Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қара құс һәм адам

(Айтыс)
Қара құс:
Жалғанға патша баланған,
Данышпан ізгі саналған,
Аллашыл әділ адамнан,
Қайдан шықты бұл мінез?!

Адам:
Тексеретін сен емес!
Ескеретін мен емес!
Саған адам тең емес,
Маңайымнан жоғал тез!

Қара құс:
Атам менің қара құс,
Өзім қырғи бала құс.
Тояттармын болып тұс,
Жемтігіңе келдім кез.

Адам:
Айтқанымды кектесең,
Оқ жалынсын кетпесең!
Сырғыш қанат етпесең...
Адамға қызмет...

Қара құс:
Қорқытқаның осы ма?
Дегенім ғой «шошыма».
Жүрмесін жетпей досыңа:
Оғыңды сақтап, сонан без!

Адам:
Жауласармыз, тынармыз,
Балдан тәтті тұрармыз.
Сонда сені қуармыз.
Қара жүрек, қанды көз.

Қара құс:
Жауыздығың болды паш,
Жақсылыққа жаның қас.
Ойламаймын қыла алмас,
Қам қылармын мен де біраз.

Адам:
Жазбен бірге жаңғырып,
Көңілге нұр, жан кіріп,
Біз біткенде қаңғырып,
Жоғаларсың сен өзің.

Қара құс:
Біз де тойда болармыз,
Кеудеңе барып қонармыз.
Қара құс біткен тоярмыз,
Мейлің тула, мейлің төз!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жылқы түсіне байланысты атаулар

Жылқы түсіне байланысты атаулар

Қара жылқы. Сырт түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты боп келуі. Сары жылқы. Жылқының сыртқы түгі бірыңғай, сары болып келуі. Жирен...
Қызыл Телпектің хиқаялары

Қызыл Телпектің хиқаялары

«Қызыл Телпектің хикаялары» Музыка ойналады (балалар кіреді). Шаттық шеңбері: Армысыз, қайырлы таң!...
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт» өлеңі

Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт» өлеңі

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп - бала бақшасының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Құлекешова Айнұр Базарбайқызы...
Абай қара сөздері (мультимедиялы электронды оқулық)

Абай қара сөздері (мультимедиялы электронды оқулық)

Абай қара сөздері (мультимедиялы электронды оқулық) Ерлан Шарапиев Өзбекстан, Қарақалпақстан республикасы Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 орта...
Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері БІРІНШІ СӨЗ Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету