Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Полифониялық шығармамен жұмыс

ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы: Полифониялық шығармамен жұмыс
Мақсаты: Ұлы композитор И. С. Бахтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Прелюдияның орындалу ерекшелігін оқушы санасына жеткізу, музыкалық - теориялық ұғымдарды меңгерту.
Тәрбиелік мақсаты: Композитордың құнды музыкаларын тыңдату арқылы оқушыны музыкалық білімге, өнерге, аспапта орындаушылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының музыкалық сауатын, жылдам ойлау қабілетін дамыту.
Пәнаралық байланыс: Музыка әдебиеті, сольфеджио, хор.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Қолданылатын көрнекі – құралдар: Баян аспабы, аудио, видео үнтаспалары, видеопроектор, әдістемелік көрнекіліктер.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауаптар, шығарманы құрылысына қарай меңгерту.
Сабақтың барысы:
I Кіріспе.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) оқушының сабаққа әзірлігін, оқу - құралдарын дайындату.
б) Үй тапсырмасын сұрау:
Гамма F - dur, d - moll арпеджио, аккордтарын орындату.
А. Доренский «Веселое настроение» шығармасын жатқа сұрау, екпін, ритм сауаттылығын тексеріп, көрік (мех) қозғалысына мән беремін.
А. Диабелли «Рондо» берілген бөлімдерін жүргізіп ойнату. Динамикалық белгілері мен нюанстерін сұрау.
II Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушыға таныстыру.
Полифония -(грек тілінен аударғанда poli – көп, pone - дыбыс) көп дауысты әндердің бір мезгілде қосылып орындалуы. Полифониялық формаға (канон, фуга т. б) хор шығармалары жиі қамтылады, әсіресе фугатодағы әдісте полифониялық шығарманың үзінділерінде.
Прелюдия (ежелгі латын тілінен аударғанда praeludo - алдын - ала ойнаймын, кіріспе жасаймын) дегенді білдіреді. Алғашқыда прелюдияны бір музыкалық шығармаларды клавишті, ішекті аспаптарда, органда орындағанда кіріспесі де таныстырылатын боған.
XYIII ғасырдан бастап прелюдияны дамытып, көркем шығармалардың басты кейіпкері еткен.
Прелюдиялар неміс композиторы И. С. Бахтың шығармаларында үлкен орын алды. Оның көптеген полифониялық шығармаларында кейбір ортақ қасиеттер тән. Олар әрекеттің моторлы сипаты, фактура мен ритмнің біркелкілігі. Ондай прелюдияларда фугаларға қарағандағ тақырыпты анықтап табу қиын. Қалыптасқан сыртқы формаларды сақтағандай боп Бах оларды ішкі жағынан сындырып жаңа деңгейге көтерді.
Иоганн Себастьян Бах 1685 жылы дүниеге келіп, 1750 жылы қайтыс болған. Өткен замандардың композиторлары арасында Бах - ерекше құбылыс. Композитор өзінің суреткерлігімен, тереңдігімен және шығармашылық жолының кеңдігімен музыка сүйер қауымды әлі күнге дейін таң қалдырады.
Гендельдің құрдасы Бах Гендель сияқты, өз заманының көрнекті жақтарын сипаттайды. Бірақ Гендель оның қаһармандығын, әрекеттігін суреттесе, Бах оның бай, күрделі жағын ашады.
Бах үлкен тарихи кезеңнің тәжірибесін қорытындылап, өзінің үлкен данышпандығымен ілгері ұмтылған. И. С. Бах шығармашылығы XIX - XX ғасырларда кең дамыды.
Бах - философ, музыкант, ол адам болмысының ең терең мәңгілікті сұрақтарын талқылаған: өмір мен өлім, адамның парызы мен мақсаты туралы.
Бах - лирик. Оның музыкаларының әр жолы адам жүрегінің жылылығымен жазылған. Бахтың лирикалық толғауларының жұмсақтығы, әуезділігімен бірге саналылық тәртібі сезіледі.
Бах - көп қырлы. Оның өнері өткір драматизмді және таза лириканы үлкен халықтық массаның сезімін білдіруді қамтиды.
Прелюдия – И. С. Бах. Екпіні - andante, тональділігі - си бемоль мажор, өлшемі ¾.
Шығарманы оқушы қабілетіне байланысты ойнатып, көрік қозғалысын, оң және сол қолдың үйлесімді орындалуын қадағалаймын.
Музыка тыңдату: Менуэт, Органная прелюдиялар, авторы И. С Бах.
III Сергіту сәті: ансамбль түрінде Н. Корецкийдің Карело - фин полькасын оқушымен қосылып орындау.
IV Қорытындылау:
Дидактикалық «Нота» ойыны бойынша жазылған сұрақтарға оқушының жауаптарын тыңдап, жаңа сабақты меңгерген нәтижесін саралаймын.
Сұрақтар қойылып, оқушыны бағалап, үйге тапсырма беремін.

Қазалы аудандық Қорқыт ата балалар музыка мектебі баян класының оқытушысы Байсенгер Әділбек Абылайұлының 3 - класс оқушысы Жұмахан Дамирге өткізген ашық сабағының
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Дарынды оқушыны шығармашылыққа баулу

Дарынды оқушыны шығармашылыққа баулу

Мақсаты: Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту, рухани бай, білімді шәкірт етіп тәрбиелеу. Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, мейірімділікке,...
Дина «Тойбастар»

Дина «Тойбастар»

Дина Нұрпейісова 1861 жылы Орал облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, күйші - композитор....
Фредерик Шопеннің өмірі мен шығармашылық жолы

Фредерик Шопеннің өмірі мен шығармашылық жолы

"Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы", Атырау музыка колледжінің музыка теориясы пәндер бірлестігінің оқытушысы Ғинаятова Сандуғаш...
Гамма, этюдтар ойнау арқылы оқушының техникасын өсіру

Гамма, этюдтар ойнау арқылы оқушының техникасын өсіру

Қызылорда облысы, Арал қаласы өнер мектебінің мұғалімі Қадырбаева Баян Жамаловна...
Жасарал Еңсепов «Әке толғауы» күйі

Жасарал Еңсепов «Әке толғауы» күйі

Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы Домбыра үйірмесінің жетекшісі Сарсенғалиева Айзада Хайратқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету