Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Бақыт туралы мақал-мәтелдер

Өзен ұзақ ағады
Бұлағы болса басында.
Іздеген бақыт табады
Жалықпаса жасында.

Екі көзің ойнаса,
Жақұт емей немене?
Екі қолың ойнаса
Бақыт емей немене?!

Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.

Басқаның бейбақтығына қуанба, бақыттылығына қуан.

Жақсы жұбай — жарым бақыт.

Бақыт кетсе басыңнан:
Әуелі досың мен құдаң кетер.
Бидай еккен жеріңе
Мия мен тікен бітер.
Бақыт, байлық басыңа қайта оралса:
Кеткен достар әр жерден жылмаң етер.

Азын - аулақ малың болсын,
Орта ғана халың болсын,
Кіршіксіз арың болсын,
Жүк көтергіш нарың болсын,
Басың аман, денің сау болсын —
Бақыт деген сол.

Жыртық жерді жел табар,
Шын бақытты ел табар.

Ер бақыттың
Қонғанын білмейді,
Ұшқанын біледі.

Өзін өзі білген ер бақытты.
Өзін өзі билеген ел бақытты.

Бақыт шыбын сияқты —
Бірде гүлге қонса,
Бірде көңге қонады.

Татулық - табылмас бақыт.

Ынтымақ бар жерде бақыт бар.

Бақытсыздық, оған ашылған есікке кіреді.

Жақсылығы жоқтан,
Жақсы бақыт қашады.

Азат елін сүйген ұл — бақытты,
Жаңа жұртын сүйген қыз — бақытты.

Пәлен жерде бақыт бар,
Іздеп барсаң мыс та жоқ.

Бақыт кілті еңбекте.

Бақыт тайса,
Ботқаға да тіс сынады.

Өнерлі қол - бақытқа жол.
Бақыттыға бақ - дәулет бас көтертпейді.

Бақыт белгісі - ғылым мен ақыл.

Нан – бақытты өмiрдiң бастауы.

Бағалай білмеген адам бақытқа жетпейді,
Армандай білмеген адам мұратқа жетпейді.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету