Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Өзін - өзі тану пәнінен өткен «Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің есебі
2017 - 18 оқу жылы
2 - 12 ақпан аралығында Жарбұлақ орта мектебінде «Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. Онкүндіктің жоспарын Омарова Гүлнара Әлімханқызы жасап, мектеп директорына бекітті.
Бірінші күні мектепте екі кезекте де ашылу салтанаты ұйымдастырылды. 1 - 4 сынып оқушылары Сара Алпысқызына арналған тақпақ, өлеңдерін, билерін арнады. 7 А сынып оқушылары Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беріп, викториналық сұрақтар қойды. Қыздар флешмоб билеп, оқушылардың көңіл - күйлерін көтеріп тастады. 11 сынып түлектеріне алда келе жатқан ҰБТ - дан сүрінбей өтулеріне тілек білдірді.

1 - 11 сыныптар арасында газеттер хитпарады ұйымдастырылды, тақырыбы «5 құндылық», «Өзін - өзі тану – өмірді тану». Қабырға газеттеріне атсалысқан сыныптарға мақтау қағаздары табыс етілді. Мектеп кітапханасында Сара Алпысқызына арналған кітап көрмесі жасалып, онда Сара Алпысқызының өмірі мен шығармашылығына арналған мәліметтер, кітаптар,

Елбасымыз туралы кітаптар, өзін - өзі тану пәні муралы қанатты сөздер, өзін - өзі тануға арналған тренинг кітаптар мен журналдыр қойылды. Оқушылардың арасында интернет олимпиада ұйымдастырылып, 80 оқушы өз білімдерін сынады.

Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру, және өзін - өзі тану пәні кабинетін безендіру мақсатында Гүлнара Әлімқанқызының ұйымдастыруымен «Өзін - өзі тану - өмірді тану», «Туған жерге туыңды тік», «Жалын атқан жүрекпен» атты тақырыпта сурет көрмесін ұйымдастырып, қатысқан 40 оқушыға мақтау қағазы табыс етілсе, үздік суреттерді таңдап өзін - өзі тану кабинетіне ілінді де, 10оқушыға шағын сыйлықтар табыс етті.

Өзін - өзі тану пәні мұғалімі Омарова Гульнара Алимканқызы 6«Б» сыныбында «Денің сау болсын десең» атты ашық сабақ ұйымдастырды. Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстану, денсаулық - зор байлық екенін оқушыларға түсіндіру.

7«А» сыныбында Оразанова Шынар Нүсіпханқызының ұйымдастыруымен «Адами - қарым қатынас ерекшеліктері» атты ашық сабақ өтті. Мақсаты: оқушыларға достықты, жолдастықты, сыныптағы қарым - қатынасты нығайтуды үйрету.

«Жарбұлақ орта мектебі» КММ
Өзін - өзі тану пәні мұғалімі Омарова Г. А.

Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы. жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары ...

Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары ...

Өзін өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы...
Рухани тәрбиенің қайнар көзі

Рухани тәрбиенің қайнар көзі

Пәні: Өзін - өзі тану Тақырыбы: Рухани тәрбиенің қайнар көзі Мақсаты: Ата – ана мен баласының арасындағы қарым - қатынасты бақылау, пәнге деген...
Бұдан артық әлем болмас

Бұдан артық әлем болмас

БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...
Өзін-өзі тану.

Өзін-өзі тану. "Мейірімділік - асыл қасиет" 4-сынып

Палодар облысы, Екібастұз қаласы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байгалиева Сауле Сабетевна...
өзін-өзі тану

өзін-өзі тану

Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету