Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста

Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста

Адам - әлемнің бір бөлігі. Оның түп негізі де болмыстан, жан мен тәннен құралады. Өмір атты ұзақ жолда барлығымыз да жолаушымыз. Аз ғана ғұмырымызда игі істер жасауға талпынуымыз керек. Сол себепті әлемді өзгертуді өзіңізден бастаңыз.
Айналадағы адамдар әртүрлі. Олардың мінездері де әртүрлі. Біреуі мейірімді, жүрегі сүйіспеншілікке толы болса, енді біреуі мүлдем басқа. Сондықтан әлемді өзгертуді өзінен бастауы керек.

Еліміздің болашағы бұл балалар. Ал балалардың жақсы болып жетілуі, бұл еліміздің дұрыс қарым - қатынаста болуы әсер етеді. Бала тумысынан жаман болмайды, оны тәрбиелеуші ғана жаман болуы мүмкін. Бұл көпке аян ақиқат. Бала мінезін дұрыс қалыптастыру үшін өз мінезіңнің жақсы, шебер тәрбиелік қасиет болу керек. Әсіресе, бұл жерде мектеп пен отбасы бірлігі керек. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу - ата - ана мен мұғалімге жүктелер міндет. Демек, мектеп пен ата - ананың міндеті - баланы ізгілікке жетелеу. Тек ата - аналармен тығыз қатынаста ғана, яғни ортақ күш - жігер жұмсау арқылы ғана мұғалімдер балаларға дұрыс тәрбие бере алады.

Баланың өміріндегі өз қуаныштары мен қайғылары болады. Ересектер ол қуанса, қуанады да, мұңайса, мазасызданады. Ал ол неге қуанады, немесе неге мұңаяды - бұл жөнінде әрдайым ойлана бермейді. Бала өзінің саналы өмірінің алғашқы күндерінен бастап - ақ біреу туралы алаң болып, қамқорлық жасауға тиіс, оны да біреулердің тағдыры алаңдатуы тиіс.
Өзімшілдіктің негізі - адамгершілік сезімдерінің тәрбиесіздігін көрсетеді. Балалық өзімшілдік қауіпті, өйткені бұл ата - ананың балаға сәл ғана жол беруінен басталады.
Тәрбиелеу ісіндегі барлық қиындықтар мен жеңілдіктер мектеп пен отбасының бақылауындағы байқалмай жіберіп алған уақыттан басталады.
Айқай - шу - адам қатынастарында мәдениеттің жоқтығының айқын белгісі.
Жиі - жиі ұрыс естіген балалар басқа адамдардың сенімдерінің аса нәзік мәнерін қабылдау қабілетінен және бұл ерекше қорқынышта - қиындыққа, әділетке деген сенімнен айырылады. Сондықтан қазірден бастап бала өміріндегі қателіктерді дұрыстап, реттеу керек.
Әлемде татулық, бірлік, ынтымақтастық қалыптасу үшін адамдар арасындағы қарым - қатынас өте маңызды. Арада ауызбіршілік болмаса, адамдар арасында татулық та, ынтымақ та болмайды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткенде ғана еліміз бірлікте болады.
Бірлікке бастаған жолдағы ең маңызды нәрсе ол - достық. Достық дегеніміз - адамдардың бір - біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиет. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Достардың мінез құлықтары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, біреуі қызба мінезді болса, екіншісінде әлсіздік, сенімсіздік байқалса да, бұл олардың достығына кедергі келтірмейді. Керісінше бір - бірінің кемшіліктерінен арылуға көмектеседі. Өзі шынайы дос бола білген адамның досы да көп болады, және өзін жалғыз сезінбейді.
Адамның өзіне - өзі есеп беруі, өзін - өзі бағалауы, өзін - өзі жазалауы да жақсы қасиеттерді игеруге жол ашады. Осындай бірлікте, ынтымақтастықта, татулықта болған кезде ғана әлемнің өзгеруіне септігімізді тигіземіз.

Қарағанды облысы,
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ
7 «Ә» сынып оқушысы Максутова Гүлім
Пән мұғалімі: Байкулова К. М.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету