсетсе, дұрыс жауап берсе, оған 1 ұпай беріледі. Сөйтіп ойын жалғасады. Бұл айналымда кімнің ұпайы көп болса, сол ойыншы жеңімпаз аталады.
ІІ - айналымда келесі 3 оқушы шығады, оларға жұмбақ жасырылады. Ал ойыншылар оның дұрыс жауабын анықтайды. Кім көп жұмбақ шешсе сол жеңімпаз атанады.
ІІІ - айналымда мақалшылар жеңімпазы мен жұмбақтар жеңімпазы жарысады. Мен жұмбақшыға жұмбақ жасырамын, ал жұмбақшы оны шешеді. Егер ол шешімін тапса мақалшы осыған байланысты мақал айтады. Осылай жалғаса береді. Егер мақалшы немесе жұмбақшы айта алмай қалса, ол ойыншы жеңіледі. Екі ойыншының біреуі жеңімпаз атанады. Енді бүгінгі сайысымыздың әділқазыларымен таныстырып өтсем. (сөйтіп әділқазы мүшелерімен таныстырамын).
Ендеше барша қатысушыларға сәттілік тілеп, ойынымызды бастайық.
І - айналым:
1. Жаздың бір күні,
Қыстың мың күнін асырайды.
2. Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
3. Ақыл - тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен.
4. Білімдегі дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
5. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
6. Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
7. Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
8. Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.
9. Ырыс алды - ынтымақ.
10. Өзін - өзі мақтаған - өліммен тең.
11. Әдептілікті ұстаздан үйрен.
12. Шәкіртсіз ұстаз - тұл.
13. Адам деген - ардақты ат.
14. Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
15. Мұғалім үшін ең манызды нәрсе - оқушыны алдамауы.
ІІ - айналым:
1. Түіскенді түйреген,
Киімі бар инеден. ( кірпі).
2. Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқанды ғана ұстайды. (мысық).
3. Тарағым бар -
Таранбаймын.
Орағым бар -
Ора алмаймын.
Сақалым бар, ал бірақ,
Мен ақсақал бола алмаймын. (ешкі).
4. Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы. (мұғалім).

5. Ат міндім қарама аяң қаздақтатып,
Жүргенде жол салады табаңдатып. (қалам)
6. Төрт қырылы өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ. (бор)
7. Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім жаны асыл? (ұстаз)
8. Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың. (мектеп)
9. Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді. (кітап)
10. Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін. (карта)
Жүргізуші:
Міне енді ІІ – айналым да аяқталды. Ендігі сөз кезегін әділқазыларға берсек........
Келесі айналымды бастамай тұрып, көрермендер сөзжұмбақ шешейік. (көрнектілік арқылы жүзеге асады).

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету