Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Нұрлы жол тіл сайысы

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, шығармашылыққа баулу, ойлау қабілеттерін арттыру,
ә) өз тілімізді жандандыруға, ойларын толық жеткізуге, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру;
б) адамгершілікке, имандылыққа, салт - дәстүрді сақтауға баулу.
Көрнекілік: слайдтар, кеспе қағаздар, шарлар мен қанатты сөздер.
Сабақ барысы:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Нұрлы жол» тіл сайысына хош келдіңіздер.
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Білгірлері 7 В, 7 Г сыныптары шығады.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болайық. (келген мұғалімдермен таныстыру)
1слайд Екі топтың ішінен қайсысы сайысты бірінші бастайтындығын анықтау үшін, берілген мақал - мәтелдердің жалғасын табу арқылы белгілеу.
1. Мектеп - білім ордасы,..... (Ұстаз - мектеп тұлғасы)
2. Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,...... ( Еменнің иілгені - сынғаны)
2 слайд
1 кезең. Топтың өздерін таныстыруы (сәлемдесу, ұран, төсбелгі, өлең)
3 слайд
2 кезең. «Қазақ тілі» деген жазудың әр әрпін әр топ таңдап алады. Әр әріптің ар жағында тақырыптар берілген. Әр тақырыпқа үш сұрақ берілген.
Қ. Қазақ тілі
1. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
2. « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» - деп Ата Заңның нешінші бабында жазылған?(4 бабында)
3. Қазақ тілінде неше жалғау бар?( төртеу; көптік, септік, тәуелдік, жіктік)
А. Қазақ әдебиеті.
1. Абай Құнанбаевтың өлеңін жатқа айт.
2. «Тарланым» кімнің өлеңі?
3. 5 дос пен 5 дұшпанды ата.
З. Қазақстан тарихы.
1. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)
2. Қазақстанның астаналарын ата ( Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
3. Әнұранның авторларын ата.(Ж. Нәжмиденов, Н. Назарбаев)
А. География
1. Қазақстанның ең биік тауы (Хан тәңірі 6646)
2. Ең үлкен көл ( Каспий көлі)
3. Қазақстанда неше облыс бар?(14)
Қ. Халық ауыз әдебиеті
1. Ертегілер қалай бөлінеді?( қиял ғажайып, жануарлар туралы, тұрмыс - салт)
2. Жаңылтпаш айт.
3. Лиро - эпостық жырларды ата.
Т. Салт - дәстүр
1. Жеті қазынаны ата.(Ер жігіт, жүйрік ат, құмай тазы, берен мылтық, қыран бүркіт, ақыл, білім, сұлу әйел)
2. Тыйым сөздер айт.
3. Қазақша жыл қайыру кестесі(тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)
І. Қасиетті сан.
1. Қазақ халқының қасиетті сандары (3, 7, 9, 40)
2. «Үш бәйтеректі ата. ( Ілияс, Бейімбет, Сәкен.)
3. «Бес арысты» ата. (Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрім)
Л. Сен білесің бе?
1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)
2. Абайдың мұражайы қайда орналасқан? (Жидебайда)
3. Тұңғыш ғарышкер кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3 слайд
4 кезең Сөз тапқанға қолқа жоқ.
1. Ой
Қуаныш сыймады.
Жұбаныш
Сезім
(Қуанышы қойнына сыймады)
2. Дөнен
Жылқы басқандай.
Тай
Құнан
(Тайға таңба басқандай)
3. Ар
Намыс бермеді
Ұят
Ашу
(Намысты қолдан бермеді)
4. Инелік
Маса көрмеді.
Шыбын
Жылан
(Шыбын шаққан құрлы көрмеді)
5. Кірпік
Көз қаққанша
Ауыз
Қас
(Қас қаққанша)
6. Ине
Тебен қазғандай.
Құдық
Су
(Оқу инемен құдық қазғандай)
4 – слайд
5 - кезең. Мықты болсаң тауып көр.
Қазақ тілі 1 - сұрақ.(10) Морфология нені зерттейді? (Сөз құрамын)
2 - сұрақ (20) Көсемшенің жұрнақтарын ата.(а,- е,- й,- ып,- іп,- п,- ғалы,- гелі,- қалы,- келі)
3 - сұрақ (30) Дауыссыз дыбыстың бір - біріне ықпал етуі өзара үндесіп айтылуын не
дейміз? (Дыбыс үндестігі)
4 - сұрақ (40) Өздік есімдігінің түрленуі (Септеледі, жіктеледі)

Салт - дәстүр 1 - сұрақ (10) Үш арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі)
2 - сұрақ (20) Бес парыз (иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, пітір - зекет беру, қажыға бару)
3 – сұрақ (30) Төрт мүшел қай жасқа тура келеді? ( 49 жас)
4 - сұрақ (40) «Талапай» қандай ойын түріне жатады? (асықпен ойналады)
5 - слайд
6 - кезең. Ойлы болсаң озып көр. Топ басшылар сайысы.
І топ 1. «Ау, қызғыш құс» кімнің өлеңі? (Махамбет)
2. Абайдың неше қара сөзі бар? (45+1)
3. Жеті күнді ата. (дүйсенбі, бейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
4. Төрт түлікті ата.(түйе, жылқы, сиыр, қой)
5. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991ж)
6 - слайд
ІІ топ
1. Фонетика қай саланы зерттейтін ғылым? (тіл дыбыстарын)
2. Ат ізін салмау сөз тіркесінің мағынасын аш. (хабарласпау)
3. Төрт маусымды ата.(көктем, жаз, күз, жаз)
4. «Алғадай туралы әрбір ой» кімнің өлеңі? (Жамбыл)
5. Үш жұртты ата.
Сайысты марапаттау
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету