Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Геометриялық прогрессия. Геометриялық прогрессияның п- ші мүшесінің формуласы.

Сынып 9ә
Пәні алгебра
Тақырыбы Геометриялық прогрессия. Геометриялық прогрессияның п - ші мүшесінің формуласы.

Мақсаты Білімділік: Геометриялық прогрессияның анықтамасын білу, геометриялық прогрессияның формуласын жалпы түрде жаза білу, кез - келген көршілес мүшелерінің қатынасы арқылы еселігін таба білуді қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Міндеттері 1. Есептер шығаруда геометриялық прогрессияның п - ші мүшесінің формуласын қолдану
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже 1. Геометриялық прогрессияның п - ші мүшесінің формуласын қолдана біледі.
2. Есептерді шығаруда геометриялық прогрессияның п - ші мүшесінің формуласын қолданады.

Жеті модульдің қамтылуы Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, электронды оқулық, оқуды бағалау

Сабақтың типі практикалық
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері Кіріспе сұрақтары, миға шабуыл, бағалау сұрақтары, проблемалық ой шешу.

Сабақтың көрнекілігі Оқулық, плакат А1 форматты қағаз, маркерлер, интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс Логика, қазақ әдебиеті
Сабақ жоспары Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі,
психологиялық дайындық (1м) Оқушылар топқа бөлінеді.
Күлгін түске: 12. 09. 2003/Азамат/, 05. 05. 2002/Қуаныш/, 10. 04. 2003/Гүлназ/, 12. 11. 2003/Аяжан/
04. 04. 2003/Мұхамед/, 15. 06. 2003/Ұлан/, 18. 12. 2002/Алина/
жасыл түске: 29, 31, 9, 17, 10, 30 туған күндерді жазып, түс бойынша бөлу Топқа бөлініп отырады
Үй тапсырмасын тексеру (3м) №204, 205
Психологиялық дайындық, қызығушылығын ояту:
1. Сандар тізбегі дегеніміз не?
2. Сан тізбегінің жалпы мүшесі деген не?
3. Қандай сан тізбегі арифметикалық прогрессия деп аталады?
4. Арифметикалық прогрессияның айырымы деп қандай санды айтады?
5. Арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласы
айтыңдар?
6. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы формуласын айтыңдар?

Оқушының ой пайымын туғызу
Жаңа сабақты қорғау (10м) в1, в2, в3,..., вn... тізбегі берілсін.
Анықтама. Егер {в_n } тізбегінің екінші мүшесінен бастап, әрбір мүшесі өзінің алдындағы көршілес мүшені бірдей тұрақты, нөлден өзгеше санға көбейткенде шығатын сандық тізбек геометриялық прогрессия деп аталады.
Жазылуы: вn+1= вn•q, q≠ 0, в1≠0 q - еселігі деп аталады.
1) 1, 2, 4, 8,...; 2) 5; 25; 125: 625:...; 3) 0; 2;- 0, 6; 1, 8;- 5, 4;...;
в2=в1 q
в3=в2 q=( в1 q) q= в1 q2
в4=в3 q=( в1 q2) q= в1 q3
вn=в1 qn - 1 - геометриялық прогрессияның жалпы мүшесінің формуласы.
Оқылуы. Геометриялық прогрессияның вn мүшесі в1 - ді q еселігінің (n - 1) дәрежесіне көбейткенге тең.

Мысалы. 3, 9,... т\к в4 -?
Шешуі в1 = 3, в2= 9, q -? в2=в1 q, q= в2: в1 = 9: 3= 3
в4 = в1 q3, a4 = 3•33= 3• 27= 81 Жауабы: в4 = 81
Жеке жұмыс

Әр топқа берілген тақырыпты ақылдасып, бір - біріне түсіндіреді. Топтарға тапсырма беріледі, постерді тақтаға шығып, әрбір оқушы түсіндіріп, қорғайды.
/Электронды оқулықпен жұмыс/ тест, тапсырма мүмкіндігінше орындалады
Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырмалар бөлініп беріледі, сол тапсырмалар бойынша топпен орындап шығады, оны ортада талқылайды
Есептер шығару (10м) Кітаппен жұмыс. Есептер шығару:
Тақтада орындалатын тапсырмалар:
№206. 1 - ші топ (а), 2 - ші топ (ә)
№207. 1 - ші топ (а), 2 - ші топ (ә)
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Сергіту сәті (5м)
Берілген сандар бойынша сандық мақал - мәтел айту.
1) 8 және 1; Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы.
2) 1 және 2; Бір елі ауызға, екі елі қақпақ.
3) 6 және 4; Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
4) 7 және 1; Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
5) 1 және 10; Бір тал кессең, он тал ек.
6) 7 және 7; Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал.
7) 30 және40; Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю.
Жеке жұмыс

Тест жұмысы. жеке жұмыс. (5м) Алған білімдеріңді жинақтау үшін жеке тапсырма беріледі,
5 минутта орындап, жауаптарыңды жауап парағына толтырамыз, сосын бір - біріңдікін ауыстырып, тексеріп, бағалаймыз. Аяқтаған соң қатар отырған екі оқушы, жұмыстарын ауыстырып, бірін - бірі тексеріп бағалап, бағасын қояды. (қалыптастырушы бағалау).

1 - нұсқа
1. {a_n } геометриялық прогрессиясының еселігі неге тең.
a4 = а1• q3
А) q2 Б) q3 В) q D) q4
2. 2, 4,... геометриялық прогрессияның q - еселігін табыңдар.
А) 2 Б) 3 B) 4 D) 5
3. {a_n } геометриялық прогрессия үшін а1 = 5, q= 3; а3 =?
А) 25 Б) 5 B) 35 D) 45
4. {a_n } геометриялық прогрессия үшін а1 = 2, q= 1/2; а5 =?
А) 1/4 Б) 8 B) 1/8 D) 1/15

Тест жұмысының жауаптары
Сұрақтың нөмірі 1 2 3 4
Жауаптары
Аты - жөні: Баға:

2 - нұсқа
1. {a_n } геометриялық прогрессиясының еселігі неге тең.
а6 = а1• q5
А) q4 Б) q3 В) q D) q5
2. 5, 25,... геометриялық прогрессияның q - еселігін табыңдар.
А) 15 Б) 1 B) 5 D) 10
3. {a_n } геометриялық прогрессия үшін а1 = 10, q= 4; а4 =?
А) 640 Б) 160 B) 50 D) 100
4. {a_n } геометриялық прогрессия үшін а1 = 3, q= 1/3; а3 =?
А) 1/9 Б) 1/3 B) 1/15 D) 1/8

Тест жұмысының жауаптары
Сұрақтың нөмірі 1 2 3 4
Жауаптары
Аты - жөні: Баға:

Тестті дұрыс жауабы бойынша өзара оқушылар тексереді
№ 1 - нұсқа 2 - нұсқа
1 Б Д
2 А В
3 Д А
4 В Б
Топта бір - бірін бағалайды

Тез аяқтаған оқушы электронды оқулықтан тест орындайды
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Прогрессия тақырыбына есептер шығару

Прогрессия тақырыбына есептер шығару

Геометриялық прогрессияның анықтамасын, қасиеттерін, n - ші мүшесінің формуласы мен алғашқы n мүшесінің қосындысының формулаларын, шексіз...
Арифметикалық прогрессия

Арифметикалық прогрессия

Сабақтың мақсаты: (білімділік) арифметикалық прогрессияның n - ші мүшесінің формуласын және n - ші мүшесінің қосындысының формуласы арқылы есептер...
Арифметикалық және геометриялық прогрессияның  алғашқы n мүшесінің қосындыс ...

Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындыс ...

Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы туралы алған білімін есептер шығаруға қолдану дағдысын...
Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның n  мүшесінің қосындыс ...

Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындыс ...

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы. КММ Крупская атындағы орта мектеп - балабақша Информатика мұғалімі: Рахимова Майра Жексембайқызы ...
Арифметикалық прогрессия

Арифметикалық прогрессия

Жезқазған қаласы №10орта мектебінің математика пәні мұғалімі Есенбаева Эльмира Амировна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету