Сайтқа кіру Тіркелу

Ас – адамның арқауы

Сабақтың тақырыбы: «Ас – адамның арқауы»
Мақсаты: Денсаулықтың негізі – дұрыс тамақтану екенін түсіндіру. Ырым - тыйымдармен таныстыру. Ұлттық тағамдарды насихаттау. Ұлттық салт – дәстүрімізді құрметтеу, ұлттық сана – сезімдерін ояту. Қазақ халқының дастархан байлығын, тағам түрлерінің адам ағзасына пайдасын түсіндіру. Мәтін мазмұнымен жұмыс жасай отырып, есте сақтау, сауатты жазу, байланыстырып сөйлеу және өз бетімен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сыни тұрғыдан ойлау, деңгейлік оқыту технологияларының элементтері, көрініс, колоборативтік оқытуының «карусель» стратегиясы, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойландыру, мәнерлеп оқу, қайталау, аударма.
Көрнекі - құралдар: Мақал – мәтелдер, тыйым сөздер жазылған плакаттар, сабақтың тақырыбы, ұлттық киімдер, ұлттық ыдыстар, ұлттық тағамдар, көрініс құралдары.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақты жүргізу үшін сыныптың ішінде қалыпты жағдай жасау және оқушыларды психология тұрғысынан сабаққа бейімдеу.

Денсаулыққа пайдалы тағамдар, жемістер, көкөністер суреттері интерактивті тақтада беріледі СЛАЙД
Бұл суреттер денсаулыққа байланысы қандай?
- Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану.
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Ас – адамның арқауы» - деп аталады.
Балалар дұрыс тамақтанбасақ оның денсаулыққа кері әсер етеді.
Тамақтанғанда да ол тамақтың таза жасалғанына оның мерзімінен асып кетпегеніне аса мән беру керек. Және де тамақтанған кезде асты қалай ішу керек екенін мәтіннен білерміз.

«PISA» бағдарламасының «Карусель» стратегиясын қолдана отырып жұмыс жасаймыз
Жұмыс істер алдында сыныпты ІІІ топқа бөлеміз.
(ет тағамдары: қазақша ет, қуырдақ, қазы - қарта, шұжық, бесбармақ
сүт тағамдары: айран, қаймақ, ірімшік, сүзбе, қымыз
нан тағамдары: тоқаш, шелпек, бауырсақ, таба нан, орама нан)
1) Мәтінмен жұмыс істер алдында мынадай тапсырманы орындаймыз.
Берілген синонимдік қатардағы артық сөзді табыңдар, сөз тіркестер құрастырыңдар.
а) ас, тамақ, тағам, дәм, жер
ә) тамақтану, жеу, ауқаттану, дайындау
б) күш, қуат, әл, күрес
в) көбейтеді, арттырады, нығайтады, көмектеседі
2) Мәтін бойынша тапсырмаларды орындау 84 бет №5( оқушыларға ватман, түрлі түсті маркер беріледі. Жауаптарын жазбаша немесе сурет арқылы береді)
І - топ - 1. Адамның денсаулығы неге байланысты?
ІІ - топ - 1. Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?
ІІІ - топ - 1. Тамақ ішер алдында қандай гигиенаны сақтауымыз керек?

3) Қазақ халқында асқа байланысты қандай мақал бар?
Балалар дұрыс тамақтану денсаулықтың жақсы болуына әсер етеді..
3) Жалпы тапсырма
Сөзге «тамақты» - фонологиялық талдау жасау
Біз үлкен үзілісте асханада тамақтанамыз - синтаксистік талдау
жасау.
IV. Көрініс
Балалар, көріністі тамашалай отырып, әр топ берілген тапсырманы орындайды.
1. Дастархан басында сақталатын тыйымдар
2. Дастархан басындағы дәстүрлер.
3. Ас ішу тәртібі.
КӨРІНІС
Сәлемдеме
Қолында қоржыны бар бала «Алакөл» ауылына келеді. Алдынан шыққан қартпен сәлемдеседі.

Бала: Ассалаумағалейкүм, ата!
Ата: Әлейкумассалам, балам, бар бол! Жол болсын!
Бала: Рақмет, ата! Осы ауылда Досбол қарттың үйін іздеп жүр едім
Ата: Сол Досбол мен боламын.
Бала: Жолым болады екен. Алматыдан келе жатырмын. Сіздің ұлыңызбен келініңіз сәлемдеме беріп еді. Қабыл алыңыз.
Ата: Айналайындар - ай, амандығын білдіргені ғой. Алыстағы туыстың сәлемдемесін тапсырып тұрған сенікі де үлкен азаматтық!
Жоғары шық, қонағым бол!
Бала: Жоқ, ата. Асығыс едім.
Ата: Қазақта дәм татымай шықпайды. Бәйбіше, шайыңды жаса, қымыз әкел, бауырсағың қайда
Бала: Рақмет. Осыған қанағат. Бәрі дәмді екен.
Ата, «Аманатқа қиянат қылма» деген. Мойныма борыш етпей, аман жеткізгеніме қуанып тұрмын. Сау болыңыз!

V. Интернетте жұмыс істеу.
Осы тақырыпқа байланысты материал іздеу
1. Дастархан басында сақталатын тыйымдар
2. Дастархан басындағы дәстүрлер.
3. Ас ішу тәртібі.

Дастарқан басында сақталатын ырым - тыйымдар
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек
3. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды.
4. Дәмді табақтың ортасынан алма, өз алдыңнан алып же.
5. Тамақ үстінен аттамайды
Дастарқан басындағы дәстүрлер
1. Үйге келген адамдарға дәм таттырмай шығармайды / ауыз тиіңіз
2. Төрге шығыңыз / төрлетіңіз / жоғарлатыңыз.
3. Шай ішіңіз, дастарқанға келіңіз.
4. Дастарқан басында адамдар жасына қарай отырады.
5. Астан кейін дастарқан басындағы ең үлкен, құрметті адам асқа бата береді
Ас ішу тәртібі
1. Қол жумай, асты ішпейді.
2. Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді
3. Дастарқан басында әдепсіз сөйлемейді
4Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек
5. Тамақ ішіп отырып, кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.
Мақал - мәтелдер
1. Ас атасы нан, нан атасы – дән
2. Ет етке, сорпа бетке
3. Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы
4. Ас қадірін тоқ білмейді
5Ас - адамның арқауы
V. Үй жұмысы 84 бетте ІІ деңгей №1 тапсырма
VI. Біз сіздермен сабақ бойы ұлттық тағамдар, ұлттық дәстүрлер, ырым - тыйымдар туралы сөйлестік. Қазақтардың үйінде той болса, ол тойда алдымен дастарқан жайылады. Енді сіздер дастарқанға қойылатын тағамдарды айтыңыз.
Қазақ дастарқаны - СУРЕТ.
Той әнсіз өтпеген, ән шашуымызды қабыл алыңыз «Жаса - Қазақстан» ән орындалады
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×