Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Атомдар мен молекулалар. Заттың молекулалық қозғалысы. Молекулалардың қозғалысы.

БжС технологиясы «Ауызша сабақ - 2» картасы
Физика 7 сынып
Тақырып: Атомдар мен молекулалар. Заттың молекулалық қозғалысы. Молекулалардың қозғалысы.
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 2» картасы, БжС технологиясы.
Технологияның мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгерудегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Сабақтың мақсаты: Молекулалар және атомдар дегеніміз не, атом неден тұрады, олар қалай қозғалатыны туралы мәлімет алады
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

Ұйымдастыру кезеңі.
Мотивация
Сынып бір топ боп жұмыс жасайды. Табысты болуы үшін және белсенді болу үін көшбасшыға сөз беріледі.

Қабылдауды ұйымдастыру Бірінші сыни нүкте.
Жаңа тақырып бойынша қысқаша кіріспе.
5 минуттық видеофильм «Молекулалар мен атомдар» (Эдисон физикасы)
Берілген уақытта мәтінді оқып бітіру керек және оқи отырып, мәтіннен 14 тірек сөз табу.
Тірек сөздер:
Атом, молекула, электрон, нейтрон, протон, Демокрит, кристалдық тор, 92 элемент, сутегі атомы, атомның құрамы, болжам.
Мәтінді оқып біткен соң ООМ бойынша тірек сөздер айта бастайды.

Түсінуді ұйымдастыру
Тірек сөздер жаттауға беріледі. Уақыт аяқталған соң тірек сөздер жабылады да жатқа жазады. Уақыт біткен соң, дәптер алмасады, тірек сөздер ашылады. Көршісімен тексеру.

Түсінудің бірінші тексерілуі Қарама - қарсы сұрау
1. Грек ғалымдары барлық заттар бөлінбейтін өте кішкентай бөлщектерден тұрады,- деген, ол бөлшектерді Демокрит не деп атады? (атомдар)
2. Демокриттің болжамының дұрыс екенін қай ғасырларда дәлелденді? (ІХ - ХХ ғғ)
3. Табиғатта барлығы неше элемент бар? (92)
4. Әлемдегі сансыз басқа заттар қалай құралады? (92 элементтің атомдарының байланысы арқылы)
5. Кез келген молекула неден түзіледі? (атомнан)
6. Сутегінің екі атомы, оттегінің бір атомының байланысынан ненің молекуласы түзіледі? (Су)
7. Атомның құрамына қандай бөлшектер кіреді? (электрон, протон, нейтрон)
8. Түгел заттардың молекулалары неге әр түрлі? (олардың құрылысы, қасиеттері әр түрлі)
9. Табиғаттағы ең қатты зат не? (алмаз)
10. Табиғаттағы ең жұмсақ зат не? (графит)
11. Алмаз бен графиттің бір - бірінен айырмашылығы неде? (атомдарының орналасуында)
12. Заттың қасиетін сипаттайтын бөлшек не? (молекула)
13. Нейтрон қайда орналасқан? (ядроның ішінде)
14. Электронның заряды қандай? (теріс)
15. Атомдар мен молекулаларды қандай құралдар арқылы көруге болады? (электронды микроскоп, иондық проектор)
16. Молекуланың кішкентай екенін қалай дәлелдейсіз? (алмамен, стадионмен салыстыру)
17. Суда судың молекуласы бар болса, мұзда ненің молекуласы бар?
18. Молекула неден құралады?

«Құтқару шеңбері» сұрақтары
1. Молекулалардың үздіксіз қозғалыста болатыны дәлелдеп мысал келтір.
2. Диффузия дегеніміз не?
3. Атомның құрылысын айт
Екінші сыни нүкте. Сонымен молекула – ол заттың қасиетін сипаттайтын бөлшек. Суда - су, құмда - құм, мұзда - мұз молекуласы бар. Молекула атомнан құралады, Мысалға судың молекуласы ол - екі сутегі, бір оттегі атомынан құралады. Табиғатта 92 элемент қана бар, ал басқа заттардың барлығы осы осы 92 элементтің атомдары бір - бірімен байланысып басқа молекулалар түзеді. Молекулалар үздіксіз қозғалыста болады, сондықтан да үйдегі заттардың бетін шаң басады. Молекула өте кішкентай екенін салыстыру арқылы дәлелдейміз.

Хайруллина Саяш Ермекқызы
«Әл - Фараби» мектеп - лицейінің физика пәнінің мұғалімі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылда ...

Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылда ...

Диффузия құбылыс туралы түсінік қалыптасады және молекулалардың үздіксіз қозғалысының температураға тәуелді екенін біледі....
Өлшемдердің метрлік жүйесі. Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу

Өлшемдердің метрлік жүйесі. Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу

Үлкен және кіші сандарды ықшамдап стандарт түрде жазу ережесін үйренеді. Физикалық қосымша кестемен жұмыс істеуге дағдыландыру....
Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы - кинетикалық көзқарас нег ...

Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы - кинетикалық көзқарас нег ...

Заттың күйлерін молекулалық - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру, қолданыстағы дағдыларын ескере отырып қасиеттерін ашу....
Молекула – кинетикалық теорияның негіздері. Оны тәжірибелік анықтау

Молекула – кинетикалық теорияның негіздері. Оны тәжірибелік анықтау

Астана қаласы, М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің І санатты физика пәнінің оқытушысы Тулегенова С. К....
Химиялық байланыстың негізгі түрлері

Химиялық байланыстың негізгі түрлері

Астана қаласы, №63 орта мектебі Химия және биология пәні мұғалімі Музапарова Дидар Баяхметовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету