Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

1 Қазан - қарттар күніне арналған құттықтау тілек

1 Қазан - қарттар күніне арналған құттықтау тілек
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

Қарттың жауап сөзі:
Сіз қыруар жұмысқа қарамастан, үлкендерді сыйлау мен құрметтеуге әрдайым уақыт тауып жатасыз. Ол үшін өз атымнан, ақсақалдар атынан мың алғыс. Сізді өз басым жүрегі үлкен, парасат - пайымы кең азамат ретінде өте құрметтеймін. Жеке басыма қиындық түскен сәтте, қолтығымнан көтеріп, демеу болдыңыз. Інілік ізеттілігіңізді таныттыңыз. Ол үшін айтар алғысым шексіз. Еңбегіңізге табыс тілеймін. Еліміздің мәртебесі биіктеп, ел - жұртымыздың береке - бірлігі таси берсін

Ата - әжеге арналған тілектер
Алтын әжем менің!
Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам – жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнан айналдым!
Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл - өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!

Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз!
Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп - баптап өсірген ұл - қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір - бір шаңырақты құрап, өсіп - өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - дейді. Алла сізге күш - қуат берсін! Ұл - қыздарыңыз бен немере - шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!

Алтын әжем менің!
Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам – жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнан айналдым!

Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл - өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!

Ата - Әжеге
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.

60 та өмір белесі,
Қартайдым мен демеші.
Туған күнде жыл сайын,
Қуанышқа бөлеші!

Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Тіршіліктің қызығына бөленіп, Аман - есен ортамызда жүріңіз! Мерекең ұзағынан бола берсін, Үй - ішің немере, шөбереге тола берсін!

Әжетай, мейірің көп таңдандырған, Біз үшін қиындықтан шаршамаған. Жылуын жүрегіңнің аямадың, Өзіңе борышы көп балалардың. Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін, Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың. Әжелеп жан - жағыңда жүре берсін, Бал тәтті немерелер - қызықтарың.
Ақ айдынға салып бақыт кемесін, Жарқын жүзбен қуанышпен келесің, Құтты болсын жетпіс бесің, әжетай, Өзіңізді бір құдайым демесін. Бәйтерексіз жапырағы жайқалған, Барша жұртқа жақсылығың байқалған. Есен болсын ұрпағыңыз көрінген. Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен, Бақ орнасын әрдайым басыңызға. Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға,
Отбасына қуаныш сыйлап талай, Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
60 жасқа арналған құттықтау тілектер

60 жасқа арналған құттықтау тілектер

Жан Әке, құтты болсын 60 жасың, Біз үшін ардақты ғой алтын басың. Немереден көріңіз шөберені, Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын. Құтты болсын қуанышты...
Қарттарым асыл қазынам

Қарттарым асыл қазынам

Қарттарым жүректерің неткен дархан, Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң. Жолыңды жүріп өткен қарасам мен Оқитын келешекте бір - бір дастан....
40 жас туған күнге арналған тілектер

40 жас туған күнге арналған тілектер

40 деген көнбейтін жас құрыққа, 40 деген ұнайтын жас бар жұртқа. Қамал алған құтты болсын жасыңыз, Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз....
Менің әжем

Менің әжем

Әр бала үшін қашанда әженің орны ерекше. Мен әжемді өте қатты жақсы көремін. Қуансам әрдайым қасымнан табылатын, шаршасам сүйеу болар әжетайым менің...
Еркелейтін әлі мен, Әжем жақсы бәрінен

Еркелейтін әлі мен, Әжем жақсы бәрінен

Мақсаты: 1) Балаларды әжеге деген сүйіспеншілікке баулу. Әже еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой - өрісін тіл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету