Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Деформация түрлері. Серпімділік, пластикалық. Гук заңы

Сабақтың тақырыбы: Деформация түрлері. Серпімділік, пластикалық. Гук заңы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Білім алушыларға деформация, оның пайда болуы, түрлері туралы түсінік беру. Гук заңымен таныстырып, формуласын қорыту, есептер шығаруда қолдануға дағдыландыру.
ә) дамытушылық: Білім алушылардың физикалық ойлауын, белсенділігін арттыру, пәнге деген ынтасы мен қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: Білімін практикада қолдана білу білігін қалыптастыру, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, демонстрация, сұрақ - жауап, СТО технологиясының әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, штатив, серіппе, жүктер, сым, пластилин, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: математика, еңбек, денешынықтыру.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

I I. а) Үй тапсырмасын сұрау. Қатты денелердің сипаттамасы, кристалдар тақырыбы бойынша пысықтау сұрақтары:
1. Қатты денелердің түрлері.
2. Аморф денелердің негізгі қасиеттері.
3. Кристал денелердің түрлері.
4. Монокристалдар дегеніміз не?
5. Поликристалдарға мысал келтір.
Б) Үй тапсырмасын қорытындылау. «Сәйкесін тап» тапсырмасы.

Қатты денелердің түрлері анизотропты
Кристалл денелердің түрлері
Кіші кристалдар жиынтығынан
Аморф денелердің қасиеті изотропты
Кристалл денелердің қасиеті
Аморф және кристалл денелер
Поликристалдардың құрамы
Монокристалдар және поликристалдар

III. Жаңа сабақ.
Нені білуі тиіс:
- Деформацияның пайда болуын;
- Деформация түрлерін, оларға мысал келтіре білу;
- Гук заңын, формуласын пайдаланып, есептер шығара білу;
- Тұрмыстағы деформацияның пайдасы мен зиянын.

Жаңа сабаққа арналған әр түрлі слайдтарды пайдалана отырып тақырыпты түсіндіру.
Деформация – бұл дененің пішіні мен көлемiнiң өзгеруі.
Тірек сызба

Дене пішінінің немесе өлшемінің өзгеруі деформация деп аталады. пластикалық серпінді

Күш әрекеті тоқтаған соң, бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, пластикалық деформация деп аталады. Күш әрекеті тоқтаған соң бастапқы қалпына қайтып келсе серпінді деформация деп аталады.
Мысалы: пластилиннен жасалған денелер, майысқан сымдар, саздан жасалған әр түрлі денелер, т. б. Мысалы: допты тепкенде, серіппені созғанда немесе жиырғанда, ауа шарын үргенде, т. б.

Дененің созылу немесе сығылуы кезінде пайда болатын серпiмдiлiк күшi оның ұзаруына пропорционал. Егерде дененiң ұзаруы, яғни оның ұзындығының өзгеруiн х, ал серпiмдiлiк күшiн Fсер арқылы белгiлесек, онда Гук заңына мынадай математикалық формуланы беруге болады. Fсер = kx
Серпімді деформацияның шамасы түсірілген күшке тура пропорционал, яғни F=- kx.
Мұндағы F - түсірілген сыртқы күш, x = ℓ - ℓ1 — дененің созылу шамасы.
Бұл заңды 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук ашқан, сондықтан Гук заңы деп аталады. K – қатаңдық, өлшем бірлігі - Н/м. Гук заңы серпімді денелер үшін ғана қолданылады. Гук серпiмдi деформацияларды зерттедi. Сыртқы әрекет тоқтағаннан кейiн жоқ болатын деформацияны серпімді деп атады. Егерде, серiппенi бiршама созып, содан кейiн жiберсек, онда ол қайтадан өзiнiң алғашқы формасын алады. Бiрақ сол серiппенi соншалықты созуға болады, оны босатқаннан кейiн ол сол созылған күйiнде қалады. Сыртқы әрекет тоқтағаннан кейiн жоғалмайтын деформацияны пластикалық деформация деп атайды. Пластикалық деформацияны пластилинмен, балшықты жапсыру кезiнде, металды өңдеу – соққылау, қалыптау кезiнде және т. б. қолданады. Пластикалық деформация үшiн Гук заңы орындалмайды. Ертедегi уақытта кейбiр материалдардың (тис секiлдi ағаш) серпiмдiлiк қасиеттерi бiздiң ата - бабаларымызға тартылған керменiң серпiмдiлiк күшiнiң көмегiмен жебенi атуға арналған қол қаруы — садақты ойлап табуға мүмкiндiк бердi. Шамамен 12 мың жыл бұрын пайда болып, садақ көптеген ғасыр бойы әлемнiң барлық тайпалары мен халықтарының негiзгi қаруы болды. Бiздiң заманымызда садақтан ату тек спорт түрлерiнiң бiрi болып саналады.
IV. Физикалық диктант. Жаңа сабақта өтілген анықтамаларды жаздырту мақсатында физикалық диктант жаздырамын.
1. Дененің пішінінің немесе өлшемінің өзгеруі.................. деп аталады.
2. Күш әрекеті тоқтағаннан кейін қайта қалпына келетін деформация.................... деформация деп аталады.
3. Күш әрекеті тоқтағаннан кейін қайта қалпына........................ деформация пластикалық деп аталады.
4. Серпімділік күші қозғалысқа.............. бағытталады.
5. Гук заңының өрнегі....................
Қажетті сөздер: F=- kx, серпімді, келмейтін, деформация, қарама - қарсы.

V. Сабақты бекіту. Кітаппен жұмыс. Есеп шығару. 10 - жаттығу №1, 2
Берілгені: Шешуі:
k= 500*103 Н / м F = кх
F= 10 кН = 10000 Н х = F /к
Т/к: х -? Х = 10000Н / 500*103 Н/м = 0, 02м.=2 см

№2
Берілгені: Шешуі:
F = 245 Н F = кх
х = 35мм = 0, 035м к = F/х
Т /к: к -? к= 245Н / 0, 035м = 7000 Н /м

VІ. Сабақты қорытындылау. Білім алушыларға баламалы тест сұрақтары беріледі. Осы арқылы топтың бүгінгі сабақтан алған білімдерін бағалаймын.
1. Дене пішінінің немесе өлшемінің өзгеруі деформация деп аталады. (иә)
2. Күш әрекеті тоқтағаннан кейін дене пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін деформация пластикалық деп аталады. (жоқ)
3. Серпімділік күші қозғалысқа қарсы бағытталады. (иә).
4. Деформация серпімді және пластикалық болып екіге бөлінеді. (иә)
5) Қатаңдық Н/м бірлігімен өрнектеледі. (иә)
Қорытынды жасау.
VII Сабаққа белсене қатысқан білім алушыларды бағалау.
VIII Үйге тапсырма беру. §10, 48 - 49 бет оқып келу. Деформация түрлеріне Венн диаграммасын сызып келу.
IX Сабақты аяқтау.

Жамбыл облысы, №3 Байзақ колледжі
Ахметова Гүлзада Мынжасарқызы
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль ...

Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль ...

Оқушылардың өзара белсенді – интерактивті өздік таным әрекеттерін ұйымдастыру арқылы қысым тақырыбын меңгерту. Мысалдар келтіре отырып, оқушының оқу...
Гук заңы. Динамометр

Гук заңы. Динамометр

Әр түрлі материалдардың серпімділік қасиеттерін анықтап, қолдана біледі; Гук заңын есептер шығаруға қолдана алады; Гук заңының заңының тұжырымдамасын...
Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Қызылорда қаласы, №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғаліміТоқаева Загира Асқарқызы...
Қуат

Қуат

Ақтөбе облысы, Темір ауданы Бабатай орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Қалымова Разия Бекшқызы...
Тартылысы құбылысы. Ауырлық күші

Тартылысы құбылысы. Ауырлық күші

Семей қаласы № 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп кешені Елеусізова Жания...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, туған жер, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету