Сайтқа кіру Тіркелу

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларға музыкалық тәрбие беру

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларға музыкалық тәрбие беру
Қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық әдіс - тәсілдер енгізу арқылы ғана, оқушылардың пәнге, жалпы өмірге, қоғамға деген қызығушылығын оята аламыз. Осындай жаңалықтың бірі -«Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы. Бұл жобаны семинарларға қатыса жүріп, әдістерін үйреніп қана қоймай, жалпы жобаның философиясын түсіне бастадым. Әрине, ең бірінші өзімің қызығушылығым оянып, музыка сабағына осы әдіс - тәсілдерді қолдану үшін, көп оқып, ізденіп, осы тұрғыдағы семинарларға қатыса бастадым. Бұрынғы әдістерді қолданып жүрген тәжірибелі ұстаздардың да сабақтарына қатысып, өзім іштей қорытындыға келдім.
Сабақ тақырыбына сай әдістерді, әр сыныптың жас ерекшеліктеріне сай жинақтап, кезекті сабаққа қатты қобалжумен, қалай болар екен, балалар түсіне қояр мекен деген оймен қорқа кірдім. Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмаларын бергеннен бастап, сабаққа деген бар зейін - ынталарын, қызығушылықтарын көріп, көңілім орнына түсті. Балаларға бұл әдістер бұрыннан таныс, күнделікті сабақта қолданып жүргендей, топтасып, ақылдасып өз ойларын айтып жатты. Сабаққа дайындықсыз келетін оқушыларға, бірлесіп, топтасып әрекет жасау кәдімгідей әсер ете бастады. Келесі сабаққа дайындықпен келген оқушыға, басқалары бірінші рет көргендей, таңырқай қараған кездері де болды.
Сабақта тек қана ән айтып, күй тыңдап қоймай, әннің, күйдің шығу тарихын, композитордың, өздеріне ұнаған әншілердің де өмір баянын, шығармашылығын өздері қосымша әдебиеттерден оқып, зерттеп, жаза бастады. Біртіндеп, әр сыныптан шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар іріктеле бастады. Бесінші сыныптағы «Қазақ халқының музыкалық аспаптары» тақырыбы бойынша, оқушылардың білімдерін нақты тексере алдым.
Аспаптар
Шертпелі аспаптар
Үрмелі аспаптар
Ұрмалы аспаптар
Домбыра
Үскірік
Дабыл
Қобыз
Сыбызғы
Шертер
Асатаяқ
Жетіген
Сазсырнай
Даңғыра
Күнделікті осы әдістерді сабаққа тиімді пайдаланудың арқасында, оқушыларда болған, мынадай жаңалықтар мен өзгерістерді байқадым.
1. Оқушылардың келесі сабақты, тағатсыздана күтіп, өзінің ізденісін, білімін көрсетуге асығуы (сабақ кестесіне қарамастан, маған келіп, өзінің тапсырманы қалай орындағанын баяндайды).
2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
3. Жаңа сабақты аз уақытта түсініп, игере алды.
4. Кітапханаға жиі баратын болды.
5. Өз ойларын ашық айтуға үйренді.
6. Шығармашылықпен жұмыс істей бастады.
7. Ғылыми жобаға қатысушы талапкерлердің саны өсті.
Балалардық эстетикалық сезімімен ұғымын, көркемдік шығармашылық қабілетін үдіксіз дамыту үшін, оз халқының музыкасына өнеріне деген сүйіспеншілігіе оятуымыз керек.
Өз халқының музыкасын тыңдай отырып, бала бойында қуаныш пен тебіреніс, қорқу мен үміт қатар жүреді. Бұл сезімдер балаларды, алдағы өмірдегі түрлі қиыншылықтармен күресуге үйретеді.
Музыка - адамзаттың тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Музыка сабағында, халық музыкасын тек тыңдатып қана қоймай, музыкалық шығарманың композиторы туралы жаңа деректер жинап, шығарманың шығу тарихымен де таныстырып отыру арқылы баланың біртіндеп шығармашылықпен айналасуына ықпал етеміз. Музыкаға деген қызығушылығы арқылы, балалардың сезімталдығын, мәдениеттілігін қалыптастырамыз. Сонымен бірге, бала бойында шығармашылық дарынның көктеп, гүлденіп жеміс беруіне жол ашамыз.
Күйшілер
күйлері
Құрманғазы
«Сарыжайлау»
Дина
«Көкіл»
Дәулеткерей
«Сарыарқа»
Ықылас
«Той бастар»
Тәттімбет «Қос алқа»
Сүгір
«Ерден»
Қазанқап «Телқоңыр»
Төлеген
«Ақсақ құлан»
Абыл «Салтанат»
Күнделікті сабақ барысында, тақырыпқа байланысты оқушылар өздерінің ой - толғанысын сұрақтарға жауап беру арқылы білдіріп отырады. Мысалы: Берілген шығармашылық жұмысты орындау қиын болды ма? деген сұраққа оқушылар былай жауап берді.
... бірінші тапсырманы орындау қиын болды. Өзімнің қандай тапсырмаға шамам келетінін білмедім. Барлық тапсырманы орындауға тырыстым. Сабаққа келгенде, өз тапсырмамды таныстыруда өз қатемді түсіндім. Кітапханаға барып, газет - журналдарды, кітаптарды оқып танысып, жалпы оқуға деген қызығушылығым артты. Композитордың өмірімен танысу арқылы, кез келген әннің, күйдің шығу тарихын біліп, сол әнді немесе күйді тыңдауға асықтым...
... шығармашылық тапсырмалар арқылы, өзім дайындаған жұмысым арқылы еркін сөйлеуді үйрендім. Өз ойымды ашық айтатын болдым...
... Маған кітапханаға барып кітап оқу өте ұнайды. Шығармашылық тапсырманы ғана орындап қоймай, бұрын естімеген, білмеген тұлғармен танысып қоймай, олардың өмірі арқылы көп көмек алдым... сияқты жауаптары арқылы мынадай нәтижеге жетуі:
- шығармашылық қабілеттерін тани білуге;
- жылдам шешім қабылдауға;
- жаңашыл әрекет жасауға;
- білімге деген құлшынысын арттыруға;
- күнделікті кездесетін қиыншылықты өзі шеше білуге,
- жаңа нәрсені танып білуге құлшынысын, қабілетінің оянуына әсер етуіміздің өзі, заман талабына сай ұрпақ дайындап жатқанымыз деп есептеуімізге болады.
Күнделікті сабақ барысында, шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушы бойына мынадай қасиеттерді қалыптастыруымызға болады:
• шығармашылық қасиет;
• белсенділік қасиет;
• ой - өрісінің даму қаситі;
• мәдениетті сөйлеу қасиеті;
• халық музыкасына деген қызығушылық қасиет;
• шыдамдылық қасиеті;
Әрине музыканы жақсы көрмейтін, әнді тыңдамайтын адам кем де кем. Бірақ, қазіргі кезде, батыс музыкасын тыңдап, еліктейтін қазақ жастары да аз емес. Өкінішке орай, өз халқының дәстүрлі әнімен - күйін тыңдамайтын да жастар бар. Міне, осы сияқты мәселелерге де оқушылар сыни тұрғыдан қарап, салыстыра отырып зерттей алды. Сабақтан ой түйіп кеткен балалар, тіптен ары қарай өздері зерттеп, келесі күні өз ойларын айтып жатты. Оқушылар өтілген сабаққа байланысты мынадай мәселелерді зерттеп, салыстырды:
- Халқымыздың дәстүрлі әні мен күйін, қазіргі жастар күнделікті тыңдау үшін не істеуге болады?
- Күйді тек домбыра аспабында немесе өңдеу арқылы басқа аспаптармен бірге ойналғанына қалай қарайсың?
- күнделікті отбасында халық әнін, күйлерді тыңдауды қолға алуға, кім кедергі жасайды?
- Халық аспаптарында, әсіресе домбыра аспабында ойнап - үйренуге балалардың қызығушылығын қалай арттырамыз?- деген сұрақтарға жауап бере отырып, өздері шешімін табады.
Мысалы:
- дәстүрлі ән, күй тыңдап келген оқушылар, музыка тыңдау парағын толтырады;
- күйді қай аспапта тыңдағанын, не себепті ұнағаны жайлы баяндайды;
- үйде ата - аналарымен бірге тыңдағанын, композиторы жайлы түсінік бергенін мақтанышпен баяндайды;
- оқушылар біртіндеп, домбыра үйірмесіне қатыса бастайды;
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қосымша үйірме жұмыстарында дамытып отырудың арқасында, музыкалық тәрбие жұмысы өз жемісін береді. Балалардың әндері оқушылардың дүние танымын қалыптастырады. Ән - әуен арқылы дүниені танып - білу адам, табиғат, қоғам арасындағы байланыс, осылардың барлығы ән арқылы, музыка арқылы балалардың сана - сезімдері тез қабылдап, ой - өрісінің дамуына үлкен әсерін тигізеді.
- Қазақ халқының әндерін айтып, үйрену;
- Ұлттық музыкалық аспаптарда( домбыра, қобыз т. б.) ойнап үйрену;
- Қазіргі заман музыкаларын сүйіп тыңдау арқылы музыкалық есту, тыңдау қабілеттерін дамыту;
- Қазақ халқының халық музыкасына деген құрмет, сүйіспеншілік дарынды, мәдениетті, сезімтал, ұлттық музыкасын қастерлей алатын, өз Отанын сүйетін жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
- Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
- Сабақты түрлендіріп өткізу;
- Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
- Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
- Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Болашақ ұрпақтың алға қарай ұмтылуы, іс - әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне байланысты. Ал шығармашылық іс - әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана шығармашылық қызығушылықтан басталады.
Жас жеткіншектің ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан, өркениетке жетудің жолын оқушылардың шығармашылық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстыруымыз керек..
Мектеп оқушыларына музыкалық білім мен тәрбие беруді тек «Музыка» сабағында ғана шектеліп қоймай, қабілеттеріне қарай шығармашылықтарын дамытып отыру пән мұғалімдерінің басты міндеті болып, табылады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×