Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

ХХІ ғасыр көшбасшысы

ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
/зияткерлік сайысы/

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
Мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

2. Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
1 - бөлім Бәйге
2 - бөлім Тапқырлық
3 - бөлім Көкпар
4 - бөлім Жорға
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтелік.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз дей келе «Бәйге» кезеңін бастайық
1 - бөлім БӘЙГЕ
/10 сұрақ қойылады, әр сұраққа 10 балл беріледі/
1 - бөлімнің соңында ең аз балл жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады
1 - сұрақ. Аспанда неше шоқ жұлдыз бар? 88
2 - сұрақ. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? информатика
3 - сұрақ. Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы, Microsoft компаниясының негізін қалаушы? Билл Гейтс
4 - сұрақ. 30 градусқа қарсы жатқан катет неге тең? (Гипетенузаның жартысына тең)
5 - сұрақ. Дискриминанттың формуласы қандай? (D=b2 - 4ac)
6 - сұрақ. 2 қатынастың теңдігі (прапорция)
7 - сұрақ. Ең кіші планета? Меркурий
8 - сұрақ. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? Әміре Қашаубаев
9 - сұрақ. Ноғай ордасының астанасы? Сарайшық
10 - сұрақ. Жарық жылдамдығы неге тең? 300000 км/с

2 - бөлім Тапқырлық
/салт - дәстүр, өнер, ғылым, спорт бөлімдерден тұрады/
2 - бөлімнің соңында ең аз балл жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады
І. Салт - дәстүр
1. Айтыстың ең көне түрі? Бәдік
2. Сәукелені желегімен кім қай уақытта киген? Жаңа түскен келін
ІІ. Өнер
1. «Қыз Жібек» фильмінің қоюшы режиссері? С. Қожықов
2. Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ? Ұлытау
ІІІ. Ғылым
1. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? /Медицина/
2. Оптика, статика, акустика, динамика, механика, кинематика, магнетизм,
гидравлика, космология, энергетика бұл аталған ғылым салалары мектепте
қай пәнге қатысты? /Физика/
ІҮ. Спорт
1. 2008ж австрия мен Швейцарияда өткен футболдан Европа чемпионатының
алтын жүлде иегері қай елдің құрамасы? /Испания/
2. ХІХ жазғы олимпиада ойындары қай жылы, қай елде өткізілді?
/Пекин 2008ж/
3 - бөлім Көкпар
Көкпар бөлімі физика, математика, информатика және әртүрлі бөлімдерден тұрады. Ұяшықтарда сұрақтар жасырылған. Әр ұяшықта ұпай саны көрсетілген.
ФИЗИКА – 10
Қандай процесс адиабаталық процесс деп аталады? Жылу алмаспайтын
ФИЗИКА – 20
Тербеліс амплитудасы дегеніміз не? Ең үлкен ауытқу
ФИЗИКА – 30
Деформация дегеніміз не? Дене пішімінің өзгеруі
МАТЕМАТИКА – 10
Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? Хорда
МАТЕМАТИКА – 20
Егер сағат 23 сағат 58 минут көрсетсе, бірақ ол 7 минут қалық болса, оның қазіргі дәл уақытын тап. 23 сағат 51 минут
МАТЕМАТИКА – 30
Диоганалдары тік бұрыш жасап қиылысатын төртбұрыш? Ромб
ИНФОРМАТИКА – 10
Адам мен компьютер арасындағы байланыс қалай аталады? Интерфейс
ИНФОРМАТИКА – 20
1 килобайтта неше байт бар? 1024 байт
ИНФОРМАТИКА – 30
Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы? Пернетақта
ӘР ТҮРЛІ – 10
Абылайханның өмірі мен ерлігін жырлаған жырау? Бұқар жырау
ӘР ТҮРЛІ – 20
Монғол мемлекетінің негізін қалаушы? Шыңғыс хан
ӘР ТҮРЛІ - 30
Дүние жүзіндегі ең терең көл.
4 - бөлім Жорға
(А нұсқасы)
/соңғы бөлімдер қалған 2 оқушыға 10 сұрақтан беріледі/
1. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшынның ұлы физигі әрі математигі? И. Ньютон
2. “Жеті жарғы” заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылған? Тәуке хан
3. Нөлдік вектордың ұзындығы неге тең? нөлге
4. 7 - ші Қысқы Азиада ойыны қандай мемлекетте өткізілді? Қазақстан
5. Ауа ылғалдығын анықтауға арналған құрал? Психрометр
6. Белгілі бір атпен сақталған ақпараттар жиыны? Файл
7. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы қалай деп аталады?
Ақорда
8. Қосындысы нөлге тең болатын сандар? Қарама - қарсы сандар
9. Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы? СD - ROM
10. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің ең кіші номиналы? 1тг

(В нұсқасы)
1. Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы?
Ж. Үшкемпіров
2. Вольтметр нені өлшейді? Кернеуді
3. 2 - нің 10 дәрежесі қаншаға тең? 1024
4. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? Бәйтерек
5. Ақпараттың ең кіші бірлігі? Бит
6. Санның жүзден бір бөлігі? Процент
7. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің ең үлкен номиналы? 10. 000 тг
8. Біз таксиге не үшін ақша төлейміз. Жол үшін бе, орын ауыстыру үшін бе? Жол үшін
9. Алматы қаласының оңтүстік - шығысындағы тау жүйесі? Іле алатауы
10. Байланыс каналдары арқылы алыстағы компьютерлер арасында ақпарат
алмастыру жабдығы қалай аталады? Модем
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету