Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ұлттық тағам - Наурыз көже

Ұлттық тағам - Наурыз көженің құрамы, дайындау тәсілдері, ағзаға пайдасы

Орындаған: Сағымбеков. Данияр.
Жетекшісі: Биология пәні мұғалімі Еркебаева. Нағима.
Аннотация
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Ұлттық тағам – Наурыз көженің құрамы, дайындау тәсілдері, ағзаға пайдасы.
Зерттеу жұмысының негізі: Наурыз көже және оның құрамы туралы зерттеу жұмыстары.
Наурыз көженің құрамын зерттеуге қызығушылықтың пайда болу себебі: Қазақ халқы асқа, ұлттық тағамға үлкен мән берген. Наурыз көже, көже, ашыған көже, айрылысар көже, қымыз, саумал, қуырдақ, құрткөже, талқан, торта, майсөк, т, б шипалы да дәруменге бай тағамдар батыс елдерінде мүлдем жоқ. Бұл біздің еліміздің ерекше тағамы. Ұлттық тағамдарымыздың құндылығын дәріптеу мақсатында Наурыз көженің ұлт саулығына пайдасы орасан зор болғандықтан.
Қандай ұсыныңыз бар: Мектеп асханасында, дүкендерде, үйде газдалған сусынның орнына наурыз көже сатылымда болса. өйткені Наурыз көже айран және басқада түрлі дәндерден, сүр еттен жасалғандықтан құнарлылығы жоғары және В1, В2, В 6 дәрумендеріне бай.
Бұл сұрақтың жауабын қайдан іздедіңіз: интернеттен, әдеби кітаптардан, газет - журналдар, көне көз қариялардан, анамнан.
Жобаға пайдаланылған көрнекі құралдар: Суреттер, слайдтар, тағам түрлері,, зертхана құралдары.

Кіріспе
Наурыз мерекесі жақындағанда әрбір отбасы наурыз көже жасауды міндеті санайды. Тіпті, жас жеңгелер үлкен кісілерден ақыл - кеңес сұрап, наурыз көжеге не қосу керек екенін саралап жатады.
Себебі наурыз мейрамы – мейрамдардың ішіндегі ең қасиетті мейрам, яғни жыл басы. Халқымыз сан мыңдаған жылдар бойы ата кәсібі мал шаруашылығымен айналысып келген. Ұлыстың Ұлы күні Наурызнамада дайындалған Наурыз көже «Ұлы күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп, көже мейлінше мол жасалады. «Жақсы тамақ қалғанша, жаман қарын жарылсын» деп тоя ішу ғұрпы сақталған.
Халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. Сондықтан да болар наурыз көженің құрамына төрт түлік малдың еті қосылады. Сонымен бірге су, дәнді дақылдар, май, айран, сүт, тұз қосылған. Кей кезде құрт, жылқының сүрленген қазысы, қартасы қосылады.
Наурыз көженің құрамы:
Су. Су - организмнің барлық сұйық ортасының негізі, оның құрамында органикалық заттар және минералды тұздар болады. Сонымен қатар минералды заттар денеге тағаммен және сумен қабылданады. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Зат алмасудың зиянды өнімдері организмнен су арқылы шығады.
Тұз. Ағзаға қажетті минералды тұздардың бәрі дерлік әдетте тағамда жеткілікті мөлшерде болады. Онда натрий хлориді ғана жетіспейді. Сондықтан тамаққа ас тұзын саламыз.
Сүт (айран, құрт ) төрт түлік малдан алынады. Сүттің құрамында мынадай дәрумендер бар.
Д (кальциферол)- балада мешел ауруының, аяқ сүйегінің қисаюының алдын алады.
С (аскорбиндік қышқылы)- алмасу процесіне қатысады, дені сау теріні қалыптастырады.
В2 (рибофлавин)- орталық жүйке жүйесіне, зат алмасуға, белок, май, көмірсулар, көздің жарықты және түсті қабылдауына әсер етті.
Ет. Еттің қоректік құны аса зор. Ет - ең негізгі тағамдық өнімдердің бірі. Қоректілігі жағынан өте құнды. Еттің құрамында су (73 - 77%), аққуыз (18 - 21%), май (1 - 3%), дәрумендер (В1, В2, В6), минералды тұздар, экстрактивті заттар бар.
В1 ағзада зат алмасу үшін қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде адам дел - сал болады. Ас қорыту процесі бұзылады. В2жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар еттің құрамында белок, амин қышқылдары, дәрумендер өте мол. Фосфор, темір, мырышқа өте бай.
Май. Майлар – тағамның қажетті және ең колориялы құрамдас бөліктері. Мал майының өткірлік, дәмділік, емдік қасиеттері бар. Адам майлардан А, Д, Е дәрумендерін алады. А дәрумені көздің көру қабілетін жақсартады. Е дәрумені бұлшық еттердің қызметін жақсартады.
Наурыз көженің дайындау тәсілдері: Тереңіне үңілсек, Наурыз көженің қасиеті мен құрылысы тым ерекше. Қазірде ғалымдар көженің адам бойындағы қажетсіз микробтарды жойып жіберетін қасиеті бар екенін жиі қаузап жүр. Әйтсе де бойына айрықша қасиет жиған бұл асты дайындау оңай шаруа емес. Дәмі тіл үйіру үшін оған міндетті түрде сүр ет қосу керек. Сондай - ақ көжеге қосылатын басқа да дәмдерді нақпа - нақ дәл қоса білу де үлкен шеберлікті қажет етеді. Жасыратыны жоқ, қазірде Наурыз мейрамдарында дайындалып жүрген наурыз көженің белгілі бір технологиясы, құрамы, дәмі, стандарты көңілімізден шықпай да жатады. Көжені кім қалай естісе немесе бір жерден оқыса, біреуден үйренсе солай жасап жүр. Ал енді жылдар өте келе осы ұлттық дәміміздің сапасы одан әрі төмендеп кетпесіне кім кепіл?! Тіпті кей сәттері «компьютердің құлағында ойнауды мақсұт тұтып жастар уақыт өте келе Наурыз көжені жасауға, оның қасиетін білуге бейіл танытар ма екен» деп те ойланасың...
1 тәсілі. Ол үшін ең алдымен, қазан толы сүтіңізді қайнатып, піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайды. Әбден пісуге тақаған кезде қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз. Егер наурыз көже қоймалжың болып кетсе, тек айран құйып сұйылтасыз.
2 тәсілі. Енді үлкен қазанға су құйып ең алдымен етті, қазыны баппен пісіріп аламыз. Қазының майы шығып сорпасы дәмді болады. Піскен етті сүзіп алып, сорпасына алдын – ала бұқтырылған арпаны салып пісіреміз. Сорпаға әдемі әр беру үшін сәбізді қосамыз. Суытылған етті турап, сорпаға саламыз. Сорпа аздап салқындаған соң езілген құрт және сүт араластырамыз. Наурыз көжені мол етіп пісіріп, оны тоңазытқышта бір аптаға дейін тоңазытқышта бір аптаға дейін сақтауға болады.
Ұсыныс:
Не істеу керек?
Жалпы, қазірде елде жаппай агро - өнімдерімізді қолдау үрдісі жүріп жатыр. Бұл ретте агро - өнім шығаратындарға қаржылай көмек беру; банктердің бетін ауылға бұру; ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушыларға субсидия дотация бөлу тәрізді шаралар легі атқаралып - ақ келеді. Ендігі кезекте осы ұлттың шөлін басатын, халықтың денсаулығына оң әсерін тигізетін сусындарымызға да белгілі бір қолдау керек тәрізді. Бұл ретте мамандар «қымыз - шұбат өндіретіндер өз алдына, жаңағы наурыз көжені жасау үшін де белгілі бір жүйе қажет» деседі. Мәселен, бұған қатысты Қазақ ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ғылыми - зерттеу институтының ғалымдары «Бүгінде қымыз - шұбат, наурыз көже, айран, қымыран тәрізді сусындарымыздың құнарлылығы, адам ағзасына тигізетін пайдасы әбден зерттеліп, нақтыланып болды. Ендігі кезекте біз осы сусындарымыздың кеңінен таралуына мүмкіндік жасауымыз қажет» дейді. Мамандар бір ғана наурыз көженің кеңінен таралуы үшін мынадай жайттарға басымдық беруіміз керектігін алға тартады:

А) Наурыз көженің ішіне жеті түрлі ас қосылатындықтан, көжені жартылай дайын өнім ретінде шығару керек. Ол үшін наурыз көжеге қосылатын дәмдердің басын біріктіріп арнайы қапшықтарға салып сыртына өнімнің құнарлылығы мен қасиеті жөнінде кеңінен мағлұмат берілуі қажет.

Ә) Наурыз көжені, қымыз бен шұбат тәрізді арнайы құтыларға құйып дүкендерде сатылатын етіп жасаған абзал.
Б) Көжені жасаудың технологиясын дамытып, оны арнайы заңмен бекітіп қазақтың төл өнімі ретінде патентеп меншіктеген абзал.
В) Наурыз көженің ағзаға пайдасы дәйім насихатталып отыруы тиіс.

Көжені баптау да бар сақтаудың бар мәні
Негізінен мамандар наурыз көжені баптап қана қоймай, оны сақтаудың да бірнеше тетіктерін ойластыру қажеттігін алға тартады. Бұл ретте биология ғылымының кандидаты Жандос АЙТБАЕВ: «Наурыз мерекесі басталысымен наурыз көжені жасау, оны дайындау науқаны басталады. Осындай сәтте көжені сақтау барысында санитарлық талаптар сақтала бермейді. Әсіресе қаланың кез келген бұрышында көжені сатылымға шығаратындарға қатаң ескерту болса жөн болар еді» дейді.
– Жалпы, тамақтану орындары дастарқан мәзіріне наурыз көжені тек наурыз айында ғана емес, барлық уақыттарда кіргізуі керек. Сондықтан оны бір күнге немесе бір айға шектемей, барлық уақытта дастарқан басында тұруы тиіс. Десек те, наурыз айында барлық кафе, мейрамханаларға наурыз көже жасап қоюды талап ету керек.
– Әрине, қазақтың жаңа жылында еліміздегі барлық дәмханалар өздерінің ас мәзіріне наурыз көжені енгізіп қойса, құба - құп болар еді. Өйткені оның адам ағзасына пайдасы зор. Мен сізге бір - ақ мысалын айтайын. Қайта өнген бидай немесе жүгерінің құнарлылығы 10 - 12 пайызға дейін артады. Өңделген жүгері дегеніміз не? Мәселен, жүгеріні суға салып, көлеңкеге қояды. Біраз уақыттан соң, су сіңген сол жүгеріні құрғақ жерге қойса, жүгеріден түйін шығады. Ал ол жай түйін емес, бойына бар дәруменді жинаған пайдалы түйін. Міне, осындай жүгеріні көжеге қосу арқылы тағамның құнарлылық деңгейі артады. Наурыз көженің құрамында В1, В2, РР, Е, А, ақуыз және аминоқышқылы бар. Көжені ішкен адамның иммундық жүйесі жақсарады. Онымен қоса, ағзада жиналған артық - ауыс шлактарды шығаруға көмектеседі.
– Бұл – керемет идея. Егер барлық кафе, мейрамханалар төл мерекеміздің қарсаңында наурыз көжені өздерінің ас мәзіріне енгізіп қойса, ол халықтың қызығу - шылығын туғызып, ұлттық сусындарымызға деген сұраныс арта түсер еді. Оның үстіне, ұлттық тағамдардың адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Тіпті мен тек дәмханаларға ғана емес, ауруханаларға да енгізуді жөн деп санаймын. Онда қазірше айран мен сүт қана береді. Неге осыны ұйымдастырмасқа? Бірақ мұны іліп әкететін басшылар болса ғой, шіркін. Өкінішке қарай, бізде ұлттық сусындарға деген көзқарас өте нашар. Есесіне, елімізде «Кока - кола» мен «Фанталардың» жарнамасы самсап тұр. Олардың адам ағзасына зиян екендігін, неше түрлі химиялық қоспалар қосатынын мамандар қанша көтерсе де, әлі де одан арылу тыйылмай тұр. Біз қазір ұлттық сусындардан «Наурыз көже», «Бидайкөже», «Нұркөжелерді» өндіреміз. Олар экологиялық таза, табиғи өнім. Бұған ешқандай химия - лық қоспалар қосылмайды. Осы салада жүріп бір байқағаным, ұлттық сусындардың бүйрек, жүрек, өкпе ауруларына қарсы айтарлықтай оң ықпалы бар екен. Тек соны елге түсіндіріп, насихаттауымыз керек.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету