Сайтқа кіру Тіркелу

Киіз үйдің құрылысы

Кіріспе
Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім: Қазақ халқының ғасырлар бойғы көшпенді тұрмыс – тіршілігіне, салт - дәстүріне сай қалыптасып, жалғасын тауып келе жатыр Ата - баба дәстүрін жалғастыру ұрпақ парызы. Жұмыстың мақсаты киіз үйдің құрылысымен, оны құру дәстүрімен таныстыру, ұмыт болып, қолданыстан шығып бара жатқан мұраларымызды жаңғырту
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.
Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп - қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
Шаңырақ
Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi.
Шанырақ
Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiзүй баспанағана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады. Шаңырақ — қасиетті. Шаңырақ үннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған.

Оның мәнiсi, құтқұйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды.

Есiк пен төр
Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.
Есiкке қарама - қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар.
Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген.
Мұны Орхон - Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады.
Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар.
Шыңғыс дәуiрiндегi Ақ орда, Көк орда, Алтын орда дегендердiң өзi — кеңейтiлген киiз үйдiң көшiрмесi iспеттi. Сосын төрге қыз бала отырған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×