Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Жылу, электр және жарық құбылыстары 8- сынып (тақырыптық жоспар)

№42 «Ақ ниет» гимназиясының физика пәні мұғалімі
ҚӘК әдіскері А. К. Еслямова

Жылу, электр және жарық құбылыстары 8 - сынып.
(аптасына – 1 сағат, барлығы - 34 сағат)

Түсінік хат
Бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, физикаға қызығушылығын арттыру үшін қажет. Бағдарламада оқушыларға қиындық келтіретін тапсырмалар, қызықты физикалық тәжірибелер, қолдан құралдар құрастыру, табиғаттағы құбылыстарды бақылау, физиктердің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер оқушылардың танымдық қабілеттерін, көзқарастарын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан тереңдете үйрету арқылы оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады. Физика - эксперимент пен теориялық әдістерді қолдана отырып, табиғат құбылыстарын зерттейтін ғылым. Физика қазіргі техниканың теориялық негізі болып табылады.
Курстың өзектілігі: Жылу, жарық, электр құбылыстары бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, бүгінгі жедел қарқынмен дамып отырған технологияланған қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бағдар ала білу білігін қалыптастыру;
Курс теориялық және практикалық бөліктерге бөлінеді. Теориялық бөлімінде экспериментальды физикалық зерттеулердің қажетті принциптері және әдістері туралы, физикалық принциптерге негізделген құрылғылар және оларды экспериментте қолдану туралы қажетті білім береді. Практикалық бөлім фронтальды зертханалық жұмыстар, практикумдар және экскурсиялардан тұрады. Фронтальды зертханалық жұмыстар курстың теориялық материалын тереңдетумен қатар оқушылардың біліктерін қалыптастырады.
Курстың мақсаты және міндеттері:
Курстың негізгі мақсаты - ғылыми білімнің ілгері негізін қамтып, негізгі физикалық принциптерін зерделеу және тәжірбиелік жұмыстар жүргізе білуге үйрету. Осы мақсатты орындау жолында төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
- Білім берудіңжоғары сапасын қамтамасыз ету бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;
- Мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізу,
- Пәнаралық (химия математика т. б) байланысты нығайту, физиканың қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;
- Белсенділікке тәрбиелеу, еңбекке шығармашылық көзқарас қалыптастыру, жаңашылдыққа баулу;
- Алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;
- Дүниенің қазіргі заманғы физикалық бейнесі - табиғаттың біртұтастығының физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интеллектуалды дамуын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың физика пәнінен есеп шығару қаблеттері артады.
- 2. Есеп шығарудың жолдары мен талдауын игереді.
- 3. Күрделі есептердің шығару жолдарын меңгереді.
Талаптар:
- - Физика туралы тереңірек білім беру арқылы оқушылардың логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру.
- - Математика, химия, биология, әдебиет, экология пәндерімен байланыстыра оқыту.
Кәсіпке бағдарлау:
- Физик, математик, информатик, сәулетші, инженер, суретші т. б мамандықтарды таңдау бағытында қолданылады.

Тақырыптың мазмұны
Кіріспе (2 сағат)
Кіріспе. Термодинамика және электродинамика дамуындағы физика ғалымдарының еңбегіне шолу.
Жылу құбылыстары (7 сағат)
Ішкі энергия. Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу тәсілдері. Жылу мөлшері. Энергияның жылу процестеріндегі сақталу және айналу заңдары. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы. Жылу құбылыстары бойынша есептер шығару. №1 Зертханалық жұмыс: Шыны түтікті әртүрлі формаға майыстыру.
Электр құбылыстары (8 сағат)
Электрдің тұрмыстағы маңызы. Электрленген денелердің өзара әсері. Электр өрісі. Жермен қосу. Денелерді ықпал арқылы электрлеу. Электр тогы. Вольта және гальвани элементтері. Атмосферадағы электр құбылысы. Найзағайдан қорғану. Электр тізбегі және оның құрама бөліктері. Токтың кернеу мен кедергіге тәуелділігі. Электр тогы жұмысы мен қуаты. Электр энергиясын есептеу. Қыздырғыштар. №2 зертханалық жұмыс: Джоуль мен калория арасындағы қатынасты табу. №3 зертханалық жұмыс: Электр қыздырғыштың жылу бергіштігін анықтау.
Электромагниттік құбылыстар (8 сағат)
Магниттік құбылыстар. Токпен магниттеу. Ықпал арқылы магниттеу. Компас. Электр қоңырау. Электр телеграф. Электромагниттік реле. Телемеханика туралы ұғым. Телефон. Электр қозғалтқыштың қолданылуы. Айнымалы ток генераторы. Тұрақты ток машиналарының қайтымдылығы. Трансформатор. Электр энергиясын алыс жерге жеткізу үшін трансформатор қолдану. №4 зертханалық жұмыс: Электромагнит релесін құру және оны сынау.
Жарық құбылыстары. (9 сағат)
Жарық сәулесі. Жарық шоғы. Жарықтың жазық - паралель пластинкадан және призмадан өтуі. Линзалар. Нәрселердің линзадағы кескіні. Фотоаппарат. Проекциялық аппарат. Микроскоп. Көз және көру. Көздің кемістіктері. Көздің гигиенасы. Қоян, жылқы т. б көру өрісі. Ақ жарықтың түстерге жіктелуі. Дененің түсі №5 зертханалық жұмыс: Сәуленің жазық - паралель пластинкада және үш бұрышты призмада сынуын бақылау. №6 зертханалық жұмыс: Линзаны пайдаланып кескін түсіру.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету