Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қырық деп соқты ағаның асыл жүрегі

Ұл менен қызы құдірет, күшке балаған
Адамның бәрі туады асыл анадан.
Анаңыз бір кез сізге де тірлік сыйлатып,
Қырыққа кепсіз, мінеки, сіз де, ағажан.

Оятты осы ой думанды топтың ынтасын,
Қырық деп, аға, ортаңыз әнді шырқасын.
Отыздан соң да қырықта қамал алсам деп,
Осынау жастың шолып та тұрсыз қырқасын.

Алғансыз, аға, жақсысын талай жүлденің,
Өмірдің өзі біресе шатттық, бірде мұң.
Еске алып енді отырсыз ба оймен парақтап,
Отыздың отты, жиырманың жалын күндерін.

Сіз жақта бүгін, ағажан, үлкен кенен той,
Тойменен бірге кеудеде тағы еленді ой.
Отызды отты, жиырманы жалын десек те,
Халқыңыз оймен қырықты қылыш деген ғой.

Өткен шақ, аға, думанға толы елес пе,
Халқыңыз солай қырықты қылыш демес пе.
Елуге бір күн ұмсынып сіз де енерсіз,
Елудің өзі ердің де жасы емес пе.

Қырыққа кепсіз, айтыңыз бізге ұлағат,
Толмаса көңіл, мінезді осал сынап ап.
Кешегі күннің үлгісін күй ғып шертерсіз,
Жастықтың көші қалмасын дерсіз тұралап.

Жүйрікке бүгін сіз мінген, аға, мінгенбіз,
Жастыққа тән бір қызумен өмір сүргенбіз.
Шаңыраққа барсақ, ағаның үйі ақ жайлау,
Сізде де жайнап келеді өсіп ұл мен қыз.

Жаз жанын көріп, шаттандық үйде жеңгенің,
Ұмытар кім бар пейілмен асын бергенін.
Сенеміз, аға, айтқансыз бізге жеңгені
Қыздардың бір кез аруы еді деп те ең керім.

Аман бол, аға, жүз жас деп өмір сүріңіз,
Жайқалып тұр ғой ұл-қыз боп артта бүгін із.
Асқар тау болып іні мен қарындастарға
Өмірде мынау ақылшы болып жүріңіз.

Жайдары жаннан жаз көңіл бүгін көргесін,
Бәрі де солай құрмет тұтар жеңгесін.
Жеңгеймен бірге думанға талай куә боп,
Атыңыз қосқан бәйгенің алдын бермесін!

Шаттыққа толы болсыншы әр кез жүзіңіз,
Сіз барда, аға, демейміз көптің біріміз.
Құлын-тайдай боп соңыңызға ерген ізіңіз -
Аман-сау жүрсін ұлыңыз бенен қызыңыз!

Осынау тойды ағайын, жұрттар біледі,
Қырық деп соқты ағаның асыл жүрегі.
Осы еді сізге қарлығаш қарындастар мен
Арналған бүгін ізетті інілер тілегі.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Қарындастың ағаға тілегі

Қарындастың ағаға тілегі

Сенде бүгін қуаныш, сенде бүгін той бары Көңілімнің алабын шаттық болып жайлады. Сендегі бар қуаныш нөсер болып төгерін Қарындас боп сезінді сырға...
50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы

50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы

Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із, Папа, сіздің бүгін туған күніңіз! Сіз 50 - ге толғанда, Әке, жырменен Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз. Әрқашан...
50 жас туған күнге құттықтау

50 жас туған күнге құттықтау

Құтты болсын мерей той, 50 жасың Әр уақытта домалап өрге тасың, Қосағыңмен қоса ағарып, шөбере сүй, Ешқашанда көңіліңді кір шалмасын....
40 жас туған күнге арналған тілектер

40 жас туған күнге арналған тілектер

40 деген көнбейтін жас құрыққа, 40 деген ұнайтын жас бар жұртқа. Қамал алған құтты болсын жасыңыз, Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз....
Жігіт сұлтаны

Жігіт сұлтаны

Өлеңдердің авторы: Камшат ЖҰБАТХАНОВА Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы Жігіт сұлтаны...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету