Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қол қойылымы, фортепианода ойнаудың еркін жолдарымен үйрету

Тақырыбы: «Қол қойылымы, фортепианода ойнаудың еркін жолдарымен үйрету»
Мақсаты:
• Аспапта ойнауда дұрыс отыруы;
• Дыбыстың дұрыс шығуы;
• Бір топ жаттығулар: қолды қалықтаған, сіреспеген түрде ойнау, клавиатураға қолды қалықтаған түрде түсіру; Клавиатураға түсіру үшін, буыннан бастап саусақ ұштарын жақсы сезіну;
Көрнекілігі: Ноталық әдебиеттер, плакаттар, суреттер.
Барысы:
Баланың бірінші аспапта ойнағанда, оның қолының бос, иілген, күштің бүкіл қолмен, иықтан саусақтардың ұшына дейін жаттығу жасаттыру, түсіндіріп отыру.
І. Өтілгенді қайталау.
- Қандай дыбыстар болады?
- Төмен және жоғары.
- Өз ішіңнен ортасын тауып клавиатураға түзу сызық жүргіз.
- Сол жағынан дыбыстар төмен (аю, барыс, жолбарыс), оң жағынан (құстар, қоян, тышқан)
- Октава деген не?
- Клавиатурада неше октава бар?
- Сегіз.
- Қане, енді ноталар қайда тұратынын еске түсірейік.
- до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
- Дыбыстар жоғары және төмен болады. Ұзақ және қысқа болады.
- Ең ұзақ дыбысты қалай айтамыз?
- Ол дыбысты қалай санаймыз?
ІІ. Аспапта ойнау үшін, аспап жанында дұрыс отыру керек. Отырғанда клавиатураға қойылған қол горизонталь қалыпта болу керек. Тек қана дұрыс отырғанда қолдың бүкіл бөліктері еркін қимылдар жасау керек.
- Қане қолыңды алға соз. Саусақтарың қара клавиатураға нақты тұру керек. Әр уақытта баладан ыңғайлы ма?- деп сұрап тұру қажет. Егер баланың қолы қосылып тұрса, оған қолыңның жүріс кезінде қалай болды, солай еркін ұстатқызып, қолын қайта - қайта сілкілдетіп, оң және сол қолмен бірдей жұмыстану керек. Қолың – ол сенің дауысың. Қолың сөйлей алады, дыбыстың қатты, жәй және жүректен әндете айтсаң, солай ойнайсың. Бүкіл денеңді бос болуын гимнастика арқылы жаттығулар орындаймыз.
1 - жаттығу. «Сағат тілі»
2 - жаттығу. «Піл» Қол көтеріп, денеңді бос ұстап аяқ бүгіліп, түзеліп тұрасың. Енді аспап жанына отыр.
• Жәй қозғалыспен қолыңды үшінші саусағыңмен, оң қолыңмен соль (нотасын) клавиатурасына І октаваға қой. Қолың жоғарыдан клавиатураға қону керек. Сол дыбысты тыңдап, кейін қолыңды клавиатураға жоғарыдан саусақ ұшымен клавиатураға қон. Балаға оның қолының бес, иілген күштің бүкіл қолмен, иықтан қолдың саусақтардың ұшына дейін жасаттыру керек (судың шлангадан аққандай секілді).
• Осы жаттығуларды ре, фа - ның, си - бемоль, до дыбыстарын қайтала.
• Дәл осы жаттығуларды сол қолмен кіші октавада қайтала үшінші саусақпен.
ІІІ. Қорытынды.
- Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік?
- Аспап жанында қалай дұрыс отыру керек?
- Денені бос ұстау үшін қандай гимнастикалық жаттығулар керек?
Бағалау.
Үй тапсырмасын беру.
Дыбысты дұрыс шығарып ойнау.
Дене гимнастикалық жаттығуларын жасау.
Қолды клавиатураға түсіргенде қалықтаған сіреспеген қалыпта жаттықтыру.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Музыкаға баулу» баяндама

«Музыкаға баулу» баяндама

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Балалар саз мектебінің фортепиано класының мұғалімі Жармаганбетова Зауреш Ерболовна...
Нота сауаттылығымен және клавиатурамен таныстыру

Нота сауаттылығымен және клавиатурамен таныстыру

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Балалар саз мектебінің фортепиано класының мұғалімі Жармаганбетова Зауреш Ерболовна...
Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру

Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Файзуллин...
Волейбол (10 сынып)

Волейбол (10 сынып)

Ақмола облысы, Жарқайын ауданы, Тассуат орта мектебі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оспанов Асқарбек Зекенұлы...
«Гимнастикалық жаттығулар» , “Акробатикалық жаттығулар”

«Гимнастикалық жаттығулар» , “Акробатикалық жаттығулар”

Аты – жөні: Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Мамандығы: Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жұмыс орны: Қызылқоға ауданы № 9 орта мектеп Санаты: ІІ Сабақтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету