Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ана туралы тақпақтар

Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген - бәйтерегі өмірдің.
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген - асыл жандар болаттай
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.

Мәңгі жарық күн сыйлаған маған
Бір адам бар ол өзіңсің ана
Мейірімге бір өзіңнен қанам
Жылуды да жүрегіңнен алам
Ардақты ана, аяулы мама

Суық күнде тоңбады ма деп
Әлде жолы болмады ма деп
Жалғызсырап қалмады ма деп
Мені ойлап қам жемеші мама
Саған тартқан менің күлгенім
Сенің арқаң шалқып жүргенім
Қасыңдамын, әркез біргемін
Мені ойлап қам жемеші мама
Мені ойлап қам жемеші ана

Сен қуансаң мен бірге қуанам
Саған ғана сенемін, жұбанам
Аспандағы ай - күнімсің маған
Баға жетпес байлығымсың ана
Ардақты анам, аяулы мама

Суық күнде тоңбады ма деп
Әлде жолы болмады ма деп
Жалғызсырап қалмады ма деп
Мені ойлап қам жемеші мама
Саған тартқан менің күлгенім
Сенің арқаң шалқып жүргенім
Қасыңдамын, әркез біргемін
Мені ойлап қам жемеші мама
Мені ойлап қам жемеші ана

Ана туралы жыр
Мереке күніңмен
Қарсы алдым өзіңді.
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді.

Көргенше алаңмын,
Аңсаймын, толғанам;
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған.

Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың.

Аялап алақан,
Әлпештеп өсірген.
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген.

Сырымды ұғатын,
Өзіңсің қуатым.
Күнімсің шығатын,
Айымсың туатын.
О. Иманалиев

Абзал ана
Солғанша гүлім күнде тоңып,
«Ана!», «Ана!» деп ән салам.
Кетейін мейлі жүзге толып,
Бөбекпін мен маған.

Қайырмасы:
Ана, ана, ана
Мәңгі дос сен ғана.
Абзал ана, ана,
Көңілің кең дала.
Данасың сен,
Дарасың сен.
Анажан аңсаған,
Арналды ән саған.

Қарызбын әжім, ақ шашыңа,
Көзіңнің жасына.
Өзіңсің бақыт бақшасы да,
Өмірдің басы да.
Қайырмасы.

Ақ мамам
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім!» - дейтін.

Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе, мен де
Батырларша батылданам.

Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Ақ мамамды мен әрқашан
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ф. Оңғарсынова

Анам маған:- Үлкенді сыйла,- деген
Анам маған: - Үлкенді сыйла, - деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра – ізеттілік,
Арымды соған қойған күзеттіріп.
Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
М. Мақатаев

Анама
Өмірімнің қап - қараңғы түнінде,
Еш не білмес түсім бе я өңім бе
Оң менен сол, от пенен су айырмас,
Күшсіз, әлсіз, есім білмес күнімде, -

Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам,
Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам!»
Ыстық - суық, желге - күнге тигізбей,
Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.
М. Жұмабаев

Анаңды құрметтемесең
Анаңды құрметтемесең
Анадан несін туасың?
Адамды құрметтемесең
Адамнан несін туасың?

Далаңды құрметтемесең,
Далада несін тұрасың?
Қалаңды құрметтемесең,
Қалада несін тұрасың?

Теңізді құрметтемесең,
Теңізде несін туасың?
Егізіңді құрметтемесең,
Егіз боп несін туасың?

Ана тілегі
Балапандай сәбидің,
Қанаты әсте талмасын.
Арманы ол әр үйдің,
Биіктерге самғасын!

Жол ашыңдар сәбиге,
Болашағын қорғаңдар.
Өсе берсін әр үйде
Бүлдіршіндер – армандар!
С. Оспанов
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жан анама

Жан анама

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам, Бар шуағын баласына арнаған. Бір өзіңнен қуат алып өмірде Сенің салған сара жолды жалғағам....
Бадувалова Аружанның өлеңдері

Бадувалова Аружанның өлеңдері

Ана Анам менің ақылды, Анам менің мейірбан. Ана сен маған қымбатсың, Өмірдегі жан анам. Бақыттымын мен балаң, Күліп жүрші жан анам, Саған бақыт...
Ақылды тыңдай білу де өнер

Ақылды тыңдай білу де өнер

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің өзін - өзі тану мұғалімі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...
Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты "Айналайын, ана, мерекеңізбен!"

Павлодар қаласы,Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Тақырыбы: «Айналайын, ана, мерекеңізбен!»...
Сарқылмайтын жылылық, ана аты-ұлылық! (ән-шашу)

Сарқылмайтын жылылық, ана аты-ұлылық! (ән-шашу)

Көктем келді! Нұр шуаққа бөледі Әрбір жанды қуанышқа теңеді. Міне, бүгін құлын болып құйғытып, Көк аспанға құс боп ұшқын келеді....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету