Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Физикалық кафе

Сабақтың түрі: кіріктірілген сайыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздары
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі: біздің кафеге қош келдіңіздер! (ағылшын тілінде түгендеу, күн жады, көңіл күйлерін сұрау)
2. Ой қозғау (ағылшын тілінде физика туралы сұрақтар):
1. What is physics? What does the word physics mean?
(жауабы: physics is the natural science. The word physics from ancient Greek “physics” means nature).
2. Where did the term ”physics” first appear?
(The term “physics” first appeared in the writings of antiquity Aristotle).
3. Who was the word physics introduced by?
(The word physics is introduced M. V. Lomonosov).
4. What is the task of the science of physics?
(It’s task is the wording of laws that explain the natural phenomena).
Ендеше, сабағымызды қызықты ойынмен жалғастырайық. Ойын қазақтың ұлттық тағамдарымен байланысты. Себебі, бәрімізге де мәлім, алдымызда Наурыз мейрамы келе жатыр, сондықтан салт дәстүріміздің бір көрінісі ұлттық тағамдарымызды негізге алғымыз келіп отыр. Бізде бар қазақтың ұлттық тағамдары:
1. Сүт тағамдары.
2. Ет тағамдары.
3. Сорпа тағамдары.
4. Ұн тағамдары.
5. Дән тағамдары.
6. Балық тағамдары.
7. Жеміс тағамдары.
Сүт тағамдары
Қазақ халқы сүт тағамдарын төрт түлік малдың сүтінен жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз ағарған, ақ деп атаған.
Сүт тағамдарының мынадай түрлері бар:
1. Сүт.
2. Қаймақ.
3. Айран, қатық.
4. Сары май.
5. Сүзбе.
6. Ірімшік.
7. Қымыз.
8. Шұбат, қымыран.
9. Құрт.
Айранды кейде қатық деп атаса, шұбатты қымыран дейді. Қатық – ұйытылған, бірақ араластырылмаған айран.
Ет тағамдары:
Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар:
1. Қазақша ет (жас ет, сүр ет).
2. Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.
3. Жөргем – бунақтап өрілген ішек.
4. Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.
5. Мипалау – пісірілген бастың миына құйқа, ішек – қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.
6. Нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.
7. Түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.
8. Үлпершек – жүрек қабына май, кесек ет т. б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.
9. Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.
10. Бұқтырма - ет, картоп, сәбізді бұқтырып пісіретін тағам
Сорпа тағамдары:
1. Жас сорпа – жаңа сойылған мал етінің сорпасы.
2. Кеспе – қамыр кесінділерін салып пісірген сұйық тамақ.
3. Тұздық – туралған етке құйылатын майлы сорпа.
Ұн тағамдары:
1. Нан.
2. Бөкпен – қуырылған ұнды сүтке бөктіріп пісірген тағам.
3. Салма – пісірілген қамырды сүтке қайнатып жасайтын тағам.
4. Атала – суға ұн салып жасаған сұйық көже.
5. Быламық – ұннан пісірілетін қоюлау тамақ.
6. Жайма (шелпек, қаттама және т. б.).
Нанның түрлері:
1. Бәтір – ашытылмаған қамырдан табаға пісірілген жұқа нан.
2. Жаппа нан – қазанға қарып пісірілген нан.
3. Зағара нан – жүгері ұнынан пісірілген нан.
4. Көмбе нан – отқа көміп пісірілген нан.
5. Кісе нан – ішіне ет, картоп, орамжапырақ салып пісіретін нан тағамы.
6. Қазанжаппа – қазанға қақтап пісірілген нан.
7. Таба нан – табаға пісірілген нан.
8. Тандыр нан – тандырға пісірген нан.
Дән тағамдары:
Дән тағамдарына бидайдан, тарыдан, жүгеріден, күріштен жасалатын тағамдар жатады. Бидайдан – бидай көже, талқан; тарыдан – тары көже, талқан, майсөк, жент; жүгеріден – жүгері көже, бадырақ; күріштен – күріш көже, палау, сүркүріш сияқты тағамдар жасалады.
Балық тағамдары
Балық тағамдарына қарыма, қуырылған балық, балық сорпа және т. б. жатады.
Жеміс тағамдары
Жеміс тағамдарына әр түрлі кептірілген жемістер, қауынқақ, қауын – құрт, қауыншек, т. б. жатады.
Біздің ойынымыздың тақырыбы: «Физикалық кафе»
Жоғарыдағы тағамдардың барлығы біздің кафеде ұсынылады. Бірақ ішінде тізімде жоқ тағамдар бар. Ол тағамдарды кафеде жасау үшін аспаз керек және сіздердің араңыздан лайықты аспазшы топты таңдауымыз керек. Ол үшін топқа бөлінулеріңіз керек. Үстел үстінен үлестірме қағаздарды таңдап аласыздар. Таңдап алынған үлестірме қағаздар бойынша әркім өзіне тән физикалық шамаларға бірігулеріңіз керек. Біріккен топ өздерін таныстырады.
Ойын шарттары:
Бізде төмендегі тағам түрлерін жасай білулері керек. Ал тағам түрлерін жасау үшін сіздерге физикадан тапсырма беріледі. Сол тапсырмаларды дұрыс шешкендер нағыз аспазшы топ болады.
Қандай тамақты жасауды қалайсыз, сол бойынша ұяшықты таңдап, керекті құрамын таңдап алуларыңыз керек (таңдап алған құрамда әр түрлі тапсырмалар жасырылған).
Тапсырмалар:
1. Бесбармақ
2. Қуырдақ
3. Жент
4. Бауырсақ
Ол құрамдар таңдап алған тағамға сәйкес келе ма... Және физиканы дұрыс түсіне білген адам ғана жасай алады.
Тапсырмалар құрамдары:
1. Бесбармақ: ет, ұн, пияз, картоп, тұз, су
Ет - есеп
Ұн - жұмбақ
Пияз - сұраққа жауап
Картоп - басқатырғыш
Тұз - физикалық шаманың атын ата
Су - қасиетін айту
2. Қуырдақ: ет, пияз, тұз, картоп, май, су, май
Ет – есеп
Пияз – сұраққа жауап
Картоп – басқатырғыш
Тұз - физикалық шаманың атын ата
Май - есептер
3. Жент: сары май, қант, тары талқаны, мейіз.
Қант – физикалық шаманың атын ата
Тары талқаны – ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару (Speed, road, time)
Сары май – ауызша есепте
Мейіз – физикалық прибордың атын атау (амперметр, вольтметр, электроскоп, конденсатор)
4. Бауырсақ: ұн, тұз, су (сүт немесе айран), май
Ұн – жұмбақ
Тұз – физикалық шаманың атын ата
Су (сүт немесе айран) – ағылшын тілінде сұрақтар
Май - есептер
5. Есептер:
1. Потенциалдар айырымы электр өрісінде Кл заряд орын ауыстырғанда қандай жұмыс істелінеді?
2. Ток күші 1 мА кезінде кедергісі 100 кОм резистордағы кернеуді анықта.
3. Массасы 15 кг тас көмір толық жанғанда, қанша жылу мөлшері бөлінеді.
(q=30*106 Дж/кг)
4. 60 Н күш денеге 0, 8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с2 үдеу бере алады?
Жұмбақтар:
1. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық, speed)
2. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол, road)
Сұраққа жауап:
1. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық, light )
2. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе?
(найзағайды)
3. Ең кішкентай заряд? (электрон, electron)
4. What is the physical phenomena? (Physical phenomena is the changes occurring with physical bodies. (Mechanical, light, heat, sound, magnetic phenomena))
5. Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал? (спидометр, sp)
6. Мөлдір емес денеден өтетін сәуле (Рентген сәулесі, x - ray)
7. Ядроның бейтарап бөлшегі (нейтрон)
8. What is the matter? (Matter is everything that exists the universe independently of our consciousness 9the celesnial bodies, plants, animals, ets).
9. Физикалық шаманың атын ата
∆φ, a, g, m, p, E, U, R, I, ϑ, Ѕ, t
(потенциалдар айырымы, үдеу, еркін түсу үдеуі – acceleration jf gravity, масса, қысым - pressure, электр өрісінің кернеулігі – electric field intensity, кернеу – voltage, кедергі - resistance, ток күші – current intensity, жылдамдық, арақашықтық - distance, уақыт - time)
Ауызша есеп:
Басқатырғыш ( қай топ қанша сөз табады)
Жауабы: заряд - charge, потенциал – potential, Ом, кедергі - resistance, жұмыс - work, ток күші – current(intensity), уақыт - time, сыйымдылық - capacity, ампер - ampere, кернеу – voltage.
1. Су - қасиетін айту:
Пішінін сақтамайды, көлемін сақтайды. Молекулалары әлсіз байланысқан. Аққыш.
2. Судың химиялық құрамы және физикалық қасиеті – H2O, түссіз, мөлдір иіссіз, дәмсіз.
3. Судың үш күйі – сұйық, бу, мұз.
Пияз: ағылшын тіліндегі сұрақтар:
What is the physical body? (The physical is everything arount).
What is the substance? (The substance is all that constitutes the physical).
Электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон, netron)
Жент
Қант – физикалық шаманың атын ата
Тары талқаны – ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару (Time - уақыт, Distance – қашықтық,
Work – жұмыс, Capacity – сыйымдылық).Сары май – ауызша есепте. Мейіз – физикалық прибордың атын атау (амперметр, вольтметр, электроскоп, конденсатор) Сабақты қорытындылап, жеңген топты анықтау. Марапаттау.

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
физика пәнінің оқытушысы
Қозыбакова Алтын Панзабековна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары

Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары

Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі...
Менің сүйікті тағамым

Менің сүйікті тағамым

Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздермен таныстыра отырып сөйлем құрап, сұраққа жауап беру арқылы тілдерін дамыту. Жаңа сөздерді есте сақтауға жағдай туғызу....
Қазақтың ұлттық дастарқаны

Қазақтың ұлттық дастарқаны

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың...
Сүт және сүт өнімдері

Сүт және сүт өнімдері

Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдар Сабақтың мақсаты: Білімділігі: төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік жеке...
Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақтың ұлттық тағамдары

Сабақтың мақсаты: Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету